Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 79 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасқала ауданының әкімі | Б. Айтмагамбетов |