Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Калиев |
2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-3 шешіміне қосымша |
Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс), Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Орал қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – Орал қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi;
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 17.06.2024 № 12-6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
2) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.
6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек ақшалай түрде азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
6) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
7) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
10) жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты, ауруға шалдығуы салдарынан бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғалардан басқаларға;
Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткергендерге бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
11) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 ( бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргiзілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
14) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
17) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда):
басқа мемлекеттердiң аумағындағы бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы әскери ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғалардан басқаларға;
Ауғанстан аумағындағы бір реттік 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
18) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
19) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
20) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
21) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
22) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
23) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
24) 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
25) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, "Ардагерлер туралы" Заңның 4 – 6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
26) бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
27) ұрыс қимылдар кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдар кезеңінде, 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес одағы әскерінің шығарылуы күніне орай бір рет 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
28) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
29) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
30) сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
32) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
33) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір рет 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
34) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.
7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;
2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясы бар балалардың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, табысын есепке алмай, ай сайын;
3) Көру қабілеті нашар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен қант диабетімен ауыратын мүгедектігі бар адамдарға өтініш берген кезден бастап 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, табысын есепке алмай, ай сайын;
4) емделудің амбулаторлық кезеңіндегі қатерлі ісіктің 1, 2, 3 және 4 сатысындағы ауруы бар адамдарға ауруды растайтын анықтамаға сәйкес, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) бар адамдарға анықтамаға сәйкес, "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның анықтамасына сәйкес, дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары бар адамдарға табыстарын есепке алмай, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
5) 18 жасқа дейін мүгедектігі бар балаларға медициналық мекеменің дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысына сәйкес, табыстарын есепке алмай, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
6) Батыс Қазақстан облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 70 (жетпіс) пайызынан төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасына) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;
9) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын нақты шығындар мөлшерінде, санаторийлік-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (абилитация мен оңалту жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген заңнамаға сәйкес, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) бірге алып жүруші адамдарға, олардың санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеуге бір рет.
Жеке көмекшілер, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылатын адамдар, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жұбайы немесе зайыбы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүруші бола алады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 28.02.2024 № 9-10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.06.2024 № 12-6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Орал қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі;
11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
13. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.