БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33885 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 - тармақтың 8) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
"құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) - көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеу;".
3 - тармақтың екінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
"Агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін аудан орталықтарының тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі