БҰЙЫРАМАЫН:
1. "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолдаманың Үлгілік нысанында:
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдамаларды беру қағидаларында:
бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Репсубликасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Аң аулауға арналған жолдаманың үлгiлік нысаны Типовая форма путевки для осуществления охоты Жолдаманың алдыңғы беті (лицевая сторона путевки)
Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды (действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства) |
Жолдаманың артқы беті (обратная сторона путевки)
Тұяқты жануарлардың түрі мен саны туралы белгі соғу (отметка о виде и количестве копытных животных) | Нақты ауланғаны (фактически добыто) | Күні (дата) | Қорықшының немесе аңшының қолы (подпись егеря или охотника) |
Құстың түрі (вид дичи) | Саны (количество) | ||
Ескерту (примечание):
1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының немесе тұлғаның өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим охотником или физическим лицом);
2. Жолдаманы басқа адамға беруге шығарылмайды (передача путевки другому лицу не производится).
Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына 2-қосымша |
Балық аулауды жүзеге асыруға арналған жолдаманың үлгілік нысаны Типовая форма путевки для осуществления рыболовства Жолдаманың алдыңғы беті (лицевая сторона путевки)
Балық шаруашылығы субъектісіне бекітілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ғана жарамды (действительно только на рыбохозяйственном водоеме и (или) участке, закрепленном за субъектом рыбного хозяйства) ______________________________________________________________ |
Жолдаманың артқы беті (обратная сторона путевки)
№ |
Нақты ауланғаны |
Күнi | Қорықшының немесе жолдама рәсімдеген тұлғаның қолы (подпись егеря или лица, на которого оформлена путевка | |
Аулаған балықтың, басқа су жануарларының түрлерi (выловленные виды рыб, других водных животных) | Саны, килограмм (количество, килограмм) | |||
Ескерту (примечание):
Электрондық нысанда жолдама берілген жағдайда қорықшының немесе жолдама ресімделген адамның қолы талап етілмейді (в случае выдачи путевки в электронной форме подпись егеря или лица, на которого оформлена путевка не требуется).
Жолдаманы басқа тұлғаға беру жүргізілмейді (передача путевки другому лицу не производится).
Бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына 2-қосымша |
Жолдама беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жолдама беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық пен балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық жүйенің әкімшісі – электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асыратын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін тұлға;
2) электрондық жүйе – жолдамаларды электрондық нысанда беруді қамтамасыз ететін жүйе.
3. Электрондық жүйенің әкімшісі электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асырады және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
4. электрондық жүйе мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, қазақ және орыс тілдерінде, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.
5. Электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық жүйенің әкімшісі:
1) берілген жолдамалар бойынша автоматтандырылған есепке алуды, жүйе істен шыққан немесе бүлінген жағдайда ақпараттың сақталуын, қорғалуын, қалпына келтірілуін;
2) балық шаруашылығы субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу, сондай-ақ оларға "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қол жетімділігін;
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың өзге де объектілерімен өзара іс-қимыл жасауын;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сұрау келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша, берілген жолдамалар жөнінде есеп ұсынуды;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті тұлғаларға электрондық жүйеге қол жеткізіп беруді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Жолдама беру тәртібі
6. Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жеке тұлғаларына олардың өтініші бойынша (ауызша немесе жазбаша) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарға бару үшін беріледі.
Жолдама балық шаруашылығы субъектісінің жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде қағаз немесе электрондық нысанда жеке тұлғаларға олардың өтініші бойынша ауызша, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою мақсатында бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.
Жеке тұлға электрондық форматта жолдама алуға өтініш білдірген жағдайда ол бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және оның жеке кабинетіне жіберіледі.
7. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары мен аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті бойынша белгілейді.
8. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден:
1) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерінің Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квотаның болмауы немесе толық игерілуі;
2) Заңның 38-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аңшы (аң аулау үшін) куәлігінің болмауы;
3) Заңның 9-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес қабылданатын жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдаланудың орындары мен мерзімдерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынғанда;
4) Заңның 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бойынша аңшылық алқаптардың өткізу қабілетімен айқындалған аңшылық алқаптарда бір мезгілде аңшылардың барынша шекті саны болған жағдайда бас тартылады.
9. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды қағаз жеткізгіште берген жағдайда оларды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылады.
Балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды электрондық форматта берген жағдайда олар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде тіркеледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы инспектордың жеке кабинетіне жіберіледі.
Бұйрыққа 4-қосымша Жолдама беру ережесіне 1-қосымша Нысан |
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы ______________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
№ | Аңшының, балықшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) | Аңшының, балықшының мекен–жайы | Жолдаманың нөмiрi | Құстың, жануарлардың, балықтың және басқа да су жануарларының түрлерi | Аң аулау, балық аулау мерзiмдерi | Жолдаманы алғаны туралы қолы |
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
аңшылық субъектісінің немесе балық шаруашылығының қолы
Бұйрыққа 5-қосымша Жолдама беру ережесіне 2-қосымша Нысан |
Балық шаруашылы субъектілерімен берілген жолдамалар тізілімі ____________________________________ (су айдының немесе учаскенің атауы)
№ | Жолдама түрі (бір реттік, маусымдық) | Жолдаманың нөмірі | Берілген күні | Балықтардың түрі | Салмағы (килограмм) | Балық аулау мерзiмдерi | Балық аулау құралының түрі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмері | Тұрғылықты жерінің мекенжайы |