Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 шілдедегі № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шілдеде № 34855 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      1) "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10178 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:

      11-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау (білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту, тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету, балалар ауруларының динамикасы, оқыту жағдайының санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі, мектеп инспекторы, психологтар мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта, турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы)";

      2) "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15584 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібінде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Н. Жумадильдаева

О внесении изменения и дополнения в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 31 июля 2024 года № 195. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2024 года № 34855

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан, следующие изменение и дополнение:

      1) в приказе Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 544 "Об утверждении правил проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования с установлением размера гранта и порядка его присуждения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10178):

      в Правилах проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования" с установлением размера гранта и порядка его присуждения, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "5) создание условий для сохранения здоровья обучающихся, обеспечение безопасности и создание условий охраны труда участников учебно-воспитательного процесса (охват обучающихся деятельностью спортивных секций в организациях образования, обеспечение бесплатным витаминизированным горячим питанием учащихся из числа малообеспеченных семей, динамика заболеваемости обучающихся, соответствие условий обучения санитарным правилам и нормам, наличие штатных должностей школьных инспекторов, психологов и социальных педагогов, турникетов и камеры видеонаблюдения);";

      2) в приказе Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 355 "Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15584):

      в Типовых правилах организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях среднего образования, в том числе специализированных и специальных организаций образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 14 дополнить подпунктом 24) следующего содержания:

      "24) осуществляет иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.".

      2. Комитету по охране прав детей Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
Н. Жумадильдаева