"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 444/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34838 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектілері;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Электрондық түрде қызмет көрсету кезінде ақпараттандыру объектісі ЭҮТШ-ке төлемдерді пайдалану туралы мәліметтерді жібереді.

      Барлық өтінімдер мен құжаттар интеграциялық өзара іс-қимылға қатысушылардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-пен куәландырылады.

      Егер интеграциялық сервис бастамашысының ақпараттық жүйесі Заңның 49-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпараттандыру объектілеріне жататын болса, онда сервиске қосуға немесе сервисті жариялауға арналған өтінімге интеграциялық сервис бастамашысы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақ хаттамаларын қоса береді.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамаларын кері қайтарып алу кезінде Оператор ақпараттандыру субъектілерін хабардар ете отырып, 1 жұмыс күні ішінде осы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіндегі барлық интеграциялық өзара іс-қимылды тоқтата тұрады.";

      3-қосымшаның 21-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары";

      4-қосымшаның 13-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары";

      5-қосымшаның 30-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамаларын тіркеңіз (.doc, .docx, .pdf)";

      7-қосымшада:

      2-тараудың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, шет елдердегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар;

      15) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

      3-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті өнеркәсіптік пайдалану үшін сыртқы платформаға іске қосқанға дейін уәкілетті органға, интеграциялық сервис иесіне және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді қамтамасыз етеді.";

      8-қосымшаның 22-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары";

      9-қосымшаның 31-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
К. Тулеушин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 "Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации "электронного правительства"

Приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 июля 2024 года № 444/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2024 года № 34838

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 "Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации "электронного правительства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16777) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах интеграции объектов информатизации "электронного правительства", утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) объекты информатизации, размещенные на информационно-коммуникационной платформе "электронного правительства" и предназначенные для осуществления налогового и таможенного администрирования в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. При оказании услуг в электронном виде объект информатизации направляет сведения об использовании платежей в ПШЭП.

      Все заявки и документы удостоверяются ЭЦП уполномоченных лиц участников интеграционного взаимодействия.

      Если информационная система инициатора интеграционного сервиса относится к объектам информатизации, указанным в пункте 2 статьи 49 Закона, то к заявке на подключение к сервису или на публикацию сервиса инициатор интеграционного сервиса прилагает протоколы испытаний с положительным результатом испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности.";

      пункт 65 изложить в следующей редакции:

      "65. При отзыве протоколов испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности на объект информатизации "электронного правительства", Оператор приостанавливает все интеграционные взаимодействия у данного объекта информатизации "электронного правительства" в течение 1 рабочего дня с уведомлением субъектов информатизации.";

      строку 21 приложения 3 изложить в следующей редакции:

      "21. Протоколы испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности";

      строку 13 приложения 4 изложить в следующей редакции:

      "13. Протоколы испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности";

      строку 30 приложения 5 изложить в следующей редакции:

      "30. Прикрепите протоколы испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности (.doc, .docx, .pdf)";

      в приложении 7:

      пункт 2 главы 2 дополнить подпунктами 14) и 15) следующего содержания:

      "14) услугодатель – центральные государственные органы, загранучреждения Республики Казахстан, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимы районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также физические и юридические лица, оказывающие государственные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      15) уполномоченный орган в сфере информатизации (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере информатизации и "электронного правительства".";

      пункт 4 главы 3 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) до запуска государственной услуги в промышленную эксплуатацию на внешнюю платформу обеспечивает демонстрацию государственной услуги уполномоченному органу, владельцу интеграционного сервиса и услугодателю.";

      строку 22 приложения 8 изложить в следующей редакции:

      "22. Протоколы испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности";

      строку 31 приложения 9 изложить в следующей редакции:

      "31. Протоколы испытаний на соответствие требованиям информационной безопасности".

      2. Комитету государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра
цифрового развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
К. Тулеушин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной
безопасности Республики Казахстан