Мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 34221 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысы
Д. Ахмед-заки

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің міндетін
атқарушысы
2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 141
бұйрығына қосымша/

Мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – Оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      2) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ЖЖОКБҰ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;

      4) мемлекеттік білім беру кредиті – білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;

      5) үміткер – ЖЖОКБҰ-да мемлекеттік білім беру кредиті бойынша оқуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматы.

      3. Мемлекеттік білім беру кредитін беруді және орналастыруды қамтамасыз ету қаржы агенттігін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беруді кредиттеудің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылатын, Уәкілетті орган айқындайтын Операторға жүктеледі.

      4. Мемлекеттік білім беру кредиті пайызсыз, теңгемен он жыл мерзімге беріледі.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мемлекеттік білім беру кредитінің мерзімі мемлекеттік білім беру кредиті оқу аяқталғаннан кейінгі он бес жыл мерзімге және алты ай ішінде берілетін қарыз алушылардың мынадай санатына қолданылмайды:

      1) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

      3) мүгедектігі бар балалар;

      4) табысы аз отбасылардан шыққан балалар.

      6. Мемлекеттік білім беру кредитін игеру кезеңі қарыз алушының ЖЖОКБҰ-да оқу мерзімі болып табылады, оның барысында әрбір алдағы академиялық кезең (семестр) үшін осындай оқытуға ақы төлеу жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру кредитін беру тәртібі

      7. Мемлекеттік білім беру кредиті, егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, төменде көрсетілген мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін үміткерлерге:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша ЖЖОКБҰ-да Қазақстан Республикасының аумағында жоғары білімге ішінара ақы төлеу үшін білім беру гранттары иегерлеріне;

      2) тұрақты табыс көзі бар Қазақстан Республикасының кемінде бір еңбекке қабілетті азаматына кепілдік берген үміткерге беріледі. Бұл өлшемшарт жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды;

      3) білім беру жинақтау салымы туралы тіркелген шарты немесе ЖЖОКБҰ-да оқудың бүкіл кезеңі үшін білім беру қызметтерінің жалпы құнының кемінде он пайызы мөлшерінде жиынтық жинақтары бар білім беру жинақтау сақтандыру шарты бар үміткерлерге беріледі.

      8. Мемлекеттік білім беру кредитін алуға қатысу үшін үміткер осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы ақпаратты орналастырғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Операторға электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсына отырып, Оператор бекіткен нысан бойынша өтініш береді:

      1) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат;

      2) үміткер және ЖЖОКБҰ арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт;

      3) үміткердің оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі;

      4) үміткердің Оператордың ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға ұсынуына келісімі;

      5) үміткердің Операторға кредиттік есеп беруге келісімі;

      6) мемлекеттік білім беруді кредиттеу шеңберінде (кәмелетке толмаған үміткерлер үшін) үміткердің кредиттік шартқа және (немесе) онымен байланысты шарттарға қол қоюына заңды өкілдердің нотариат куәландырған келісімі;

      7) кепілгердің жеке басын куәландыратын құжат (кепілгер болған жағдайда);

      8) кепілгердің (кепілгерлердің) дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі (кепілгер (кепілгерлер) болған кезде);

      9) кепілгердің (кепілгерлердің) Оператордың ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруіне келісімі;

      10) кепілгердің (кепілгерлердің) Операторға кредиттік есепті беруге келісімі (кепілгер (кепілгерлер) болған кезде);

      11) жұмыс берушінің атауы мен деректемелерін және кепілгердің (кепілгерлердің) лауазымын көрсете отырып, кепілгердің (кепілгерлердің) жұмыс орнынан анықтама (кепілгер (кепілгерлер) болған кезде);

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама немесе кепілгердің жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде, үміткер көрсетілген құжаттарды Операторға қағаз түріндегі форматта береді.

      9. Үміткерлердің мыналарда көрсетілген санатқа жататынын растауды:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында Оператор қарыз алушының өтінішін қарау сәтінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органынан қажетті мәліметтерді алу жолымен жүзеге асырады.

      2) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) - 4) тармақшаларында Оператор қарыз алушының өтінішін қарау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органнан қажетті мәліметтерді алу жолымен жүзеге асырады.

      10. Мемлекеттік білім беру кредитін беру Уәкілетті органның мемлекеттік білім беруді кредиттеудің бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат көлемі шегінде жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларымен айқындалған мерзімдерді ескере отырып, Оператор Уәкілетті органнан қаржыландыру алуына байланысты мемлекеттік білім беру кредитін беру үшін үміткерлерден өтініш қабылдауды бастау мерзімін айқындап, хабарлайды және өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Уәкілетті органның мемлекеттік білім беруді кредиттеудің бюджеттік бағдарламасы бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда Оператор өтініштерді қабылдау туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында қайта орналастырады.

      Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген үміткерлердің өтініштерін қарауды Оператор оларды беру кезектілігі тәртібімен, оларды беру күні мен уақытын ескере отырып, сондай-ақ республикалық бюджеттен мемлекеттік білім беру кредитін беруге бөлінген қаражат көлемі шегінде жүзеге асырады. Оператор республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың барлық көлеміне мемлекеттік білім беру кредитін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, Оператор республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың барлық көлеміне мемлекеттік білім беру кредитін беру туралы шешім қабылдаған үміткерлерден кешірек өтініш берген үміткерлерге мемлекеттік білім беру кредитін беруден негізді және дәлелді бас тартуды жолдайды.

      12. Оператор өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру кредитін беру үшін үміткерлердің өтініштерін, осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген, қоса берілген құжаттармен бірге қарайды.

      Үміткерлердің өтініштерін қарау кезінде Оператор ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Үміткердің осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда Оператор үш жұмыс күні ішінде үміткерге анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлайды.

      Үміткер Оператордан хабарлама алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оған тиісті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті қайта береді.

      Оператор үміткердің қайта өтініші және (немесе) өтінішке құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

      Үміткердің осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі қайта анықталған жағдайда, Оператор сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерге мемлекеттік білім беру кредитін беруден негізделген және дәлелді бас тартуды жолдайды.

      13. Мемлекеттік білім беру кредитін беру туралы шешім Оператордың хаттамасымен ресімделеді және хаттама ресімделгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген телефон нөміріне және (немесе) электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы үміткердің назарына жеткізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік білім беру кредитін орналастыру тәртібі

      14. Оператор үміткерді мемлекеттік білім беру кредитін беру туралы хабардар еткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде үміткер мен Оператордың арасында мынадай негізгі мәліметтерді қамтитын кредиттік шарт және онымен байланысты шарттар жасалады:

      1) шарттың мәні;

      2) білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген баға бойынша теңгемен бүкіл оқу мерзімінде мемлекеттік білім беру кредитінің жоспарланатын мөлшері;

      3) шарттың қолданылу мерзімі;

      4) мемлекеттік білім беру кредитін тағайындау;

      5) мемлекеттік білім беру кредитін беру шарттары және оны өтеу мерзімдері;

      6) тараптардың құқықтары, міндеттері және деректемелері;

      7) кепілгер (кепілгерлер) туралы мәліметтер;

      8) тараптардың жауапкершілігі;

      9) шартты бұзу талаптары.

      15. Оператор білім беру бағдарламалары тобы бойынша нысаналы мақсаты бойынша мемлекеттік білім беру кредитінің қаражатын тікелей білім беру жинақтау салымына немесе білім беру жинақтау сақтандыру шарты бойынша есеп айырысу сомасына қолма-қол ақшасыз аударуды жүзеге асырады. Мемлекеттік білім беру кредитінің қаражатын ЖЖОКБҰ-ның банктік шотына одан әрі аудару "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік білім беру кредиті қолма-қол ақшасыз нысанда беріледі.

      17. Қарыз алушының мемлекеттік білім беру кредитін өтеуі Оператордың шотынан мемлекеттік білім беру кредитінің қаражаты аударылған айдан кейінгі айдан басталады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген санатқа жататын қарыз алушының мемлекеттік білім беру кредитін өтеуі ЖЖОКБҰ бітіргеннен кейін алты айдан кешіктірілмей басталады.

      18. Қарыз алушының оқуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, оны оқытуға жұмсалған соманың қайтаруы, қарыз алушының ауруына байланысты не оның жоғары білімнің төлемін толығымен жабатын білім беру гранты бойынша оқуға ауысқан жағдайларын қоспағанда, қарыз алушы оқуы мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады, олар басталған кезде, оқуға жұмсалған соманың қайтаруы мемлекеттік білім беру кредитін өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мемлекеттік білім беру кредиттері бойынша талаптар тоқтатылады. Кепілгер болған жағдайда, соңғысы қайтыс болу туралы куәлікті немесе анықтаманы алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Операторға қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін және мемлекеттік білім беру кредиті бойынша талапты тоқтату туралы жазбаша еркін нысанда жасалған өтінішті ұсынады.

      20. Қарыз алушылар мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда мемлекеттік білім беру кредитін өтеу мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады, бұл ретте өтеу кестесі мемлекеттік білім беру кредитін өтеу мерзімін тоқтата тұру мерзіміне ұлғайта отырып түзетуге жатады.

      Өтеу кестесін түзету үшін қарыз алушы Операторға қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергілікті әскери басқару органы бастығының бұйрығымен қоса өтініш береді.

      21. ЖЖОКБҰ қарыз алушыға академиялық демалыс берген кезде мемлекеттік білім беру кредитінің мерзімі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісімді және қарыз алушы мен Оператор арасындағы онымен байланысты шарттарды ресімдей отырып, академиялық демалыс кезеңіне ұзартылады. Мұндай қарыз алушының мемлекеттік білім беру кредитінің қаражатын бөлу академиялық демалыс кезеңінде тоқтатылады және қарыз алушының оқуын қайта бастайтыны жөнінде ЖЖОКБҰ бұйрығы шыққаннан кейін қайтадан басталады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      22. Қарыз алушы басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылған, оған академиялық демалыс берілген, оқудан шығарылған және басқа да орын ауыстырған не қарыз алушы ЖЖОКБҰ-мен байланысын жоғалтқан кезде ЖЖОКБҰ бұл туралы Операторға ЖЖОКБҰ-ның тиісті актісі жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      23. Оператор Уәкілетті органға олардың арасында жасалған тапсырма шартына сәйкес мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру туралы мәліметтерді береді.

Об утверждении правил присуждения и размещения государственного образовательного кредита

Приказ и.о. Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 3 апреля 2024 года № 141. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 апреля 2024 года № 34221.

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 4.

      В соответствии с подпунктом 24) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила присуждения и размещения государственного образовательного кредита (далее – Правила), согласно приложению, к настоящему приказу.

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и размещение на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 3) пункта 7 Правил, который вводится в действие с 1 января 2025 года.

      исполняющий обязанности министра науки
и высшего образования Республики Казахстан
Д. Ахмед-заки

  Приложение к приказу/
исполняющий обязанности
министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от 3 апреля 2024 года № 141

Правила присуждения и размещения государственного образовательного кредита

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присуждения и размещения государственного образовательного кредита (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 и устанавливают порядок присуждения и размещения государственного образовательного кредита для оплаты высшего образования.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) оператор уполномоченного органа в области образования (далее – Оператор) – юридическое лицо со стопроцентным участием государства в уставном капитале, определяемое уполномоченным органом в области образования, осуществляющее размещение государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях, государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях образования, государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием и выплату государственных стипендий, за исключением государственных именных стипендий, а также осуществляющее координацию деятельности участников подушевого нормативного финансирования в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, и обеспечивающее мониторинг и контроль за соблюдением лицами, своих обязанностей по отработке или возмещению расходов бюджетных средств в случае неотработки;

      2) уполномоченный орган в области науки и высшего образования (далее – Уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области высшего и послевузовского образования;

      3) организация высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) – высшее учебное заведение, реализующее образовательные программы высшего и (или) послевузовского образования и осуществляющее научно-исследовательскую деятельность;

      4) государственный образовательный кредит – целевой кредит, предоставляемый обучающимся для оплаты высшего образования;

      5) претендент – гражданин Республики Казахстан, претендующий на обучение по государственному образовательному кредиту в ОВПО.

      3. Обеспечение присуждения и размещения государственного образовательного кредита, возлагается на Оператора, определяемого Уполномоченным органом, являющимся администратором бюджетной программы государственного образовательного кредитования, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, за исключением финансового агентства.

      4. Государственный образовательный кредит выдается беспроцентно, в тенге сроком на десять лет.

      5. Срок государственного образовательного кредита, установленный пунктом 4 настоящих Правил, не распространяется на следующую категорию заемщиков, которым государственный образовательный кредит выдается сроком на пятнадцать лет и в течение шести месяцев после завершения обучения:

      1) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) дети из многодетных семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетнего возраста до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста);

      3) дети с инвалидностью;

      4) дети из малообеспеченных семей.

      6. Периодом освоения государственного образовательного кредита является срок обучения заемщика в ОВПО, в течение которого осуществляется оплата такого обучения за каждый предстоящий академический период (семестр).

Глава 2. Порядок присуждения государственного образовательного кредита

      7. Государственный образовательный кредит присуждается претендентам, соответствующим следующим критериям, если иное не предусмотрено настоящими Правилами:

      1) обладателям образовательного гранта с частичной оплатой за обучение в ОВПО на территории Республики Казахстан по образовательным программам высшего образования;

      2) предоставившим поручительство не менее одного трудоспособного гражданина Республики Казахстан, имеющего постоянный источник дохода. Данный критерий не применяется к заемщикам, относящимся к категориям детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;

      3) претендентам, имеющие зарегистрированный договор об образовательном накопительном вкладе или договор образовательного накопительного страхования с совокупными накоплениями в размере не менее десяти процентов от общей стоимости образовательных услуг за весь период обучения в ОВПО.

      8. Для участия в присуждении государственного образовательного кредита претендент не позднее тридцати рабочих дней после размещения информации о начале приема заявлений согласно пункту 10 настоящих Правил, подает Оператору заявление по форме, утвержденной Оператором с предоставлением следующих документов в электронном формате:

      1) документ, удостоверяющий личность претендента;

      2) договор об оказании образовательных услуг, заключенный между претендентом и ОВПО;

      3) согласие претендента на сбор и обработку его персональных данных;

      4) согласие претендента на предоставление Оператору сведений о нем в кредитные бюро;

      5) согласие претендента на выдачу кредитного отчета Оператору;

      6) нотариально удостоверенное согласие законных представителей на подписание претендентом кредитного договора и (или) связанных с ним договоров в рамках государственного образовательного кредитования (для несовершеннолетних претендентов);

      7) документ, удостоверяющий личность поручителя (при наличии поручителя);

      8) согласие поручителя (-ей) на сбор и обработку его персональных данных (при наличии поручителя (-ей));

      9) согласие поручителя (-ей) на предоставление Оператору сведений о нем в кредитные бюро;

      10) согласие поручителя (-ей) на выдачу кредитного отчета Оператору (при наличии поручителя (-ей));

      11) справка с места работы поручителя (-ей) с указанием наименования и реквизитов работодателя и должности поручителя (-ей) (при наличии поручителя (-ей));

      12) справка о пенсионных отчислениях или выписка из индивидуального пенсионного счета поручителя (-ей) за последние 6 месяцев, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      При отсутствии возможности предоставления документов, предусмотренных частью первой настоящего пункта, в электронном формате, указанные документы предоставляются претендентом Оператору в бумажном формате.

      9. Подтверждение отнесения претендентов к категории, указанной в:

      1) подпункте 1) пункта 5 настоящих Правил осуществляется Оператором путем получения необходимых сведений от уполномоченного органа в области защиты прав детей Республики Казахстан на момент рассмотрения заявления заемщика.

      2) подпунктах 2) – 4) пункта 5 настоящих Правил осуществляется Оператором путем получения необходимых сведений от центрального исполнительного органа, осуществляющего руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, на момент рассмотрения заявления заемщика.

      10. Присуждение государственного образовательного кредита осуществляется в пределах объема средств, предусмотренных в бюджетной программе государственного образовательного кредитования Уполномоченного органа.

      11. Оператор с учетом сроков, установленных Правилами присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр", утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 443 (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33345), определяет и объявляет срок приема заявлений претендентов для присуждения государственного образовательного кредита в зависимости от получения финансирования от Уполномоченного органа и размещает информацию о начале приема заявлений на своем официальном интернет-ресурсе.

      При образовании экономии по бюджетной программе государственного образовательного кредитования Уполномоченного органа Оператор повторно размещает информацию о приеме заявлений на своем официальном интернет-ресурсе.

      Рассмотрение заявлений претендентов с приложенными документами, предусмотренными пунктом 8 Правил, осуществляется Оператором в порядке очередности их предоставления претендентами, с учетом даты и времени их предоставления, а также в пределах объема выделенных средств из республиканского бюджета на присуждение государственного образовательного кредита. Оператор, в течение трех рабочих дней со дня принятия решения о присуждении государственного образовательного кредита на весь объем выделенных средств из республиканского бюджета, направляет обоснованный и мотивированный отказ в присуждении государственного образовательного кредита претендентам, предоставившим заявления позднее претендентов, в отношении которых Оператором принято решение о присуждении государственного образовательного кредита на весь объем выделенных средств из республиканского бюджета.

      12. Оператор рассматривает заявления претендентов с приложенными документами, предусмотренными пунктом 8 Правил, для присуждения государственного образовательного кредита в течение пятнадцати рабочих дней после приема заявления и документов.

      При рассмотрении заявлений претендентов Оператор осуществляет проверку полноты представленных документов.

      В случае выявления факта предоставления претендентом заявления и (или) приложенных к нему документов, не соответствующих настоящим Правилам, Оператор в течение трех рабочих дней сообщает претенденту о необходимости устранения выявленных несоответствий.

