Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.08.2024 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тек өндіру және тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына теміржол көлігімен әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда өткізілмеуі тиіс.
Осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген тыйым салу Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалдары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бидайға қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындары тізбесінің қалыптастырылуын және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына жолдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі