Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34089 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабының 1)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 144-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
К. Умаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-1-4/71 Бұйрыққа
қосымша

Қазақтан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері

Консулдық iс-әрекеттердiң атауы

Консулдақ алымның мөлшерлемелері

1.

Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін өңдеу және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауларды жолдау

бір мәрте келу - кету

айлық есептік көрсеткіштің 20%-ы

екі немесе одан да көп келу - кету

айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы

2.

Құжаттарды заңдастыру (әрбiр құжат үшін)

айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы


Об утверждении ставок консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 28 февраля 2024 года № 11-1-4/71. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 марта 2024 года № 34089

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 627 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 144-1) пункта 15 Положения о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить ставки консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
К. Умаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной эканомики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 28 февраля 2024 года
№ 11-1-4/71

Ставки консульского сбора, взимаемого на территории Республики Казахстан

Наименование консульских действий

Ставки консульского сбора

1.

Проработка обращений граждан и юридических лиц Республики Казахстан, а также иностранцев и лиц без гражданства, иностранных юридических лиц о выдаче виз и направление указания загранучреждениям Республики Казахстан о выдаче виз (визовой поддержке)

однократный въезд-выезд

20% от месячного расчетного показателя

двукратный или более въезд-выезд

50% от месячного расчетного показателя

2.

Легализация документов (за каждый документ)

50% от месячного расчетного показателя