"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 78 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 190 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 наурызда № 34112 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бірлескен бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЖМБМК АЖ арқылы жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мынадай функциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      1) ЖАО-дан ЖМБМК АЖ-ға келіп түскен деректер, жоспарланған құрылысжайлардың жобалау-сметалық құжаттамасы негізінде жер учаскесіне және оның жылжымайтын мүлік объектілеріне арналған электрондық істі, бар болған жағдайда, іздеу және қарау және құжатты кейіннен Істердің электрондық мұрағатына беру;

      2) сәйкестендіру сипаттамаларын айқындай отырып және объектіні картада (мекенжайы және/немесе кадастрлық нөмірі бойынша) байланыстыра отырып, жер учаскесінің есепке алу карточкасын іздеу және қарау;

      3) жер-кадастрлық жоспардың электрондық құжатын, объектіні сипаттайтын атрибуттары бар кадастрлық паспортты іздеу және қарау;

      4) өтініш берушілердің деректері, техникалық түгендеу және мемлекеттік техникалық тексеру бойынша жүргізілген жұмыстар, ЖАО және жер қатынастары және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдардың деректері негізінде жер учаскесі және онымен байланысты жылжымайтын мүлік объектілері бойынша қажетті атрибуттық ақпараттың тарихын сақтау және көрсету (оның ішінде автоматты түрде);

      5) құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу жөніндегі іс-қимылдар негізінде жер учаскесіне немесе жылжымайтын мүлік объектісіне құқық объектісін жүргізу, деректерді жаңарту (оның ішінде автоматты түрде);

      6) өтініштер мен жасалған өзгерістерді жер учаскесімен және онымен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерімен байланыстыру;

      7) кадастрлық нөмірлерді, МТК-ны, мекенжайларды және басқа да атрибуттық ақпаратты беру, өзгерту тарихын жүргізу;

      8) кадастрлық құжаттарды пайдалану тарихын қадағалау;

      9) құқықтардың, ауыртпалықтардың және заңды талаптардың өзгеру тарихын қадағалау;

      10) құқық белгілейтін құжаттар мен ЖАО шешімдерін есепке алу;

      11) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру;

      12) сапалы жай-күйі туралы мәліметтерді ұсыну;

      13) жер учаскесінің бағалау құнының мәліметтерін беру;

      14) жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру;

      15) жер учаскесіне кадастрлық ақпаратты ұсыну.

      Есепке алу объектілері мен құжаттар туралы мәліметтер "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес құжаттардың әрбір түрі немесе тобы үшін айқындалған уақыт ішінде дерекқорда сақталуға тиіс.

      ЖМБМК АЖ-да мұрағаттық деректерді қалпына келтіру мүмкіндігі іске асырылуға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және әділет вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев
     
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2023 года № 303 и исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 21 августа 2023 года № 602 "Об утверждении Правил ведения и пользования информационной системой "Единый государственный кадастр недвижимости"

Совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2024 года № 78 и Министра юстиции Республики Казахстан от 1 марта 2024 года № 190. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 марта 2024 года № 34112

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в совместный приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2023 года № 303 и исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 21 августа 2023 года № 602 "Об утверждении Правил ведения и пользования информационной системой "Единый государственный кадастр недвижимости" (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33322) следующие изменения:

      в Правилах ведения и пользования информационной системой "Единый государственный кадастр недвижимости", утвержденных настоящим совместным приказом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Посредством ИС ЕГКН по земельным участкам и объектам недвижимого имущества обеспечивается выполнение следующих функций:

      1) поиск и просмотр электронного дела на земельный участок и его объекты недвижимости, в случае наличия, на основании поступивших в ИС ЕГКН данных от МИО, проектно-сметной документации планируемых сооружений, и последующая передача документа в Электронный архив дел;

      2) поиск и просмотр учетной карточки земельного участка с определением идентификационных характеристик и привязкой объекта на карте (по адресу и/или кадастровому номеру);

      3) поиск и просмотр электронного документа земельно-кадастрового плана, кадастрового паспорта с описывающими объект атрибутами;

      4) хранение и отображение истории (в том числе автоматическое) необходимой атрибутивной информации по земельному участку и связанных с ним объектами недвижимого имущества, на основании данных заявителей, проведенных работ по технической инвентаризации и государственному техническому обследованию, данных МИО и уполномоченных органов в сфере земельных отношений и градостроения;

      5) ведение объекта права на земельный участок или объект недвижимости, обновления данных (в том числе автоматическое) на основании действий по регистрации прав и обременений;

      6) привязка заявлений и совершенных изменений с земельным участком и связанных с ним объектами недвижимости;

      7) ведение истории присвоения, изменения кадастровых номеров, РКА, адресов и прочей атрибутивной информации;

      8) отслеживание истории использования кадастровых документов;

      9) отслеживание истории изменений прав, обременений и юридических притязаний;

      10) учет правоустанавливающих документов и решений МИО;

      11) предоставление информации об изготовлении идентификационного документа на земельный участок;

      12) предоставление сведений о качественном состоянии;

      13) предоставление сведений оценочной стоимости земельного участка;

      14) представление информации о принадлежности земельного участка;

      15) представление кадастровой информации на земельный участок.

      Сведения об объектах учета и документах подлежат хранению в базе данных в течение времени, определенного для каждого вида или группы документов в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 сентября 2017 года № 263 "Об утверждении Перечня типовых документов, образующихся в деятельности государственных и негосударственных организаций, с указанием срока хранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15997) и приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33339).

      В ИС ЕГКН должна быть реализована возможность восстановления архивных данных.".

      2. Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих вице-министров сельского хозяйства и юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
__________ А. Ескараев
      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
__________ А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан