БҰЙЫРАМЫН:
1. "Террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауызсумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бейнебақылау жүйесі – өзара ақпараттық алмасуды жүзеге асыратын бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдарының және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Паспорт "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада әзірленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі