"Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның міндеттері:
1) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қазіргі ахуалды талдау;
2) мыналар:
заңсыз әкетуге, әкелуге, адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері;
адам саудасының жағдайы және осы құбылыстың қауіптілігі, көрсетілген салада бар құқық қорғау шаралары және көмек сұрауға жүгіну мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету;
адам саудасының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету саласында қабылданған халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
адам саудасына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға және оларға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
5. Комиссияның функциялары:
1) талап етілетін ақпаратты алу адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілеріне сұрау салуды жіберу;
2) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін олар жүргізетін жұмыс туралы отырысқа шақыру және тыңдау, сондай-ақ олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) тәуелсіз сарапшыларды, мамандар мен ғалымдарды тарту;
4) адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету саласындағы проблемаларды шешуде мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
5) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3-тарау. Комиссияның құрамы, қызметін ұйымдастыру және тәртібі
6. Комиссия құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің өкімімен бекітіледі.
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс органы қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссия құрамына ЖАО-ның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, ішкі саясат, аумақтық полиция органдарының, прокуратураның, әділет органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшелерінің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
9. Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасары болып табылады.
10. Жұмыс органының функциялары ЖАО тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
11. Комиссия отырысын комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары өткізеді.
12. Комиссияның жұмысы жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады.
13. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
15. Комиссияның қызметін үйлестіруді адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
16. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне жолдануы тиіс.
17. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
18. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және осы Ереженің қосымшасына сәйкес көзделген комиссия есебіне-хатқа қоса берілуге тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама жасалады.
Дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жолдайды.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап жолдайды.
19. Дауыс беру парақтарын қоса бере отырып, Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге қосымша |
Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің КЕЛІСУ ПАРАҒЫ ___________________________________________ Т.А.Ә., лауазымы
№_____ отырыс _____ күні
Сұрақ- | Сұрақтың мазмұны | Шешім жобасы | Комиссия/жұмыс тобы мүшесінің шешімі | ||||
қолдаймын | қолдамаймын | пысықтау | күн тәртібінен алу | ескертпе (егер шешім қолдау тапса толтырылмайды) | |||
1. |
___________________
Қолы
Ескертпе: комиссияның/жұмыс тобының отырысында тікелей толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.