"Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 сәуірде № 34266 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      18-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланады және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып түсіріледі. Комиссия отырысының жазбасы еңбек мобильділігі орталығында он екі ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады. Үміткердің бизнес-жобаны онлайн қорғауына жол беріледі.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссияның шешімі еңбек мобильділігі орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Грант қаражатын нысаналы пайдалануды грант алушы бизнес-жобаға сәйкес Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайды.

      Грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсына отырып, бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы он екі ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады.

      Гранттардың нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды еңбек мобильділігі орталығы мансап орталығы арқылы жүзеге асырады.";

      38-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер;";

      38-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес салық органдарында тіркелу мерзімі үш жылдан астам мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін соңғы 2 (екі) жылда салық аударымдары бойынша оң динамикасының болуы;

      8) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес салық органдарында тіркелу мерзімі үш жылдан астам мерзімді құрайтын дара кәсіпкерлер үшін микрокредит алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде кемінде 1 (бір) жаңа тұрақты жұмыс орнын құру.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Сенім білдірілген өкіл (агент) ағымдағы бюджеттік кредит бойынша қаражат толық игерілген кезде бұрын берілген микрокредиттер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес талаптарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.";

      44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнес-жобаны бағалаудан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды және бағалау нәтижелерін жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну үшін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.";

      44-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия құрамында 7 (жеті) адам, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және мәслихат депутаттарынан тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады.";

      45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі.";

      3-параграф алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 272 "Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе"

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 апреля 2024 года № 107. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 апреля 2024 года № 34266

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 272 "Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32956) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе, утвержденных указанным приказом:

      часть седьмую пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "Заседание комиссии транслируется в прямом эфире в социальных сетях карьерных центров и записывается с применением информационно-коммуникационных технологий. Запись заседания комиссии хранится на электронном носителе в центре трудовой мобильности в течение двенадцати месяцев. Допускается проведение онлайн защиты бизнес-проекта претендентом.";

      пункт 18 дополнить частью тринадцатой следующего содержания:

      "Решение комиссии размещается на интернет-ресурсе центра трудовой мобильности.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Целевое использование средств гранта подтверждается получателем гранта на Портале путем предоставления подтверждающих документов в течение трех месяцев со дня получения гранта в соответствии с бизнес-проектом.

      Получатель гранта ежеквартально в течение двенадцати месяцев на Портале предоставляет отчет о ходе реализации бизнес-проекта с приложением подтверждающих документов.

      Контроль за мониторингом целевого использования грантов осуществляется центром трудовой мобильности через карьерный центр.";

      подпункт 6) пункта 38 изложить в следующей редакции:

      "6) наличие регистрации в качестве индивидуального предпринимателя на момент обращения к поверенному (агенту) за микрокредитом составляет менее пяти лет в налоговых органах в соответствии со статьей 79 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)";";

      пункт 38 дополнить подпунктами 7) и 8) следующего содержания:

      "7) наличие положительной динамики по налоговым отчислениям за последние 2 (два) года для действующих предпринимателей, срок регистрации которых в налоговых органах в соответствии со статьей 79 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" составляет более трех лет;

      8) создание не менее 1 (одного) нового постоянного рабочего места в течение 1 (одного) года со дня получения микрокредита для действующих предпринимателей, срок регистрации которых в налоговых органах в соответствии со статьей 79 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) составляет более трех лет.";

      часть первую пункта 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Поверенный (агент) за счет средств, возвращенных претендентами по ранее выданным микрокредитам, осуществляет повторное микрокредитование претендентов на условиях согласно пункту 38 настоящих Правил на срок не превышающий срок действия договора поручения, заключенного между поверенным (агентом) и местным исполнительным органом по вопросам социальной защиты и занятости населения, при полном освоении средств по текущему бюджетному кредиту.";

      часть вторую пункта 44 изложить в следующей редакции:

      "После оценки бизнес-проекта Поверенный (агент) в течение 3 (трех) рабочих дней направляет документы претендентов, получивших положительные заключения, с приложением результатов оценки, в местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения для вынесения на рассмотрение конкурсной комиссии по микрокредитованию молодежи (далее – Комиссия).";

      часть четвертую пункта 44 изложить в следующей редакции:

      "Комиссия создается решением акима области, городов республиканского значения и столицы из представителей местных исполнительных органов по вопросам предпринимательства, местных исполнительных органов по вопросам сельского хозяйства, филиалов региональной палаты предпринимателей, общественных объединений, бизнеса, региональных средств массовой информации и депутатов маслихата в составе 7 (семь) человек.";

      часть первую пункта 45 изложить в следующей редакции:

      "45. Заседание Комиссии по микрокредитованию молодежи проводится не реже одного раза в месяц.";

      параграф 3 исключить.

      2. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
А. Сарбасов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан