"Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 31 шiлдедегі № 107/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34848 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16783 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Шет мемлекеттің аумағындғы шетелдік спутниктік байланыс операторларының жерүсті телекоммуникация желілері арқылы ұйымдастырылған спутниктік байланыс желілерінің халықаралық түйісу нүктелерін тіркеу осы Қағидалардың 10 және 11 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      4-2. Спутниктік байланыстың абоненттік құрылғысын Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісіне қосылған спутниктік байланыс операторының жерүсті станциясымен қосуды спутниктік байланыс операторлары қамтамасыз етеді.

      Спутниктік байланыстың абоненттік құрылғысын шетелдік спутниктік байланыс операторының шет мемлекеттің аумағындағы жерүсті станцияларымен қосқан кезде спутниктік байланыстың абоненттік құрылғысының шығыс трафигі тіркелген халықаралық түйісу нүктесі арқылы өтетін қорғалған байланыс арналары бойынша спутниктік байланыс операторының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жерүсті станциясына қайта жіберіледі.

      Спутниктік байланысты ұйымдастырудың аталған шарттары геостационарлық емес спутниктер қолданылатын байланыс желілерін пайдалану жөніндегі пилоттық жобаларға қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 25/нс "Об утверждении Правил функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 31 июля 2024 года № 107/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2024 года № 34848.

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 25/нс "Об утверждении Правил функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16783) следующие дополнения:

      в Правилах функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктами 4-1 и 4-2 следующего содержания:

      "4-1. Регистрация международных точек стыка сетей спутниковой связи иностранных операторов спутниковой связи, находящихся на территории иностранного государства, организованных через наземные сети телекоммуникаций, осуществляется в соответствии с пунктами 10 и 11 настоящих Правил.

      4-2. Операторы спутниковой связи обеспечивают соединение абонентского устройства спутниковой связи с наземной станцией оператора спутниковой связи, находящейся на территории Республики Казахстан и присоединенной к единой сети телекоммуникаций Республики Казахстан.

      При соединении абонентского устройства спутниковой связи с наземными станциями иностранного оператора спутниковой связи, находящихся на территории иностранного государства, исходящий трафик абонентского устройства спутниковой связи перенаправляется на наземную станцию оператора спутниковой связи, находящейся на территории Республики Казахстан, через защищенные каналы связи, проходящие через зарегистрированную международную точку стыка.

      Указанные условия организации спутниковой связи не распространяются на пилотные проекты по использованию сетей связи с применением негеостационарных спутников.".

      2. 5 Службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (Дарменову Б.Д.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

      СОГЛАСОВАН
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан