"Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 33949 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15641 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және оны пайдалану қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасы мынадай болып бөлінеді:

      1) оқу-зертханалық база, ол дәрісхананы (дәріс залын), сыныпты, кабинетті, зертхананы, кітапхананы, оқу залын, курстық және дипломдық жобалау залын, оқытушылар бөлмесін, зертханашылар бөлмесін, ақпараттық (мультимедиялық, интерактивті) және есептеу техникасымен, зертханалық жабдықпен және қондырғымен, техникалық оқыту және бақылау құралымен, жабдықпен және көрнекі құралмен жабдықталған оқу және оқу-қосалқы үй-жайын қамтиды;

      2) далалық оқу-жаттығу базасы (әуеде, теңізде машықтануға арналған база), ол онда орналасқан жауынгерлік даярлық объектісі (кешені) бар және қару-жарақпен, әскери техникамен, байланыс, басқару және бақылау құралымен қамтамасыз етілген полигонды, оқу-жаттығу орталығын, әуеайлақты, лагерьді қамтиды;

      3) спорттық база, ол білім алушылармен оқу-жаттықтыру процесін қамтамасыз етуге арналған спорттық құрылысты және дене шынықтыру дайындығы мен спорттық-бұқаралық жұмысты өткізуге арналған орынды қамтиды;

      4) тренажерлік база, ол тренажерлік, оқу-жаттығу қару-жарағымен және әскери техникамен жарақталған оқу-жаттықтыру, пайдалану кешенін, жүйесін, оқу-жаттығу командалық пунктін, оқу-жаттығу басқару пунктін қамтиды;

      5) жалпыәскери даярлыққа арналған база, ол жалпыәскери даярлық бойынша саптық плацты, қарауылдық кешенді (қалашықты), тирді және жалпыәскери даярлық объектісін қамтиды;

      6) әскери техника, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жарақталатын жауынгерлік машинаны, аспапты, техникалық құралды қамтиды;

      7) қару-жарақ, ол әртүрлі қару, оқ-дәрі түрінің кешенін, оны жеткізгішті және қолданылуын қамтамасыз ететін құралды қамтиды;

      8) ақпараттық қамтамасыз ету құралдары, ол электрондық басылымды, компьютерлік бағдарламаны, цифрлық білім беру ресурсын, кино, фото, бейнематериалды қоса алғанда, оқулықты, оқу-әдістемелік материалды, ғылыми және анықтамалық әдебиетті, қағидаларды, тәлімдемелерді, нұсқауларды, оқ ату және жүргізу курсын, ақпараттық стенділер мен плакаттарды, нормативтік құжаттарды қамтиды;

      9) оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету объектісі, ол оқу-жаттығу-өндірістік шеберхананы, баспахананы (редакциялық-баспа немесе көшіру-көбейту орталығын, қойманы, ғылыми-зерттеу зертханасын, есептеу орталығын) қамтиды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 411 "Об утверждении Правил организации и использования учебно-материальной базы военных учебных заведений и военных кафедр"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 29 января 2024 года № 65. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 января 2024 года № 33949

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 411 "Об утверждении Правил организации и использования учебно-материальной базы военных учебных заведений и военных кафедр" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15641) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 26-20) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах организации и использования учебно-материальной базы военных учебных заведений и военных кафедр, утвержденных указанным приказом:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила организации и использования учебно-материальной базы военных учебных заведений и военных кафедр (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" и определяют порядок организации и использования учебно-материальной базы военных учебных заведений и военных кафедр.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Учебно-материальная база военных учебных заведений и военных кафедр подразделяется на:

      1) учебно-лабораторную базу, которая включает: аудитории (лекционные залы), классы, кабинеты, лаборатории, библиотеки, читальные залы, залы для курсового и дипломного проектирования, преподавательские комнаты, лаборантские, эксплуатационные комплексы и системы, подлежащие изучению (освоению) или используемые в процессе обучения, учебные и учебно-вспомогательные помещения, оснащенные средствами информационной (мультимедийной, интерактивной) и вычислительной техникой, лабораторным оборудованием и установками, техническими средствами обучения и контроля оборудованием и наглядными пособиями;

      2) полевую учебную базу (базу для воздушной, морской выучки), которая включает: полигоны, учебные центры, аэродромы, лагеря с размещенными на них объектами (комплексами) боевой подготовки и обеспеченные вооружением, военной техникой, средствами связи, управления и контроля;

      3) спортивную базу которая включает: спортивные сооружения, предназначенные для обеспечения учебно-тренировочного процесса и мест для проведения физической подготовки и спортивно-массовой работы с обучающимися;

      4) тренажерную базу, которая включает: учебно-тренировочные, эксплуатационные комплексы, системы, учебные командные пункты, учебные пункты управления, оснащенные тренажерным, учебным вооружением и военной техникой;

      5) базу для общевоенной подготовки, которая включает: строевые плацы, караульные комплексы (городки), тиры и объекты по общевоенной подготовке;

      6) военной техники, которая включает: боевые машины, приборы технические средства, которыми оснащаются Вооруженные Силы, войска и воинские формирования Республики Казахстан;

      7) вооружение, которая включает: комплекс различных видов оружия, боеприпасов, их носители и средства, обеспечивающие их применение;

      8) средства информационного обеспечения, которая включает: учебники, учебно-методические материалы, научная и справочная литература, правила, наставления, руководства, курсы стрельб и вождения, информационные стенды и плакаты, нормативные документы, включая электронные издания, компьютерные программы, цифровые образовательные ресурсы, кино, фото, видеоматериалы;

      9) объекты обеспечения учебно-воспитательного процесса, которая включает: учебно-производственные мастерские, типографии (редакционно-издательские или копировально-множительные центры, склады, научно-исследовательские лаборатории, вычислительные центры).".

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны Республики Казахстан Р. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан