БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21361 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына:
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және мәлімделген және (немесе) сабақтас салаларда технологиялық бизнесті жүргізу, бизнесте жаңа ғылыми және техникалық білімді қолдану тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) жыл және өтінім беру күніне соңғы 3 (үш) жылда салық бойынша аударымдарының үдемелi қорытындысы бар;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидасындағы 1-қосымшада:
Экономика салаларында және қоғамның тіршілік әрекетінде қолданылатын жоғары өнімді технологиялар" бөлімінде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Әлеуметтік инновациялар.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі