"Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 маусымда № 34468 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Білім беру мониторингі:

      білім беру деңгейлері бойынша (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі);

      қамту бойынша (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық);

      ұйым нысаны бойынша (қашықтықтан, тікелей) жүзеге асырылады.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде немесе онымен интеграцияланған басқа ақпараттық жүйелерде деректерді толық, дұрыс және уақтылы толтыруды ұсынады және қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғарғы

      білім министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 ноября 2014 года № 459 "Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга"

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 июня 2024 года № 134. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 июня 2024 года № 34468

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 ноября 2014 года № 459 "Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9940) следующие изменения:

      в Правилах осуществления образовательного мониторинга, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Образовательный мониторинг осуществляется:

      по уровням образования (дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего);

      по охвату (районный/городской, областной, республиканский, международный);

      по форме организации (дистанционный, прямой).";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Местные исполнительные органы в области образования, руководители дошкольных организаций, организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности, предоставляют и обеспечивают полное, достоверное и своевременное заполнение данных в объектах информатизации уполномоченного органа в области образования или в других интегрированных с ним информационных системах.".

      2. Департаменту цифровизации и автоматизации государственных услуг Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан