БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерде (бұдан әрі – Ерекшеліктер):
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Эксперимент Астана, Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және Ақтөбе, Алматы және Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында іске асырылады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты өзге электрондық құжатты толтыруды электрондық сауда операторы мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізеді:
1) тауарлар туралы мәліметтер тізілімінің тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:
1-элемент – кеден органының коды;
2-элемент – ХПЖ тізілімін тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры);
3-элемент – күнтізбелік жыл шеңберіндегі өтпелі нөмірлеу бойынша реттік нөмір;
2) "жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты" деген бағанда жеке жүкқұжат немесе ХПЖ бірегей нөмірі (әрбір ХПЖ қолданылатын ДПО техникалық стандарттар жинағының S10 стандартына сәйкес келетін жазбаша хат-хабарлар мен сәлемдемелердің бірегей 13 таңбалы әріптік-цифрлық сәйкестендіргіші) туралы мәліметтер толтырылады;
3) "Жөнелтуші (жөнелтуші ел, ұйымның атауы, жөнелтушінің мекенжайы)" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген жөнелтуші туралы мәліметтер толтырылады;
4) "Тауарларды алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген электрондық сауда тауарын алушысы туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер немесе тауарды алушының жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде, толтырылады; тегін, атын, әкесінің атын толтыруға жол беріледі (ол болған жағдайда) ДПО құжатына сәйкес латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсеткен кезде). Мемлекеттік кірістер органдары мен электрондық сауда операторының ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы тауарды алушының жеке басын куәландыратын құжаты немесе жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер болмаған кезде;
5) "Тауарларды алушы жеке тұлғаның мекенжайы" деген бағанда жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауарларды жеткізу мекенжайы толтырылады;
6) "Тауардың атауы" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауардың атауы толтырылады. Латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып тауар атауын толтыруға жол беріледі;
7) "ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды" деген бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кемінде алғашқы 6 белгі (болған кезде) деңгейінде толтырылады. Электрондық сауда операторында СЭҚ ТН коды туралы мәліметтер болмаған жағдайда 000 000 көрсетуге жол беріледі.
8) "Тауар саны" деген бағанда өлшем бірліктеріндегі тауар саны толтырылады;
9) "Брутто салмағы, кг" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген жеке жүкқұжатта немесе құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауарлардың жалпы брутто массасы толтырылады;
10) "Құны" деген бағанда тауардың құны коммерциялық құжаттарға немесе ДПО құжаттарына сәйкес цифрлармен толтырылады;
11) "Валюта" деген бағанда валюта сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды толтырылады.";
көрсетілген Ерекшеліктерге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау үшін кедендік декларациямен пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде танылатын электрондық сауда операторлары пайдаланатын өзге де электрондық құжат
№ | Жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты | Жөнелтуші (ел жөнелтілімдер, ұйымның атауы, жөнелтушінің мекен-жайы) | Тауарлар алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Тауарлардың алушы – жеке тұлғаның мекен жайы | Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды | Таурдың саны | Брутто салмағы, кг | Құны | Валюта |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 11 | 12 |
Аббревиатураларды ашып жазу және қысқарту:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы;
ДПО – Дүниежүзілік пошта одағы;
кг – килограмм.