ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларда:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін мынадай қарсы міндеттемелер айқындалды:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
"Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:
үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жыл сайынғы негізде өткізілетін өнім көлемін ақшалай мәнде ұлғайту;

2) лизингтік қаржыландыру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;

жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;

3) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдемелер беру:

4) қаржы институттары арқылы кредит беру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
"Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
"Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:
үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жыл сайынғы негізде өткізілетін өнім көлемін ақшалай мәнде ұлғайту;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
6) ішкі нарықта ынталандыру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
7) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
2 (екі) жыл ішінде өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен валюталық түсім кірістерінің көлемін кемінде 10% - ға ұлғайту;
8) өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;
9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;
10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
аумақтық кластерлер қатысушыларының-өнім өндіруші кәсіпорындардың еңбек өнімділігін бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша кемінде 2%-ға арттыру;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша аумақтық кластерлерге қатысушылардың өнім экспортының көлемін кемінде 3% -ға ұлғайтуы;
12) берешекті қайта құрылымдау (қолданыстағы қарсы міндеттемелер болмаған жағдайда қолданылады):
"Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде ақшалай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
13) өнеркәсіптік гранттар беру:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
кәсіпорынның өндіріс көлемін 2 (екі) жыл ішінде 10% -ға ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
2 (екі) жыл ішінде экспорт көлемін 10% - ға ұлғайту.";
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіпті саясат департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіптік және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс бойынша жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі