"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық қамтамасыз ету қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 48/қе бұйрығымен бекітілген |
Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша пайдалануға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарт – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде жасалған шарт;
2) несие беруші – олардың мүдделері үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде шарттар жасалған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының республикалық мемлекеттік мекемелері;
3) несие алушы – жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
3. Несие берушінің ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті (бұдан әрі - мүліктер) өтеусіз уақытша пайдалануға беру жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4. Несие алушыға уақытша пайдалануға берілетін мүліктердің тізбесін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарт жасалғаннан кейін несие беруші жасайды.
2-тарау. Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша пайдалануға беру тәртібі
5. Мүліктерді өтеусіз уақытша беру үшін несие беруші мен несие алушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жасалған шарттың мерзімі шегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз пайдалану туралы шарт (бұдан әрі –өтеусіз пайдалану туралы шарт) жасасады.
6. Несие беруші несие алушымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шартты тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеусіз пайдалану туралы шарт жасасады.
7. Өтеусіз пайдалану туралы шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде несие беруші мен несие алушының арасында Қағидаларға қосымшаға сәйкес мүліктерді қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді.
8. Қабылдау-тапсыру актісі екі данада, несие берушіге және несие алушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және несие беруші мен несие алушы қол қояды.
9. Өтеусіз пайдалану шартында берілген мүлікті несие алушының дұрыс пайдалануын бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыратын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы көрсетіледі.
Ғимараттарды, асхана үй- жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларына қосымша |
Қабылдау-тапсыру актісі
_________қаласы | 20___жылғы "___" _________ |
Бір тараптан Жарғының негізінде әрекет етуші
_____________________________________________________________ атынан
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Несие беруші _______________________________________________________
(несие берушінің атауы)
және ___________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаттарының атауы және тіркелген күні)
_____________________________________________________________ атынан
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Несие алушы
___________________________________________________________________
(несие алушының атауы)
мынадай мекенжайда орналасқан:
___________________________________________________________________
жалпы ауданы ______________________________________________________
объектіні 20___жылғы "___" ______ №____ мүлікті өтеусіз пайдалану шартына
сәйкес қабылдау-тапсыру жүргізді.
1. Объектінің сипаттамасы:
___________________________________________________________________
2. Анықталған ақаулар тізбесі бар берілетін объектінің және ондағы мүліктің
техникалық жай-күйі (егер бар болса):
___________________________________________________________________
3. Коммуникациялардың болуы _______________________________________
(сумен жабдықтау, кәріз, жылу энергиясымен
___________________________________________________________________
және газбен қамту бар-жоғын көрсетіңіз)
4. Есептеу аспаптарының көрсеткіштері (су-кәріз және электр энергиясы):
___________________________________________________________________
5. Осы Акт екі (2) данада жасалды, несие беруші және несие алушы үшін бір-бір данадан.
Несие беруші: ____________________ |
Несие алушы: ____________________ |