Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қарашадағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 24 маусымдағы № 267-НҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 202___ жылғы "___" _______ №____ бұйрығымен бекітілген |
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабар алмасу сервистеріне қол жетімділікті шектеу туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларда (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібі белгіленеді.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
2) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
3) интернет-ресурс – бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;
4) лездік хабар алмасу сервисі – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде лездік хабар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) беруге арналған және (немесе) онлайн-платформаны пайдаланушылар сол үшін қолданатын бағдарламалық қамтылым;
5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
6) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау нысанасында Интернет желісіне мониторингті жүзеге асырады.
2-тарау. Интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу тәртібі
4. Лездік хабар алмасу сервистерін пайдаланушылар заңнаманы бұза отырып орналастыратын материалдарға мониторинг бұзушылықтар бірнеше рет болған жағдайда лездік хабар алмасу сервисін пайдаланушының жолданымы негізінде жүзеге асырылады.
5. Анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті орган анықталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты жою туралы шетелдік онлайн-платформа және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі әкімшілігінің мекенжайына хабарлама хат жібереді.
6. Уәкілетті орган "Ақпараттандыру туралы" Заңның (бұдан әрі – Заң) 66-бабының 3-тармағын бұзатын Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның қызметі анықталған кезде, анықталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оның меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының талаптарын орындау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
7. Шетелдік онлайн-платформа Заңның 66-бабының 3-тармағын орындамаған кезде, хабарлама жіберілгеннен кейін сегіз ай ішінде уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметке тәуліктің әртүрлі уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің өңірлік объектілері бөлінісінде шетелдік онлай-платформа трафигінің өткізу қабілеттілігінің параметрлері бойынша статистикалық деректерді беру туралы сұрау салуды жібереді.
8. Мемлекеттік техникалық қызмет осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген уәкілетті органнан сұрау салуды алғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде шетелдік онлайн-платформа трафигінің өткізу қабілеттілігінің параметрлері бойынша статистикалық деректерді жинауды және талдауды жүргізеді және талдау нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
9. Шетелдік онлайн-платформаның Заңның 66-бабы 3-тармағының талаптарын орындамауы бойынша уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлер бөлінісінде және тәуліктің әртүрлі уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаға қол жеткізуді шектеу түрінде қызметін шектеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді:
1) хабарлама жөнелтілген кезден бастап сегіз ай ішінде – шетелдік онлайн-платформаға қол жеткізуді осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талдаудан алынған статистикалық деректердің ең жоғары мәнінен 10%-ға шектеу жөнінде шаралар қабылдайды;
2) хабарлама жөнелтілген кезден бастап бір жыл ішінде – шетелдік онлайн-платформаға қол жеткізуін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талдаудан алынған статистикалық деректердің ең жоғары мәнінен 50%-ға шектеу жөнінде шаралар қабылдайды;
3) хабарлама жөнелтілген кезден бастап бір жыл және алты ай ішінде – шетелдік онлайн-платформаға қол жеткізуді осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талдаудан алынған статистикалық деректердің ең жоғары мәнінен 90%-ға шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
10. Мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органның нұсқамасы негізінде осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн–платформаға қол жеткізуді шектеу түріндегі қызметті шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) ______________________________________ онлайн-платформасында (лездік хабар алмасу сервисінде) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының бұзылуына назар аударады.
_________________________________________________________________________
пайдаланушының деректері көрсетіледі
__________________________________________________________________________
заңнамалық актілердің нормалары келтіріледі
__________________________________________________________________________
бұзушылықтың түрі көрсетіледі
бұзушылық белгілері бар материалдар жариялаған.
"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі; "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 1–бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес интернет–ресурс бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылады, ал онда орналастырылған ақпарат бұқаралық ақпарат құралының өнімі болып табылады. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 1-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралдарына жатады, ал онда орналастырылған ақпарат бұқаралық ақпарат құралының өнімі болып табылады. Осыған байланысты Комитет Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жою және __________________________________________________________________ орналастырылған заңға қайшы материалдарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударады. Қабылданған шешім туралы ақпаратты электрондық пошта мекенжайына (көрсету) немесе факс (көрсету) арқылы жіберуіңізді сұраймыз.
Біз өзара түсіністікке және ынтымақтастыққа үміт артамыз.
Қосымша (сілтемелер және бұзылушылықтар бар экран түсірілімдер).
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет) ______________________________________ онлайн-платформасында (лездік хабар алмасу сервисінде) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуына назар аударады.
"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес онлайн-платформаларға бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды.
Шетелдік онлайн–платформа немесе жедел хабар алмасу сервисі Заңның 66-бабы 3-тармағының талаптарын орындамаған кезде уәкілетті орган қол жеткізуді шектеу түрінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Осылайша, қазіргі уақытта "__________" онлайн-платформасы / лездік хабар алмасу сервисі Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін Заңның 9-бабының 1-тармағын бұза отырып жүзеге асыруда.
Осыған байланысты Комитет Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жою және __________________________________________________________________ заңға қайшы материалдарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударады.
Қабылданған шешім туралы ақпаратты электрондық поштасы мекенжайына (көрсету) немесе факс (көрсету) арқылы жіберуіңізді сұраймыз.
Уәкілетті орган осы хабарлама хатын алған кезден бастап алты сағат ішінде интернет-ресурс әкімшілігінің анықталған бұзушылықтарды жоймау фактілері бойынша интернет-ресурсқа қол жеткізуді шектеу туралы нұсқама шығарады.
Біз өзара түсіністікке және ынтымақтастыққа үміт артамыз.
"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес онлайн-платформаларға бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес уәкілетті органмен өзара іс–қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды.
Шетелдік онлайн–платформа немесе жедел хабар алмасу сервисі Заңның 66-бабы 3-тармағының талаптарын орындамаған кезде уәкілетті орган қол жеткізуді шектеу түрінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.
__________(күні) жағдай бойынша бұрын "__________" (онлайн-платформаның/лездік хабар алмасу сервисінің атауы) онлайн-платформасының / лездік хабар алмасу сервисінің меншік иесінің атына ( № _____ ) хабарламаның жіберілгеніне қарамастан, Комитеттің мекенжайына "__________" (онлайн–платформаның / лездік хабар алмасу сервисінің атауы) онлайн-платформасының / лездік хабар алмасу сервисінің меншік иесінен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасасу бойынша өзінің заңды өкілін айқындау туралы мәлімет келіп түспеді.
Осылайша, қазіргі уақытта "__________" онлайн–платформасы / лездік хабар алмасу сервисі Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін Заңның 9-бабының 1-тармағын бұза отырып жүзеге асыруда.
Баяндалғанның негізінде, сондай–ақ "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 41-1-бабының 1-1-тармағын басшылыққа ала отырып, Комитет
Нұсқамалар береді:
1. "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы мынадай мәндерге сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, өз қызметін жүзеге асыратын "____________" (онлайн-платформаның/лездік хабар алмасу сервисінің атауы) онлайн–платформасы / лездік хабар алмасу сервисі трафигінің үшін ықтимал өткізу қабілеттілігінің жоғарғы шегінің мәнін белгілеу жөнінде дереу шаралар қабылдасын:
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің өңірлік объектісі | трафиктің ықтимал өткізу қабілеттілігінің жоғарғы шегінің мәні (Кбит/с) | Бір тәулік ішінде мәннің әрекет етуінің уақыт кезеңі |
2. Нұсқаманы орындау нәтижелері туралы оны алған кезден бастап 10 тәулік ішінде Комитетке хабарлау қажет.