БҰЙЫРАМЫН:
1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде А-1, В-1, С-1, С-О-1, С-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадрлық резервіне қабылданған жоғары білімі және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде D-2, D-О-2, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-1, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда тоғыз жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-2, С-О-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-3, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болған жағдайда.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.";
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |