БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Осы Қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының талаптары отандық тасымалдаушыларға қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарына паромдармен келетін, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына бару үшін;
2) халықаралық автомобильдік жүк тасымалдары саласындағы үкіметаралық келісімдер жасалмаған елдерден/елдерге;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беруді көздейтін Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісімдер жасасқан елдерден/елдерге жүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі