БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтарда № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес) азаматтар қабылдау жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) аумақтық бөлінісі, ІІМ-нің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді.
ІІО аумақтық бөлінісінің, ІІМ әскери оқу орнының басшысы немесе әскери бөлімнің командирі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына міндетті арнайы тексеру жүргізу, сондай-ақ ӘДС қағидаларына сәйкес кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша материалдар ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар қабылдау жылының 20 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды тапсыру және түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін ІІМ-нің әскери оқу орнына келеді.
ІІМ-нің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жүргізілген конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орнына түсуге ниет білдірген адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілер мен әскери қызметте тұрмаған азаматтар қатарынан кандидаттар "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес әскери қызмет өткеру орны (тұрғылықты жері) бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу пункттерінде немесе базалық жоғары оқу орындарында екі блок бойынша ҰБТ тапсырады:
1 блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі); 2 блок – екі бейіндік пән, кандидат оларды осы Қағидаларға 1-1- қосымшаға сәйкес ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары білім беру бағдарламаларының тізбесіне (бұдан әрі - Білім беру бағдарламаларының тізбесі) сәйкес мамандығына қарай өзі таңдайды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады және сол күні кандидаттарға жарияланады. Кандидаттың рейтингі ҰБТ балдарын және дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балдарын қосу арқылы айқындалады. ІІМ әскери оқу орындарына ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларымен (бұдан әрі – Білім беру грантын беру қағидалары) белгіленген шекті деңгейдегі балдан жоғары балл жинаған кандидаттар қабылданады.";
37 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған мерзімді әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға "Құқық", "Құқықтану" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға "Құқық", "Құқықтану" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар арнаулы оқу орындарының не болмаса тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.
ІІМ арнаулы оқу орындарының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге жол беріледі.
Өтінішке (қағаз немесе электронды форматта):
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);
3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;
5) мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Оқуға кандидаттар, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау медициналық, дене шынықтыру және кәсіби көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
ІІМ арнаулы оқу орындарына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қабылдау Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде конкурстық іріктеудің нәтижелері, сондай-ақ медициналық көрсетпелер бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша кандидатты курсант қатарына қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді кандидатқа қабылдау комиссиясының отырысында жариялайды.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
1. Өтініш (Ұлттық ұлан мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының атына).
2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін), туу туралы куәлік, әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлік (егер болса), оқуға кандидаттың білімі туралы құжат.
3. Үлгерім табелінің көшірмесі немесе сынақ кітапшасының көшірмесі (білім беру ұйымдарындағы оқушылар үшін).
4. Сауалнама деректері - 2 дана.
5. Өмірбаян (өз қолымен басылған және жазылған) - 2 дана.
6. Оқу орнынан мінездеме (қызмет, жұмыс).
7. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы анықтама.
8. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
9. Жақын туыстарының (ата-аналарының, асырап алушыларының, атаанасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінің) жеке куәліктері мен туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
10. Фотосуреттер 3*4 - 6 дана.
11. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасуға заңды өкілдердің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).
12. ҰБТ сертификаты (мерзімді әскери қызмет өткерген және әскери бөлімде конкурстық іріктеуден өткен адамдарды қоспағанда). Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы) ұсынады.
бұйрыққа 2-қосымша |
|
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 1-1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тізбесі
р/с | Даярлау бағыттары (білім беру бағдарламаларының топтары) | Білім беру бағдарламалары | Күндізгі оқу | |
Бейіндік пәндер комбинациясы | ||||
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | |||
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындары | ||||
1 |
6В121 | 6В12101 Әскери барлаудын командалық тактикасы | "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі бейіндік пән | |
"6В12102 Әскери психологияның командалық тактикасы | ||||
6В12192 Ұлттық ұланның командалық тактикасы | ||||
6В12193 Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстың командалық тактикасы | ||||
6В12194 Әскерлерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикасы | ||||
6В12195 Әскерлерді зымыран артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикасы | ||||
6В12196 Ұлттық ұланды автомобильмен қамтамасыз етудің командалық тактикасы | ||||
6В12197 Ұлттық ұланды тылдық қамтамасыз етудің командалық тактикасы | ||||
6В12198 Байланыс әскерінің командалық тактикасы | ||||
2 бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары | ||||
2 | 6В123 Қоғамдық қауіпсіздік | 6В12301 Құқық қорғау қызметі | "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кез келген вариациядағы (шығармашылық емтиханнан басқа)екі бейіндік пән | |
6В12302 | ||||
6В12303 Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл | ||||
6В12304 Ішкі істер органдарының қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | ||||
6В12305 Ішкі істер органдары қызметіндегі педагогика және психология |