БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тәрбиеленушілерді мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары) жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген балаларды Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асырылады.".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) желілік мектептер – орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын орта білім беру ұйымдары;";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Лицей жалпы білім беретін мектептің 5-11 (12) сыныптарының базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:
1) негізгі орта білім беру деңгейінің (негізгі мектептің 5-9 (10) сыныптары) деңгейі оқушының базалық дайындықпен қатар бейіналды даярлығын, негізгі және қосымша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз етеді;
2) жалпы орта білім беру деңгейі (орта мектептің 10-11 (12) сыныптары) бейіндік оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде білім алушының жалпы білім беретін даярлығын аяқтауды қамтамасыз етеді.";
145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"145. Кешкі мектепте оқу жылы 1 қыркүйек пен 25 мамыр аралығында созылады.";
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"249. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзгерістерге оңай бейімделе алатын, әлемдік деңгейде ойлай алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса алатын тұлғаның интеллектуалдық, физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін үйлесімді және перспективті білім беруді қамтамасыз ету.";
251және 252-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"251. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады:
1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру – білім беру процесінің оқушы бойында Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталуы;
2) интеграция – мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық құқылы мүше болуы, мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін беру, халықаралық деңгейдегі педагогті қалыптастыру;
3) академиялық еркіндік – мектептегі білім беру құрылымын (деңгейлерін) таңдау, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, оқу қызметінің нысандары мен әдістері, дербестік және өзін-өзі басқару, қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестігі;
4) автономдылық және өзін-өзі басқарушылық – қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестік;
5) жариялылық және транспаренттілік – мектепті Халықаралық Бакалавриат ұйымының білім беру бағдарламаларын халықаралық авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден міндетті өткізу, мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы, қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік жауапкершілік – мектеп бітірушілеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін білім беру деңгейін қамтамасыз ету;
252. Халықаралық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, құрылтайшының (құрылтайшылардың) жергілікті құжаттарын, осы Үлгілік қағидаларды, Мектеп жарғысын басшылыққа алады.";
262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"262. Халықаралық мектеп білім беруді дамыту және жетілдіру мақсатында кешендер құруға, мекемелердің, кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен қауымдастықтар, одақтар және өзге де бірлестіктер құруға және қызметіне қатыса алады, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне білім алушылар мен педагогтердің қатысуын қамтамасыз етеді.";
282- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"282. Халықаралық мектепте тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, тарихты, қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне сыйлауға, азаматтылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сонымен қатар функционалды сауаттылықты, оқушыларды, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.";
мынадай мазмұндағы 282-1-тармақпен толықтырылсын:
"282-1. Білім берудің уәкілетті органының үлгілік оқу жоспарлары мен оқу-тәрбие жұмысының жоспарларын келісуі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:
білікті жұмысшы кадрлар даярлау кезінде:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін пәндердің модулін, жалпыға міндетті базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді;
орта буын мамандарын даярлау кезінде:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін пәндердің модулін, жалпыға міндетті базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
4) егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше жұмыс түрлері көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты орындауды;
5) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ТжКБ МЖБМ-мен айқындалады.
ТжКБ білім беру бағдарламалары жалпы орта білімі бар азаматтар үшін жалпы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кәсіптік практика нысанындағы жалпы кәсіптік, арнаулы пәндердің және (немесе) базалық, кәсіптік модульдердің оқу уақыты көлемінің кемінде алпыс пайызын құрайтын өндірістік оқытуды көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтар (қазақ тілі мен әдебиеті – оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда, орыс тілі мен әдебиеті – оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін топтарда, шет тілі, информатика, дене шынықтыру), жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар, сондай-ақ тізбесі жұмыс оқу жоспарына сәйкес айқындалатын шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу топтарының саны 15 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту жүргізу кезінде және практикалық сабақтарда оқу топтарының саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32140 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28.ТжКБ ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды ТжКБ білім беру бағдарламалары бойынша, білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар мемлекеттік аттестаттаудан өткен ТжКБ білім беру ұйымдары береді.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Қашықтықтан оқыту ТжКБ ұйымдарында "Қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33682 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ОБК МЖМБС-мен айқындалады.
Жалпы орта білімі бар азаматтарға арналған ТжКБ білім беру бағдарламалары жалпы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндерді оқуды және таңдаған мамандық бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды жүзеге асыруды көздейді.
ОБК білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
Кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту кезеңінде ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен білім алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті негізде сақтандыру жүзеге асырылады.
Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кәсіптік практика нысанындағы жалпы кәсіптік, арнаулы пәндердің және (немесе) базалық, кәсіптік модульдердің оқу уақыты көлемінің кемінде алпыс пайызын құрайтын өндірістік оқытуды көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтар (қазақ тілі мен әдебиеті – оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтарда, орыс тілі мен әдебиеті – оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін топтарда, шет тілі, информатика, дене шынықтыру), жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар, сондай-ақ тізбесі жұмыс оқу жоспарына сәйкес айқындалатын шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу топтарының саны 15 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту жүргізу кезінде және практикалық сабақтарда оқу топтарының саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32140 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. ОБК ұйымдарында қашықтықтан оқыту "Қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33682 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Н. Жумадильдаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі