ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 07.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқалар), дағдарыстық экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді уәкілетті органға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылдың 7 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 28 тамыздағы № 523/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқалар), дағдарыстық экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді уәкілетті органға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқалар), дағдарыстық экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді уәкілетті органға беру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-3-бабына сәйкес әзірленген және байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерінің иелерінің дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқалар), дағдарыстық экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттер, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді уәкілетті органға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың күші Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық байланыс операторларына және (немесе) байланыс желілерінің иелеріне қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;
2) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
3) деректерді біріктіру - ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады;
4) телекоммуникация желісінің иесі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
5) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
6) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқалар), дағдарыстық экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттер, эпидемиялар туындаған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау және туындау қаупі кезінде біріктірілген деректерді уәкілетті органға ұсыну тәртібі
4. Уәкілетті орган агрегатталған деректерді алу үшін байланыс операторларына және (немесе) байланыс желілерінің иелеріне (бұдан әрі – сұрау салу) қолжетімді тәсілдермен (мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері, интернет-ресурстары арқылы) сұрау салуды жібереді.
Жедел штаб әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-3-бабының 1-тармағына сәйкес біріктірілген деректерді алу үшін байланыс операторларына және (немесе) байланыс желілерінің иелеріне сұрау салуды дербес жібереді.
Байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің атына сұрау салу жіберілген кезде біріктірілген деректерді алу үшін өтініштің мақсаты, сондай-ақ осындай деректерді беру мерзімі көрсетіледі.
5. Сұрау салу мынадай тәсілдердің бірімен жіберіледі:
электронды түрде;
қағаз тасығышта.
6. Байланыс операторлары және (немесе) желі иелері біріктірілген деректерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұсынады.
7. Байланыс операторлары және (немесе) желі иелері уәкілетті органнан, жедел штабтан сұрау салуды алғаннан кейін 3 (үш) сағат ішінде уәкілетті органға, жедел штабқа осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша біріктірілген деректерді ұсынады.
8. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда біріктірілген деректерді алғаннан кейін оларды "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес азаматтық қорғау қызметіне жібереді.
Біріктірілген деректер
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Ескертпе |
Орналасқан жері (абоненттің орналасқан жері) | |||
Абоненттердің жалпы саны |