БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 963 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19658 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің әуе қозғалысын (ұшуын) басқару саласындағы заңнаманы қолдануды нақтылайды.";
33-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен айқындалған әуе кеңістігін пайдалану басымдықтарын;";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Әуеайлақтық, әуеайлақтан тыс ұшуды, полигондағы, әуеде оқ ату аймағындағы, десант түсіру және мақсатты арналған алаңдағы мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын басқаруды ұшуға басшылық жасау топтары, командалық пункттердің есептоптары, әуе қозғалысын басқару орталықтары, авиацияны бағыттау пункттері, алдыңғы авиациялық бағыттаушылар жүзеге асырады.".
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі