БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген ) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы және уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияның болуы олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі