Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 14.05.2024 № 14-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бәйтерек ауданы мәслихатының "Бәйтерек ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 2-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6818 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы";
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын";
аталған шешіммен бекітілген қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі";
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Осы Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Бәйтерек ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды";
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды, магистратураны қоса алғандағы күндізгі оқыту нысандарында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарды, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды, өзге тұлғаның күтіп-бағуын қажет ететін сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек етуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды";
13 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат төрағасы | Н. Хайруллин |