      Претендент в течение пяти рабочих дней после получения сообщения от Оператора, устраняет несоответствия и повторно подает заявление с приложением к нему соответствующих документов.

      Оператор в течение трех рабочих дней со дня поступления повторного заявления и (или) документов к заявлению осуществляет их рассмотрение.

      В случае повторного выявления факта предоставления претендентом заявления и (или) приложенных к нему документов, не соответствующих настоящим Правилам, Оператор в течение трех рабочих дней со дня выявления несоответствий, направляет претенденту обоснованный и мотивированный отказ в присуждении государственного образовательного кредита.

      13. Решение о присуждении государственного образовательного кредита оформляется протоколом Оператора и в течение двух рабочих дней после оформления протокола доводится до сведения претендента посредством направления уведомления на абонентский номер и (или) электронную почту, указанные в заявлении.

Глава 3. Порядок размещения государственного образовательного кредита

      14. В течение пяти рабочих дней после уведомления Оператором претендента о присуждении государственного образовательного кредита, между претендентом и Оператором заключаются кредитный договор и связанные с ним договоры, содержащие следующие основные сведения:

      1) предмет договора;

      2) планируемый размер государственного образовательного кредита на весь срок обучения в тенге в ценах, предусмотренных договором об оказании образовательных услуг;

      3) срок действия договора;

      4) назначение государственного образовательного кредита;

      5) условия выдачи и сроки погашения государственного образовательного кредита;

      6) права, обязанности и реквизиты сторон;

      7) сведения о поручителе (-ях);

      8) ответственность сторон;

      9) условия расторжения договора.

      15. Оператор осуществляет безналичное перечисление средств государственного образовательного кредита по целевому назначению по группе образовательных программ непосредственно на образовательный накопительный вклад или расчетную сумму по договору образовательного накопительного страхования. Дальнейшее перечисление средств государственного образовательного кредита на банковский счет ОВПО осуществляется в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О Государственной образовательной накопительной системе".

      16. Государственный образовательный кредит выдается в безналичной форме.

      17. Погашение заемщиком государственного образовательного кредита начинается с месяца, следующего за месяцем перечисления средств государственного образовательного кредита со счета Оператора.

      Погашение заемщиком, относящимся к категории, предусмотренной пунктом 5 настоящих Правил, государственного образовательного кредита, начинается не позднее, чем через шесть месяцев после окончания ОВПО.

      18. При досрочном прекращении обучения заемщика возврат суммы, затраченной на его обучение, осуществляется заемщиком в течение двенадцати месяцев со дня досрочного прекращения обучения, за исключением случаев досрочного прекращения обучения в связи с болезнью заемщика либо его перевода на обучение по образовательному гранту, полностью покрывающему оплату высшего образования, при наступлении которых возврат суммы, затраченной на обучение заемщика, осуществляется в соответствии с графиком погашения государственного образовательного кредита.

      19. В случае смерти заемщика либо объявления его умершим, требования по государственным образовательным кредитам прекращаются. При наличии поручителя, последним в течение пятнадцати рабочих дней после получения свидетельства или справки о смерти предоставляются Оператору нотариально заверенная копия свидетельства о смерти заемщика и заявление, составленное в письменной произвольной форме о прекращении требования по государственному образовательному кредиту.

      20. В случае призыва заемщиков на срочную воинскую службу, погашение государственного образовательного кредита приостанавливается на период прохождения срочной воинской службы, но не более чем на два года, при этом график погашения подлежит корректировке с увеличением срока погашения государственного образовательного кредита на срок приостановления.

      Для корректировки графика погашения заемщик представляет Оператору заявление с приложением приказа начальника местного органа военного управления области (города республиканского значения или столицы) о призыве заемщика на срочную воинскую службу.

      21. При предоставлении ОВПО заемщику академического отпуска срок государственного образовательного кредита продлевается на период академического отпуска с оформлением соответствующего дополнительного соглашения к кредитному договору и связанным с ним договорам между заемщиком и Оператором. Выделение средств государственного образовательного кредита такого заемщика прекращается на период академического отпуска и начинается вновь после издания приказа ОВПО о возобновлении обучения заемщика.

Глава 4. Заключительные положения

      22. При переводе заемщика в другую ОВПО, предоставлении ему академического отпуска, отчислении, либо потере связи заемщика с ОВПО, последняя сообщает об этом Оператору в течение трех рабочих дней, со дня издания соответствующего акта ОВПО.

      23. Оператор предоставляет Уполномоченному органу сведения о присуждении и размещении государственного образовательного кредита в соответствии с заключенным между ними договором поручения.