"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 28 тамыздағы № 590 бұйрығымен бекітілген |
|
нысаны |
Кредитор талаптарының тізілімі _______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), борышкердің ЖСН)
№ | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)/ кредитордың атауы | Кредитордың ЖСН/БСН | Қойылған талаптардың сомасы (теңге) | Қаржы басқарушысы қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешектің пайда болған күні | Танылған талаптар сомасы | Танылмаған талаптар сомасы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Бірінші кезек | ||||||
1) | Өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Алимент өндіріп алу бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Бірінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
2. | Екінші кезек | ||||||
1) | Салықтық берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Кедендік төлемдер бойынша берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
4) | Сот шешімі бойынша өндіріліп алынатын, бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешек | ||||||
…. | |||||||
Барлығы: | |||||||
Екінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
3. | Үшінші кезек | ||||||
1) | Кредиторлардың азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) |
Кепілді кредитордың талаптары, мына: | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті борышкердің мүліктік массасына қайтару туралы сот шешімі нәтижесінде туындайтын талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Үшінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
4. | Төртінші кезек | ||||||
1) | Кредиторлардың шығындарды өтеу жөніндегі талаптары | ||||||
...... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Кредиторлардың тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі талаптары (айыппұл, өсімпұл) | ||||||
..... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Төртінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
5. | Бесінші кезек | ||||||
1) | Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын қарау кезінде берешекті қайта құрылымдау құралдарының бірін ұсыну бойынша міндетін орындамаған кредиторлар талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алимент өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, оларды ұсыну мерзімі өткеннен кейін мәлімделген талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Бесінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
Тізілім бойынша барлығы: | |||||||
6. | Тізілімнен шығарылған талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: |
Аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке-сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).