БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18405 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) кинематографиялық қызмет субъектiсi – қызметiнiң негiзгi түрлерi: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;
2) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);
3) конкурстық өтінім – осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен материалдарды қоса берілетін кинематографиялық қызмет субъектілерінің өтініші;
4) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес киножобаларды қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдауды алуға өтінім берген кинематографиялық қызмет субъектісі;
5) питчинг - Сараптама кеңесі үшін киножобаларды ашық қорғау;
6) Сараптама кеңесі – шығармашыл қызметкерлер, мəдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан құрылған киножобаларды қарау жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
7) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Заңның 13-бабына сәйкес ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор;
9) iске асырылған жобалар – бұл шығаруды немесе бірлесіп шығаруды өтініш беруші немесе продюсер жүзеге асырған кинематография саласындағы өтініш берушінің немесе продюсердің жобалары.
2-тарау. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу тәртібі
3. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларға, оның iшiнде қызметiнiң негiзгi нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемiнде отыз бес пайызы мөлшерінде мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 5 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарын, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын ескере отырып, алдағы конкурсқа ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу үшін (бұдан әрі – конкурстық іріктеу) басым тақырыптарды қалыптастырады, бекітеді және Орталыққа жібереді.
4. Орталық басым тақырыптарды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында алдағы конкурстық іріктеуге басым тақырыптарды орналастырады.
5. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар екі кезеңде қаралады.
Бірінші кезеңде – киножобалардың сценарийлерін (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарларын (деректі және хроникалы фильмдер үшін) қарау.
Екінші кезеңде – киножобаларды қарау.
6. Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі:
1) Орталықтың интернет-ресурсында киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды жариялаудан;
2) киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарау туралы өтінішті қабылдаудан;
3) киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қараудан тұрады.
7. Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын дайындау мерзімі басым тақырыптарды Орталықтың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң Орталық өзінің интернет-ресурсында киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жобаларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру оны өткізу мерзімдері, кезеңдері, конкурстық іріктеудің негізгі шарттары туралы мәліметтерді қамтиды.
9. Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін өтініш берушілер киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Орталыққа электронды түрде:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарауға өтінішті;
2) ойын фильміне PDF форматындағы сценарийді, анимациялық фильмге PDF форматындағы сценарийді және 2 (екі) бас кейіпкердің эскизін, деректі және хроникалы фильмдерге арналған сценарий жоспарын;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесімен авторлық шартты және (немесе) өтініш беруші және сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты енгізеді.
Өтініш беруші фильмнің әрбір түрі бойынша 2 (екі) аспайтын сценарийді ұсынады: ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі және хроникалы фильмдер.
Ойын және анимациялық фильмдердің сценарийі Орталыққа киножобаны беру жоспарланған тілде ұсынылады.
10. Орталық осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильмдердің түрлері бойынша секцияларда қарайды: көркем фильм, анимациялық фильм, деректі және хроникалы фильмдер.
11. Сараптама кеңесі киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) басым тақырыптарға;
2) киножобаның сценарийінің немесе сценарий жоспарының тұжырымдамаларына;
3) сюжеттің құрылымына;
4) драматургия қағидаттарына;
5) киножобаның сценарийінің немесе сценарий жоспарының техникалық пысықталуына;
6) кейіпкерлердің бейнесі мен мінездерінің және диалогтардың ашылу сәйкестігіне қарайды.
Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы уәжді негіздемелері көрсетіле отырып, киножобалардың сценарийлері немесе сценарий жоспарларын қарау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хаттамамен ресімделеді.
Орталық өтініште көрсетілген электрондық пошта арқылы 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініш берушілерді қарау нәтижелері және конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабардар етеді.
12. Конкурстық іріктеудің екінші кезеңі:
1) Сараптама кеңесінің конкурстық өтінімдерді қабылдауынан және қарауынан;
2) питчингтің нәтижелері бойынша Сараптама кеңесінің қорытындысын енгізуден;
3) Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) Сараптама кеңесінің қорытындысын қарауынан және киножобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдауынан тұрады.
13. Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі бойынша оң қорытынды алған өтініш берушілер хабарламаны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың электрондық поштасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және жеке тұлға үшін жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаны немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) киножоба;
4) киножобаның аннотациясы;
5) фильмнің түсірілім тобының (продюсер, қоюшы режиссерлер) құрамымен жасалған шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;
6) салық төлеушінің кабинетінен өтініш берушінің экономикалық қызметінің негізгі түрінің деректері бар үзінді көшірмесі;
7) кинематографиялық қызметтің шетелдік немесе қазақстандық субъектілерімен бірлесіп шығарылатын киножобалар үшін конкурстық өтінім беру күніне барлық қосымша келісімдермен бірге киножобаны шығаруға әрбір тең продюсердің қатысу үлесін міндетті түрде көрсете отырып, фильмді бірлесіп шығару туралы алдын ала жасалған шарт немесе келісімшарт, сондай-ақ шығарудың қаржылық жоспары қосымша ұсынылады;
8) "Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18697 болып тіркелген) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларына сәйкес киножобаны шығаруға арналған смета;
9) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін кинематография саласында өтініш беруші немесе продюсер іске асырған жобалардың бар екені туралы мәліметтер;
10) конкурстық өтінімді беру күніне дейін 3 (үш) жұмыс күннен аспайтын салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.
Осы Қағидалардың 13-тармағы 9) тармақшасының талаптары дебюттік фильмдерге қолданылмайды.
14. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш берушілер:
1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы керек (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).
15. Орталық конкурстық өтінімдерді қабылдайды және осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігіне қарайды.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдер өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Орталық өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық поштасына конкурстық өтінімді осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Өтініш беруші пысықталған конкурстық өтінімді және құжаттардың тізбесін хабарламаға сәйкес оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Конкурстық өтінім хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін осы Қағидалардың 13-тармағына қайта сәйкес келмеген жағдайда, Орталық конкурстық өтінімді өтініш берушіге қайтарады.
Орталық осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.
16. Орталық конкурстық өтінімдерді Сараптама кеңесіне жібергеннен кейін питчинг өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық өтінімдері осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келетін өтініш берушілерге өтініште көрсетілген байланыс телефондарының нөмірлеріне қоңырау шалу және (немесе) электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы питчингтің өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлайды, сондай-ақ тиісті хабарландыруды Орталықтың интернет-ресурсында орналастырады.
17. Питчинг ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және Орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляциялар режимінде өтеді.
18. Питчингте Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі нысанасында киножобалармен танысу және қарау мақсатында оларды қорғау жүзеге асырылады.
Питчингтің қорытындысы бойынша Сараптама кеңесі олардың Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген негіздерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы негіздей отырып, әрбір киножоба бойынша тиісті қорытынды шығарады. Питчингтің қорытындысы хаттамамен ресімделеді және оған оның мүшелері қол қояды.
Питчингтің нәтижелері питчинг хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Орталықтың интернет-ресурсында орналастырылады.
19. Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
Ведомствоаралық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Ведомствоаралық комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады. Егер отырысқа Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысы Сараптама кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған оның мүшелері қол қояды.
20. Орталық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға Ведомствоаралық комиссияның ұсынымын енгізеді.
21. Жаңа киножобаларға қосымша бюджет қаражаты бөлінген жағдайда, Орталық 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша конкурстық іріктеу жариялайды.
Киножобалардың сценарийлерін немесе сценарий жоспарларын қарауға өтініш
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
(атауы)
сценарийін (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарын
(деректі және хроникалы фильмдер үшін) қарауды сұраймын.
Фильмнің түрі: _________________________________________________
"Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18406 болып тіркелген) сәйкес фильмнің санаты ("әлеуметтік маңызы бар фильмдер", "дебюттік фильмдер", "оқиғалы фильмдер") ____________________
Басым тақырып: _________________________________________________
Кинокомпания/киножобаның авторы: _______________________________
Продюсері (лері): ________________________________________________
Сценарийдің авторы (лары): _______________________________________
Өтініш берушінің деректемелері
_______________________________________________________________
(заңды мекенжайы, пошта индексі, электрондық поштасы, телефондары)
_______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі).
______________________________________ осы өтінішке қол қоя отырып,
(өтініш берушінің атауы)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініште көрсетілген дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін береді, сондай-ақ өтініш берген кезде өтініште көрсетілген барлық жеке тұлғалардан олардың жеке деректерін жинауға, өңдеуге немесе оларды "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-қа беруге келісімін алғанына кепілдік береді.
Өтініш беру күні: __________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
Қолы _____________
Мөр орны (бар болса)
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеуге қатысуға өтініш
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу мақсатында
_______________________________________________________________
(киножобаның атауы)
киножобасын қарауды сұраймын.
Фильмнің түрі: __________________________________________________
"Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18406 болып тіркелген) сәйкес фильмнің санаты ("әлеуметтік маңызы бар фильмдер", "дебюттік фильмдер", "оқиғалы фильмдер") ____________________
Басым тақырып: _______________________________________________
Кинокомпания/киножобаның авторы: _______________________________
Продюсері (лері): ________________________________________________
Қоюшы режиссері (лері): __________________________________________
Сценарийдің авторы (лары): ______________________________________
Киножобаны іске асыру мерзімдері
Кезең | Дайындық кезеңі | Түсірілім кезеңі | Монтаждау-әрлеу кезеңі | Дистрибуция* | |
Бастапқы кезең | Аяқталу кезеңі | ||||
Бастап | |||||
Дейін |
* Фильмді дистрибуциялау бойынша барлық жұмыстарды өтініш беруші бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырады.
Шығару
Формат | |
Хронометраж, минут | |
Түсірілім орындары | |
Түсірілім күндерінің саны |
Маркетинг және сату
Фильмнің жас сыныптамасы | |
Көрсетілім түрлері (кинотеатр, стриминг, телевидение, фестиваль) | |
Аудиторияны қамту (көрермендер саны) | |
Болжамды кірістер |
Шығаруды қаржыландыру көздері
Қаржыландыру | Сомасы, теңге | Ұйым |
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан сұратылатын сома | ||
Продюсердің меншікті қаражаты | ||
Өтеусіз тартылған қаражат | ||
Кредит/қарыз қаражаты | ||
Қайтарылатын тартылған қаражат | ||
Осы киножобаға бұрын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен алынған мемлекеттік қолдау | ||
Жиыны |
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу Қағидаларының 13-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар мен материалдардың тізбесі:
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері
_____________________________________________________________
(заңды мекенжайы, пошта индексі, электрондық поштасы, телефондары)
______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі).
_____________________________________ осы өтінішке қол қоя отырып,
(өтініш берушінің атауы)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініште көрсетілген дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін береді, сондай-ақ өтініш берген кезде өтініште көрсетілген барлық жеке тұлғалардан олардың жеке деректерін жинауға, өңдеуге немесе оларды "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-қа беруге келісімін алғанына кепілдік береді.
Өтініш беру күні: __________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
Қолы _____________
Мөр орны (бар болса)
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Кинематография саласында өтініш беруші немесе продюсер* іске асырған жобалардың бар екені туралы мәліметтер
1. Жобаның атауы_______________________________________________
2. Шығарылған жылы ___________________________________________
3. Жобаның аннотациясы ________________________________________
4. ___________________________________________ тапсырыс бойынша.
(тек мемлекеттік бюджеттен іске асырылған жобалар үшін)
5. Жобаның авторлары:__________________________________________
(продюсерлер, қоюшы режиссер, қоюшы оператор, қоюшы суретші)
6. Жобаны прокаттау және көрсету:_______________________________
(жобаны прокаттау және көрсету қай жерде және қашан жүзеге асырылғанын көрсету)
7. Постер (бар болса).
8. Жобаға сілтеме (міндетті түрде) ________________________________
(осы қосымша әрбір іске асырылған жобаға жеке толтырылады)
*Ескертпе: Продюсерде кемінде 2 (екі) іске асырылған киножобаны көрсету.
_____________________________________ осы өтінішке қол қоя отырып,
(өтініш берушінің атауы)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініште көрсетілген дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін береді, сондай-ақ өтініш берген кезде өтініште көрсетілген барлық жеке тұлғалардан олардың жеке деректерін жинауға, өңдеуге немесе оларды "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-қа беруге келісімін алғанына кепілдік береді.
Өтініш беру күні: __________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________
Қолы _____________
Мөр орны (бар болса)