БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарда:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі алдындағы оның сақтандыру және кепілді төлемдер бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің орындылығы (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы – сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның тиісті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысына қорытындысы.
3. Қорытынды Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қосымшасымен бірге қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынған мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
1) мемлекеттік кепілдік сомасын, оның қолданылу мерзімін, мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасын (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы) қамтитын мемлекеттік кепілдік бойынша ақпарат;
2) құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін, компанияның даму стратегиясын, рейтингтік есепті қамтитын Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі туралы ақпарат;
3) Кодекстің 225-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы.";
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды.
6. Егер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қорытындыны ұсынғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік кепілдік бермеген жағдайда, осы қорытынды түзетілуге тиіс.
7. Қорытынды түзетілген жағдайда Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Талаптардың 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 25 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қортындысы
1. | Мемлекеттік кепілдік бойынша жалпы ақпарат |
2. | Мемлекеттік кепілдік сомасы |
3. | Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі |
4. | Мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасы (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы) |
5. | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі туралы ақпарат |
6. | Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптардың 3-тармағында көзделген ұсынылған құжаттаманың болуы |
7. | Тиісті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне мемлекеттік кепілдік берудің негіздемесі (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның қорытындысына сәйкес) |
8. | Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестікке талдау (құжаттың деректемелерін көрсету) |
9. | Тұжырымдар мен ұсынымдар |