Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5130 болып тіркелген) және 2022 жылғы 26 мамырдағы № 127 "Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 90 "Теректі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Муханбетжанова |