БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолдаманың үлгілік нысанында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдамаларды беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Үлгілік нысан
(типовая форма)
Аң аулауға арналған жолдаманың үлгiлік нысаны Типовая форма путевки для осуществления охоты
Жолдаманың алдыңғы беті (лицевая сторона путевки)
Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды (действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства)
_______________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы / наименование субъекта охотничьего хозяйства)
ЖОЛДАМА № _________________________________________________
ПУТЕВКА (тіркеу нөмірі / регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық / разовая, сезонная __________________________
Жолдама құны / стоимость путевки __________________________ теңге
Аңшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) охотника _________________
Аңшы куәлігінің № / № удостоверения охотника ____________________
Берілген күні / дата выдачи _______________________________________
Аңшылық шаруашылығының атауы / наименование охотничьего хозяйства ___________________________________________________________
Қорықшыға жіберіледі / направляется к егерю _______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Қолданылу мерзімі 20__ жылғы "__" ______ бастап 20__ жылғы "__" дейін /
Срок действия с "__" ______ 20__ года по "__" ______ 20__ года.
Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы / ответственное лицо охотничьего хозяйства выдавшее путевку ______
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Аңшылық шаруашылығының ішкі тәртібі қағидаларымен таныстым / с правилами внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен
___________________________________________________________________________________
(аңшының қолы / подпись охотника)
Электрондық жүйе арқылы жолдама берілген жағдайда қорықшылар мен инспекторлардың жолдама деректерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін QR-код
Жолдама берілген күн 20___ жылғы "__" __________
QR-код, позволяющий идентифицировать данные путевки егерями и инспекторами в случае выдачи путевки через электронную систему
Дата выдачи путевки "_____" _______ 20__ год
Жолдаманың артқы беті (обратная сторона путевки)
Жануарлардың түрі туралы белгі соғу | Жануардың саны / количество животного |
Нақты ауланғаны | Күні / дата |
Қорықшының немесе аңшының қолы |
Ескерту / Примечание:
1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының өзі жүргізеді / Отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии самим охотником;
2. Жолдаманы басқа адамға беруге болмайды / передача путевки другому лицу не производится.
бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына 2-қосымша |
Жолдама беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жолдама беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық пен балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық жүйенің әкімшісі – электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асыратын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін тұлға;
2) электрондық жүйе – жолдамаларды электрондық нысанда беруді қамтамасыз ететін жүйе.
3. Электрондық жүйенің әкімшісі электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асырады және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
4. Электрондық жүйе мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, қазақ және орыс тілдерінде, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.
5. Электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық жүйенің әкімшісі:
1) берілген жолдамалар бойынша автоматтандырылған есепке алуды, жүйе істен шыққан немесе бүлінген жағдайда ақпараттың сақталуын, қорғалуын, қалпына келтірілуін;
2) аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу, сондай-ақ оларға "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қол жетімділігін;
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың өзге де объектілерімен өзара іс-қимыл жасауын;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сұрау келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша берілген жолдамалар жөнінде есеп ұсынуды;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті тұлғаларға электрондық жүйеге қол жеткізіп беруді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Жолдама беру тәртібі
6. Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жеке тұлғаларына олардың өтініші бойынша (ауызша немесе жазбаша) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарға бару үшін беріледі.
Жолдама аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде қағаз немесе электрондық нысанда жеке тұлғаларға олардың өтініші бойынша ауызша, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою мақсатында бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.
Жеке тұлға электрондық форматта жолдама алуға өтініш білдірген жағдайда ол бұйрықтың 1 және (немесе) 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және оның жеке кабинетіне жіберіледі.
7. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары бойынша белгілейді.
8. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден:
1) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерінің Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квотаның болмауы немесе толық игерілуі;
2) Заңның 38-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аңшы (аң аулау үшін) куәлігінің болмауы;
3) Заңның 9-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес қабылданатын жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдаланудың орындары мен мерзімдерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынғанда;
4) Заңның 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бойынша аңшылық алқаптардың өткізу қабілетімен айқындалған аңшылық алқаптарда бір мезгілде аңшылардың барынша шекті саны болған жағдайда бас тартылады.
9. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды қағаз жеткізгіште берген жағдайда оларды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылады.
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды электрондық форматта берген жағдайда олар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде тіркеледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы инспектордың жеке кабинетіне жіберіледі.
Жолдама беру ережесіне 1-қосымша |
Нысан
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы __________________________________________________________________ (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
№ | Аңшының, балықшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) | Аңшының, балықшының мекен–жайы | Жолдаманың нөмiрi | Құстың, жануарлардың, балықтың және басқа да су жануарларының түрлерi | Аң аулау, балық аулау мерзiмдерi | Жолдаманы алғаны туралы қолы |
________________________________________________
(аңшылық және балық шаруашылығы субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Жолдама беру ережесіне 2-қосымша |
Нысан
Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерімен берілген жолдамалар тізілімі ___________________________________________________________________ (аңшылық шаруашылығының немесе су айдының немесе учаскенің атауы)
№ | Жолдама түрі (бір реттік, маусымдық) | Жолдаманың нөмірі | Берілген күні | Жануарлардың, Балықтардың түрі | Саны (бас) / Салмағы (килограмм) | Аң, балық аулау мерзiмдерi | Аң, балық аулау құралының түрі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмері | Тұрғылықты жерінің мекенжайы |