ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 28.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Кодекстің 126 - бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою (бұдан әрі – жою):
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде);
3) Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің барлығы қайтарылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.".
2. "Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17042 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережеде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Кодекстің 113-бабына сәйкес бағалау жөніндегі жұмыстарды, теңіздегі барлау жұмыстарын, жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін барлау жұмыстарының жобалары, оларға өзгерістер мен толықтырулар;
2) сынамалап пайдалану жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
3) көмірсутектер кен орнын игеру жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар;
4) Кодекстің 142-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, көмірсутектер кен орындарын әзірлеуге талдаулар ұсынылады.".
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2024 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
А. Жамауов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі