Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шілдеде № 34852 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 12-2), 23-27) және 23-28) тармақтарына және "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 478-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 283 Бұйрыққа
қосымша

Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 20-бабының 12-2), 23-27) және 23-28) тармақтарына және құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) тәртібін анықтайтын, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15 тармағының 478-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу мынадай:

      1) мемлекеттік ақпарат жүйесі арқылы автоматтандыруға жататын бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар туралы мәліметтерді жүйелеу;

      2) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      2) рұқсат беру органдары – лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;

      3) рұқсат бойынша мәліметтер – құжаттың барлық деректерін және рұқсат мәртебесінің өзгеру тарихын қамтитын рұқсат бойынша толық ақпарат;

      4) мемлекеттік ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Жүйе) - сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсатты алу, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату (кері қайтарып алу) бөлігінде лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыруға, хабарламаны жіберуге және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;

      5) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімі (бұдан әрі – автоматтандырылған тізілім) – құрылыс субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі;

      6) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органдары жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсаттың иесі;

      7) лицензиат – қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын, лицензиясы бар жеке немесе заңды тұл, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның филиалы;

      8) екінші санаттағы рұқсаттың иесі – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;

      9) рұқсаттың бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – РБСН) – осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін берілген рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне бірінші санаттағы рұқсаттарға берілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі;

      10) рұқсат мәртебесі – рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру шамасына қарай өзгертілетін рұқсаттың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы;

      11) тарихи деректер – рұқсат беру және мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар туралы ақпарат;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - ЭЦҚ құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      13) жеке кабинет – әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан жиналған пайдаланушы туралы дербес ақпарат қамтылған ақпараттық жүйенің бөлімі.

      14) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін мемлекеттік бақылау – лицензиялау рәсімін жүзеге асыру, субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы, оның ішінде белгіленген рұқсат беру талаптарына сәйкестігі кезіндегі Жүйенің мәліметтерді жинау және талдау процесі (бұдан әрі - Мониторинг).

      4. Қол жеткізу құқықтарын белгілеуді және тізілімнің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүргізеді.

      5. Мемлекеттік құпияларды және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды, еңбекші көшіп келушілерге арналған рұқсаттарды қоспағанда, Тізілімде қамтылған мәліметтер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында (бұдан әрі – сыртқы портал) қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады және мүдделі тұлғаларға танысу үшін ақы алмай қол жетімді.

      6. Тізім мынадай бөлімдерге бөлінеді:

      1) жобалау, іздестіру қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілген лицензиялар тізілімі;

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аккредиттеуден өткен субъектілердің тізілімі.

      7. Мәліметтерді Тізілімге енгізу Жүйе арқылы жүзеге асырылады.

      8. Өтініш беруші, лицензиат не екінші санаттағы рұқсаттың иесі жеке кабинетті тіркеу және құру кезінде жүйе арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім береді.

2-тарау. Автоматтандырылған тізілімді жүргізу

      9. Автоматтандырылған тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) рұқсат санаты (бірінші санаттағы рұқсат (лицензия), екінші санаттағы рұқсат);

      2) рұқсат сыныбы (1 – қызметке берілетін рұқсат);

      3) рұқсаттың атауы;

      4) тарихи деректердің белгісі (тарихи деректер бар болған жағдайда);

      5) лицензиаттың / екінші санаттағы рұқсат иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      6) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның – лицензиаттың атауы;

      7) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;

      8) рұқсат беру (біліктілік) талаптарында болған жағдайда инженерлік-техникалық жұмыскерлер туралы;

      9) рұқсат беру (біліктілік) талаптарында болған жағдайда, сарапшылар туралы;

      10) өндірістік база туралы;

      11) іске асырылған объектілер туралы (рұқсат беру (біліктілік) талаптары болған жағдайда);

      12) материалдық-техникалық жарақтандыру туралы;

      13) өтініш берілген күн;

      14) рұқсат берілген күн;

      15) рұқсат мәртебесі;

      16) рұқсат қолданысының басталған күні;

      17) рұқсат беру органы;

      18) қызмет, іс-әрекет түрі (қызмет, іс-әрекет түріне берілетін рұқсаттар үшін);

      19) қызметтің кіші түрлері (қызметтің кіші түрлері бар қызмет түріне рұқсаттар үшін);

      20) лицензия түрі (бас, айрықша, біржолғы);

      21) ерекше жағдайлар;

      22) рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (Жүйе рұқсаттарға электрондық нысанда беретін);

      23) РБСН;

      24) бастапқы рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (қайта ресімдеу жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);

      25) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру кезеңі (тоқтата тұру жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);

      26) бастапқы лицензияның РБСН;

      27) бастапқы рұқсаттың нөмірі, сериясы (қайта ресімдеу немесе электрондық нысанға ауыстыру жүзеге асырылған қағаз нысанда ғана берілетін бірінші санаттағы рұқсаттар үшін);

      28) бастапқы құжаттың берілген күні (қайта ресімдеу жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);

      29) рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының электрондық нысандағы рұқсаттар үшін ЭЦҚ-сы туралы мәліметтер;

      30) рұқсатты кері қайтарып алу (күшін жою) негіздемесі (сот шешімі негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсат беру органы кері қайтарып алған/күшін жойған рұқсаттар үшін).

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер барлық рұқсаттар үшін міндетті түрде толтырылуға тиіс. Осы Қағидалардың 9-тармағының 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшаларында келтірілген мәліметтер, олар бар болса толтыруға жатады.

      11. Автоматтандырылған тізілімнің мәліметтеріне кірмеген, нақты ерекше өрістерді ескере отырып, рұқсат туралы мәліметтердің толық құрамы рұқсат бойынша егжей-тегжейлі мәліметтерде қаралуы мүмкін.

      12. Автоматтандырылған тізілімде, егер рұқсат беру нысаны электрондық нысанда көзделген жағдайда, рұқсатты беру нысанын электрондық нысанда жүктеу мүмкіндігі бар.

      13. Автоматтандырылған тізілімде тарихи деректерді енгізуді рұқсат беру органдары жүйе арқылы жүзеге асырады.

      14. Тарихи деректерді енгізу кезінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген автоматтандырылған тізілімнің бос жерлері толтырылады.

      15. Тарихи деректерді енгізу кезінде рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ның рұқсаттары туралы мәліметтерін куәландыру талап етілмейді.

      16. Рұқсат беру органдары автоматтандырылған тізілімге тарихи деректерді енгізген кезде рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылмайды.

      17. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды электрондық нысанда беру және қайта ресімдеуді жүйе автоматты режимде жүзеге асырады.

      18. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды беру және қайта ресімдеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:

      "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде лицензиялар беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелген);

      "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12702 болып тіркелген);

      "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру бойынша техникалық қадағалау және сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12535 болып тіркелген);

      "Сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген).

3-тарау. Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу)

      19. Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, тоқтатуды (кері қайтарып алуды) Жүйе автоматты режимде не рұқсат беру органдары сот шешімінің негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (кері қайтарып алу) туралы мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырады.

      20. Автоматтандырылған тізілімде рұқсаттарды тоқтата тұру мерзімі алты айдан аспайды. Егер алты ай өткеннен кейін автоматтандырылған тізілімде рұқсаттардың қолданылуын қайта бастауға негіздер болмаса, бұл рұқсат одан әрі қалпына келтіру мүмкіндігінсіз автоматты режимде автоматтандырылған тізілімнен шығарылады.

      21. Автоматтандырылған тізілімге қосу және одан шығару Заңда және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Об утверждении Правил ведения, приостановления, прекращения действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 31 июля 2024 года № 283. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2024 года № 34852

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      В соответствии с пунктами 12-2), 23-27) и 23-28) статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и подпункта 478-1) пункта 15 Положения о Министерстве промышленности и строительства Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864 "Некоторые вопросы Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения, приостановления, прекращения действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

  Приложение к приказу
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 31 июля 2024 года № 283

Правила ведения, приостановления, прекращения действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения, приостановления, прекращения действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктами 12-2), 23-27) и 23-28) статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон) и подпункта 478-1) пункта 15 Положения о Министерстве промышленности и строительства Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 864, которые определяют порядок ведения, приостановления, прекращения действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства.

      2. Ведение автоматизированного реестра разрешений в сфере архитектуры, градостроительства и строительства осуществляется в целях:

      1) систематизации сведений о разрешениях первой и второй категории, подлежащих автоматизации посредством государственной информационной системы;

      2) информирования физических и юридических лиц Республики Казахстан о сведениях, содержащихся в автоматизированном реестре разрешений в сфере строительства.

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) уполномоченный орган в сфере архитектуры, градостроительства и строительства (далее – уполномоченный орган) – центральный государственный орган, осуществляющий руководство в сфере архитектуры, градостроительства и строительства;

      2) разрешительные органы – лицензиары и органы, уполномоченные на выдачу разрешений второй категории;

      3) сведения по разрешению – полная информация по разрешению, включающая все данные документа и историю изменения статуса разрешения;

      4) государственная информационная система (далее – Система) – информационная система, предназначенная для осуществления в электронном виде лицензирования в части получения, переоформления, приостановления, возобновления и прекращения (отзыва) разрешения с присвоением идентификационного номера, направления уведомления и обеспечения этих процессов;

      5) автоматизированный реестр разрешений в сфере строительства (далее – автоматизированный реестр) – компонент информационной системы для организации проведения строительства по принципу "одного окна", интегрированная с информационными системами государственных органов, содержащий сведения о субъектах строительства;

      6) заявитель – физическое или юридическое лицо, филиал или представительство юридического лица, лицензиат, владелец разрешения второй категории, обратившиеся в соответствующий разрешительный орган для прохождения лицензирования или разрешительной процедуры, или направившие уведомление;

      7) лицензиат – физическое или юридическое лицо, а также филиал иностранного юридического лица, предметом деятельности которого является оказание финансовых услуг, имеющие лицензию;

      8) владелец разрешения второй категории – физическое или юридическое лицо, имеющее действительное разрешение второй категории;

      9) уникальный идентификационный номер разрешения (далее – УИНР) – уникальный идентификационный номер, присваиваемый разрешениям первой категории государственной информационной системе разрешений и уведомлений, выданных до введения в действие настоящих Правил;

      10) статус разрешения – характеристика текущего состояния разрешения, изменяемая по мере осуществления разрешительных процедур;

      11) исторические данные – информация о разрешениях, выданных или направленных в период временного или постоянного отсутствия у разрешительных и государственных органов, возможности ведения государственного электронного реестра разрешений и уведомлений;

      12) электронная цифровая подпись (далее - ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами ЭЦП и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания;

      13) личный кабинет – раздел информационной системы, в котором содержится персональная информация о пользователе, собранная из различных государственных баз данных;

      14) государственный контроль автоматизированного реестра разрешений в сфере строительства – процесс сбора и анализа сведений Системой при осуществлении процедуры лицензирования, соблюдении субъектами требований законодательства Республики Казахстан, в том числе соответствие установленным разрешительным требованиям (далее - Мониторинг).

      4. Установление прав доступа и обеспечение функционирования Реестра осуществляется уполномоченным органом. Ведение Реестра производится уполномоченным органом.

      5. Сведения, содержащиеся в Реестре, за исключением информации, содержащей государственные секреты и иную охраняемую законами тайну, разрешений на приобретение гражданского и служебного оружия и патронов к нему, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением, разрешений трудовым иммигрантам, размещаются на казахском и русском языках на внешнем портале государственной информационной системы разрешений и уведомлений (далее – внешний портал) и доступны для ознакомления заинтересованным лицам без взимания платы.

      6. Реестр подразделяется на следующие разделы:

      1) реестр лицензий, выданных на проектную, изыскательскую деятельность и строительно-монтажные работы;

      2) реестр субъектов, прошедших аккредитацию в области архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      7. Внесение сведений в Реестр осуществляется посредством Системы.

      8. Заявитель, лицензиат либо владелец разрешения второй категории дает согласие на сбор и (или) обработку персональных данных, содержащихся в объектах информатизации государственных органов и (или) государственных юридических лиц посредствам системы при регистрации и создании личного кабинета.

Глава 2. Ведение автоматизированного реестра

      9. Реестр разрешений в сфере строительства содержит следующие сведения:

      1) категория разрешения (разрешение первой категории (лицензия), разрешение второй категории);

      2) класс разрешения (1 – разрешения, выдаваемые на деятельность);

      3) наименование разрешения;

      4) признак исторических данных (в случае наличия исторических данных);

      5) индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер лицензиата / владельца разрешения второй категории;

      6) фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица/наименование юридического лица – лицензиата;

      7) адрес местожительства физического лица или местонахождения юридического лица;

      8) об инженерно-технических работниках в случае наличия в разрешительных (квалификационных) требованиях;

      9) об экспертах в случае наличия в разрешительных (квалификационных) требованиях;

      10) о производственной базе;

      11) о реализованных объектах (в случае наличия в разрешительных (квалификационных) требованиях;

      12) о материально-технической оснащенности;

      13) дата подачи заявления;

      14) дата выдачи разрешения;

      15) статус разрешения;

      16) дата начала действия разрешения;

      17) разрешительный орган;

      18) вид деятельности, действия (для разрешений, выдаваемых на вид деятельности, действия);

      19) подвиды деятельности (для разрешений на вид деятельности, имеющих подвиды деятельности);

      20) вид лицензии (генеральная, исключительная, разовая);

      21) особые условия;

      22) идентификационный номер разрешения (присваиваемый Системой разрешениям в электронной форме);

      23) УИНР;

      24) идентификационный номер первоначального разрешения (для разрешений, по которым было осуществлено переоформление);

      25) период приостановления действия разрешения (для разрешений, по которым было осуществлено приостановление);

      26) УИНР первоначальной лицензии;

      27) номер, серия первоначального разрешения (для разрешений первой категории, выдаваемых только в бумажной форме, по которому было осуществлено переоформление или перевод в электронную форму);

      28) дата выдачи первоначального документа (для разрешений, по которым было осуществлено переоформление);

      29) сведения об ЭЦП уполномоченного лица разрешительного органа для разрешений в электронной форме;

      30) основание отзыва (аннулирования) разрешения (для разрешений, отозванных/аннулированных разрешительным органом на основании решения суда либо в иных случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан).

      10. Сведения, указанные в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), и 14) пункта 9 настоящих Правил, подлежат обязательному заполнению для всех разрешений. Сведения, приведенные в подпунктах 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29) и 30) пункта 9 настоящих Правил, подлежат заполнению при их наличии.

      11. Полный состав сведений о разрешении, с учетом специфичных полей, не вошедших в состав сведений автоматизированного реестра, может быть просмотрен в детальных сведениях по разрешению.

      12. В автоматизированном реестре имеется возможность загрузки формы представления разрешения в электронной форме, в случае если форма представления разрешения в электронной форме, предусмотрена соответствующим разрешением.

      13. Ввод исторических данных в автоматизированный реестр осуществляется разрешительными органами посредством Системы.

      14. При вводе исторических данных заполняются поля автоматизированного реестра, указанные в пункте 9 настоящих Правил.

      15. При вводе исторических данных не требуется удостоверение сведений о разрешениях ЭЦП уполномоченного лица разрешительного органа.

      16. При вводе разрешительными органами исторических данных в автоматизированный реестр, идентификационный номер разрешения не формируется.

      17. Выдача и переоформление разрешений в автоматизированном реестре в электронной форме осуществляется Системой в автоматическом режиме.

      18. Выдача и переоформление разрешений в автоматизированном реестре осуществляется согласно:

      приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере выдачи лицензий в архитектурной, градостроительной и строительной деятельности и о внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан № 175 от 1 апреля 2020 года (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20267);

      приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан Республики Казахстан "Об утверждении Правил по аккредитации организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства" № 733 от 26 ноября 2015 года (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12702);

      приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан Республики Казахстан "Об утверждении Правил и разрешительных требований по аккредитации организаций, осуществляющих инжиниринговые услуги по техническому надзору и экспертные работы по техническому обследованию надежности и устойчивости зданий и сооружений на технически и технологически сложных объектах первого и второго уровней ответственности" № 709 от 23 ноября 2015 года (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12535);

      приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан Республики Казахстан "Об утверждении Правил аккредитации экспертных организаций" № 151 от 27 февраля 2015 года (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10640).

Глава 3. Приостановление, прекращение действия (отзыва) разрешений в автоматизированном реестре

      19. Приостановление, прекращение действия (отзыв) разрешений в автоматизированном реестре осуществляется Системой в автоматическом режиме либо разрешительными органами, на основании решения суда либо в иных случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан посредствам внесения сведений о приостановлении прекращение действия (отзыв) разрешения.

      20. Срок приостановления разрешений в автоматизированном реестре составляет не более шести месяцев. В случае, если отсутствуют основания к возобновлению действия разрешений в автоматизированном реестре по истечению шести месяцев, данное разрешение исключается из автоматизированного реестра в автоматическом режиме без возможности ее дальнейшего восстановления.

      21. Включение и исключение из автоматизированного реестра производиться по основаниям, предусмотренными Законом и Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".