БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларында:
8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауы:
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі