Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20820 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
Көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарату комиссиясы құрылған кезде мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган:
1) мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына немесе мүшесіне тағайындау үшін құжаттар ұсынған және осы қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін, тестілеуден оң нәтижелер алған, Қағидаларға сәйкес әңгімелесуден өткен кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат);
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым қызметкерлерінің;
4) уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындайды.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 69-бабының 1-1-тармағында айқындалған тұлғалар арасынан тағайындайды.
Уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері Талаптарға мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы қызметінің бүкіл кезеңі ішінде сәйкес келеді.
3. Сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі – кепілдік беру ұйымы) кепілдік беру ұйымның қолдаухаты негізінде таратылған жағдайда:
1) бос жұмыс орнына кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау кезінде);
2) уәкілетті органның қызметкерлері және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерлері Қағидалардың 24-тармағының 2), 2-1), 3), 6), 8), 9) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған және (немесе) уәкілетті органның басқа қызметкерлеріне және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерлеріне ауыстыру арқылы уәкілетті органның қызметкерлерін және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерлерін босату қажет болған жағдайда;
3) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының істерін аяқтау жөніндегі жұмысты жалғастыру үшін осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының негізгі міндеттері мен функцияларын тарату комиссиясының орындауын жедел жалғастыруды қамтамасыз ету қажет болған жағдайда,
мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері қатарынан тағайындалады.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін мынадай жағдайларда:
1) тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі уәкілетті органға өзінің кандидатурасын тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі қызметіне қарау кезінде қасақана жалған ақпаратты немесе құжаттарды ұсынғанда;
2) өз міндеттерін орындамағанда және (немесе) тиісінше орындамағанда;
2-1) тарату комиссиясы белгіленген мерзімде уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағанда;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, еңбек, банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарды бұзғанда;
4) уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындау туралы шешім шығарғанда;
5) тарату комиссиясы тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен еңбек шартын және (немесе) өзге азаматтық-құқықтық шартты тоқтатқанда (бұзғанда);
6) лауазымдық міндеттерін қайта бөлуге немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі лауазымын атқаратын қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және мүшесі лауазымынан өз қызметкерлерін босату туралы атқаратын лауазымынан босатылатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ұсынылған кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхаты болғанда;
7) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты тарату комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы уәкілетті орган шешім шығарғанда немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының өтінішхаты болғанда;
8) уәкілетті органның қызметкерін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының құрамынан шығарудың қызметтік қажеттілігі (лауазымдық міндеттерін қайта бөлу) болғанда;
9) тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің лауазымын атқаратын уәкілетті органның қызметкерімен еңбек шартын бұзғанда;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғанда;
11) тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымның алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік өтемінің сомасы бойынша берешегін өтеген жағдайда босатады.
25. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы шешімді жауапты бөлімше дайындаған мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі жөніндегі қорытынды, уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделетін уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
Уәкілетті органның қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы бұйрығында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауы, Қағидалардың 24-тармағында көзделген тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату негіздемесі көрсетіледі.
Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін Қағидалардың 24-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша босатқан кезде уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы жасалмайды. Шешім уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі Қағидалардың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін лауазымынан босату туралы уәкілетті органның біліктілік комиссиясы төрағасының атына дайындаған қорытынды негізінде қабылданады және уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшының орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделеді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп таратылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалатын кандидатқа (бұдан әрі – кандидат), депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкеріне мынадай талаптар қойылады:
1) жоғары экономикалық немесе заң білімінің немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімінің болуы;
2) қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, атқарушылық іс жүргізу туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын білуі;
3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 15), 16), 17), 18) және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;
4) өзге қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарды бұзу фактілерінің болмауы;
5) өзге қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу кезінде міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы
6) жекелеген кредиторлардың не жекелеген кредиторларға артықшылықтар беретіндердің (бұрын өзге қаржы ұйымдары мен заңды тұлғалардың тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған тұлға үшін) мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауы;
7) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лауазымды адамын қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не борышкерінің немесе кредиторының лауазымды адамы болып табылмауы;
8) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (акционері) болып табылмауы;
9) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылмауы;
10) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып табылмауы;
11) өзге лауазымға орналасуына байланысты шектеу қойылмау;
12) өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысы (басқарма төрағасы), атқарушы органның немесе басқару органының бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болмауы. Көрсетілген талап өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.
Талаптардың 2-тармағының 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген талаптар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі лауазымына тағайындаған кезде қолданылмайды.
Банктің тарату комиссиясының төрағасы лауазымына үміткер кандидаттарға қосымша мынадай талаптар қойылады:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында және (немесе) қаржылық қызметтер ұсыну саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеу саласында және (немесе) оңалту және банкроттық саласында 3 (үш) жылдан астам үздіксіз жұмыс өтілінің болуы;
2) кандидатты ол тағайындалған күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тарту не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану фактілерінің болмауы;
3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының немесе екінші деңгейдегі банкте жұмыс істеу және (немесе) екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы.".
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |