ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу қағидаларын;";
мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
"41) жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттелетін қызмет – жасалған шарттарға сәйкес субъектілер көрсететін өндірілген және (немесе) сатып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;";
мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
"51) индекстеу әдісі – қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифтерді жыл сайын индекстеуі арқылы тарифтерді қалыптастыру;";
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"60) қуаттылығы аз субъект – реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъект:
орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жалпы белгіленген қуаты бір сағат ішінде жиырма Гигакалорий (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу бойынша;
көлемі жылына бес жүз мың текше метрге дейін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейін суару үшін су беру бойынша;
бәсекелес кірме жол болмаған кезде көлемі жылына елу мың вагон/км, вагон/сағат дейін кірме жолдар;
көлемі жылына жиырма бес миллион килоВатт-сағатқа (бұдан әрі – кВт.сағ.) дейінгі электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъект.
Қуаттылығы аз субъектіге кірісі күнтізбелік бір жылда субъектінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша субъект те жатады. Бұл ретте қалған реттелетін қызметтер бойынша субъект қуаттылығы аз субъектіге жатпайды.";
89) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"89) негізделмеген кіріс – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті асырып көрсету, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспабының көрсеткіштері, тұтыну көлемі, шамасы және нормалары бойынша құқыққа сыйымсыз есепке жазу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшердің бес пайызынан астамға тарифтік смета шығындарының баптарын орындамау, инвестициялық бағдарламаларды орындауға тарифтік сметада көзделген қаражатты игермеу немесе мақсатсыз пайдалану нәтижесінде субъект алған қосымша кіріс;
116) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"стратегиялық тауарлар:
субъектілер жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут және дизель отыны;
электр энергиясы – электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, сондай-ақ жылу энергиясын беру және бөлу салаларындағы субъектілер үшін;
жылу энергиясы – жылу энергиясын өткізу саласындағы субъектілер үшін және жылу энергиясын беру және бөлу саласындағы нормативтік шығындар үшін;
газ – тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ жалғастырушы газ құбырлары арқылы шикі газды тасымалдау салаларындағы субъектілердің өз мұқтаждары мен шығындары үшін;
су – сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы субъектілер үшін;";
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
10) электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) өткізу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.
Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) өткізу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілерді тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифтерді қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге, оң экономикалық және технологиялық әсер алу мақсатында заманауи инфрақұрылымды құруға және дамытуға бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде инновацияларды енгізу.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу тетігіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын деңгейден аспайтын бекітілген тарифті индекстеу жолымен қуаттылығы аз табиғи монополия субъектінің жыл сайынғы тарифті белгілеуі;";
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тарифті индекстеу әдісімен есептеген кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъект жүзеге асыратын субъектінің тарифті белгілеуі;";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар санының азаюына байланысты ұсынылған қызметтер көлемінің өзгеруі кезінде субъект жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес бекітілген тарифті өзгертпей, сараланған тарифтерді бекітуге өтінімді мына негіздейтін келесі материалдарды қоса береді:
1) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту қажеттігі туралы түсіндірме жазба, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес бекітілген тарифті өзгертусіз;
2) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтердің есептеуі;
3) негіздейтін материалдарды (субъект жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасасқан шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне тарифтердің деңгейін қолдау немесе тарифтердің деңгейін өсіру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуді негізге ала отырып жасалған есептеулермен) қоса бере отырып, халықтың тобына жататын тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй ғимараттардың , барак үлгісіндегі үйлерде тұрып жатқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды бөліп көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпарат;
4) негіздейтін материалдарды (субъект жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жасасқан шарттармен, ниет хаттамалармен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау немесе тарифтердің деңгейін өсіру мақсатында көлемдерді төмендетуге жол берілмеуін негізге ала отырып, жасалған есептеулермен) өзге де және бюджеттік тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайларда, барак үлгісіндегі үйлерде орналасқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпарат;
5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй ғимараттарда, барак үлгісіндегі үйлерде тұрып жатқан немесе орналасқан тұтынушылардың (оның ішінде жеке тұлғалар, бюджеттік және өзге де тұтынушылар бойынша бөліп көрсете отырып) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпарат;
6) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық үй-жайлардың, барак үлгісіндегі үйлердің тізбесі.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, төтенше жағдайлардың немесе авариялардың алдын алу үшін шұғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген тарифтік сметадағы шығындар баптарын дербес қайта бөледі.";
31-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Субъект жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес бекітілген тарифті өзгертпестен енгізу туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей, субъект өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру жолымен тұтынушының назарына жеткізеді.";
48-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеуді;";
2-тараудың 2-параграфының 3-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бөлім. Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктері";
62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті есептеу тетігі меншік нысанына қарамастан, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілеріне.
63. Жылу энергиясымен өткізу у жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті мынадай формула бойынша анықталады:
1) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жиынтығында тариф бекітілген жағдайда, мынадай формула бойынша есептеледі:
T = (Zппрс+Pппрс)/Q, мұндағы:
Zппрс – жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен өткізу у жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған субъектінің экономикалық негізделген шығындары, теңге;
Pппрс – жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тиімді, түрде ұсынуға қажетті пайданың жол берілетін деңгейі, теңге;
Q – тұтынушылардың (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ) жылу энергиясымен өткізу жөніндегі қызметтерді тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктерін, тарифтер деңгейін қолдау немесе өсіру мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуді негізге ала отырып есептермен расталған жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі, Гигакалорий (бұдан әрі – Гкал);
2) жылу энергиясын беру, тарату және онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жиынтығында тариф бекітілген жағдайда, тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
Т = Төнд + (Zпрс+Pпрс) / Q, мұндағы:
Төнд – жылу энергиясын өндіруге арналған тариф, 1 гигакалория үшін теңге (бұдан әрі - теңге/Гкал);
Zпрс – жылу энергиясын беру, тарату және онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған субъектінің экономикалық негізделген шығындары, теңге;
Рпрс – жылу энергиясын беру, тарату және онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тиімді түрде ұсынуға қажетті пайданың жол берілетін деңгейі, теңге;
3) жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф бекітілген кезде немесе субъект үшін жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру, тарату және (немесе) онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер әрбір көрсетілетін қызмет бойынша жеке бекітілген кезде:
Т = Төнд + Tберу+(Zөтк+Pөтк)/Q, мұндағы:
Төнд – жылу энергиясын өндіруге арналған тариф;
Tберу – жылу энергиясын беру мен таратуға арналған тариф;
Zөтк – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған субъектінің экономикалық негізделген шығындары, теңге;
Рөтк – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тиімді ұсынуға қажетті пайданың жол берілетін деңгейі, теңге.";
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"111. Тарифке қосылатын пайданың деңгейі қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны және амортизациялық аударымдарды іске асыру үшін қажетті қаражатты есепке ала отырып шектеледі.";
3-1-параграфтың тақырыбы редакцияда жазылсын:
"3-1 параграф. Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеу.";
1-бөлімнің тақырыбы редакцияда жазылсын:
"1-бөлім. Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеудің ерекшеліктері.";
208-126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"208-126. Реттеу кезеңінің әрбір жылында өнімділік пен тиімділікті ынталандыру тетігі қолданылады, оның мақсаты субъектіні сапа мен сенімділік көрсеткіштеріне, оның ішінде инновациялық шешімдерді ескере отырып, қол жеткізуге ынталандыру болып табылады.
Уәкілетті органның ведомствосы тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және (немесе) жергілікті атқарушы органмен бірлесіп осы Қағидалардың 208-131, 208-132 және 208-133-тармақтарында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі және субъекттер қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысады.";
208-132-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"208-132. Уәкілетті органның ведомствосы жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері:";
209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"209. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі тарифтерді индекстеуді он екі айда бір реттен жиілетпей жүргізеді.";
211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"211. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъект осы Қағидаларға сәйкес есептелген шығындарды бөлуді дербес жүзеге асырады.";
245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"245. Тарифтерді қалыптастыру Қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу тетігіне сәйкес есептелген тариф тұтынушылар тобына тұтынушының есепке алу аспабының болуына немесе болмауына, , тасымалданатын жүктердің түріне, жылжымалы құрамның типіне, тасымалдау арақашықтығына, табиғи монополиялардың түрлі салаларында тасымалданатын жүктердің көлеміне (салмағына) байланысты сараланады және уәкілетті органның ведомствосы экономикалық негізделген шығындар мен пайданың негізінде әрбір топ үшін жеке бекітеді.
Субъект тарифті саралауды қолдану кезінде алынған қосымша табысты инвестициялық бағдарламаны ұлғайтуға бағыттайды.";
3-бөлімнің тақырыбы редакцияда жазылсын:
"3-бөлім. Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау";
268, 269, 270, 271, 272-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"268. Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф тұтынушылар топтары бойынша, оның ішінде жылу энергиясын тұтынуды есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай сараланады.
Тұтынушылар топтарына арналған тарифтер осы Қағидалардың 2-параграфының 3-бөліміне сай Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған тарифке сүйене отырып:
тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейі;
инфляцияға әсері;
жылу энергиясын тұтыну құрылымы;
өнеркәсіптік өндірістің даму деңгейі;
энергияны үнемдеу үшін ынталандыру жасау ескеріліп айқындалады.
269. Жылу энергиясымен өткізу бойынша тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:
1) халық санатына жататын жеке тұлғалар – бірінші топ;
2) бірінші және үшінші топқа жатпайтын өзге тұтынушылар – екінші топ;
3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар – үшінші топ.
270. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Tхал.=Tхал.қолд.* k1 (теңге/Гкал), мұндағы:
Тхал.қолд. – тұтынушылардың бірінші тобы үшін субъектінің жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф;
k1 – осы Қағидалардың 268-тармағына сәйкес айқындалған, тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізуге арналған тарифті өзгерту коэффициенті.
271. Тұтынушылардың екінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Tөзге=Tөзге.қолд.* k2 (теңге/Гкал), мұндағы:
Төзге.қолд.. – тұтынушылардың екінші тобы үшін субъектінің жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф;
k2 – осы Қағидалардың 268-тармағына сәйкес айқындалған тұтынушылардың екінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізуге арналған тарифті өзгерту коэффициенті.
272. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Тбюдж. = (Т*Q – Tхал.*Qхал.– Tөзге * Qөзге)/Q бюдж.(теңге/Гкал) мұндағы:
Т – осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес айқындалған, жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
Q – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, тұтынушылардың (жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі;
Тхал. – тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
Qхал. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
Төзге – тұтынушылардың екінші тобы үшін жылу энергиясымен өткізу у жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
Qөзге – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
Qбюдж. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.";
272-2, 272-3, 273, 274, 275 және 276-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"272-2. Кіші топтар үшін жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф былайша айқындалады:
1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2-ге дейін:
Tхал.1 = Тхал., мұндағы:
Тхал.1– халық санатына жататын жеке тұлғалар – 1-кіші топ тарифі;
Тхал. – осы Қағидалардың 270-тармағына сәйкес айқындалған тариф;
2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астамнан 200 м2 -ге дейін;
Tхал. 2=Тхал.*1,1, мұндағы:
Тхал.2 – халық санатына жататын жеке тұлғалар– 2-кіші топ тарифі.
Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халықтың 1-кіші тобына сияқты халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2-ден астам:
Tхал.3=Тайқынд., мұндағы,
Тхал.3 – халық санатына жататын жеке тұлғалар – 3-кіші топ тарифі;
Tайқынд. – осы Қағидалардың жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған (орташа босату тарифі) талаптарын ескере отырып айқындалған тариф.
Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері халықтың 1 және 2-кіші тобына сияқты қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.
272-3. Халық санатына жататын жеке тұлғалар" тұтынушылардың бірінші тобы 2 және 3-кіші топтарының арналған тарифтерді қолдануы кезінде субъектісі алған қосымша кіріс реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жұмсалады.
Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау кезінде қосымша кірістің мақсатқа сай пайдаланылмауын анықтаған жағдайда, негізсіз кіріс табиғи монополия субъектісінің бекітілген барлық кірісінен алып тасталады.
Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізу кезінде бекітілген барлық кірістен мақсатқа сай пайдаланылмаған қосымша кіріс сомасын алып тастайды.
273. Есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:
1) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобы үшін (ТЕА жоқ хал.):
ТЕА жоқ хал. = 1,2 * Тхал.(теңге/Гкал);
2) жылу энергиясын есептеудің есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобы үшін (ТЕА бар хал.):
ТЕА бар хал.= (Тхал.* Q хал. – ТЕА жоқ хал.= *QЕА жоқ хал.)/QЕА бар хал. (теңге/Гкал).
Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобына (ТЕА бар хал.) арналған тариф есептеме бойынша ≤0 деңгейінде айқындалатын болса, онда ТЕА бар хал. және ТЕА жоқ хал. мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ТҮОЕА бар хал. = 0,5*Тхал. (теңге/Гкал);
ТЕА жоқ хал.= = (Тхал. * Qхал. – ТЕА бар хал. * QЕА бар хал.=)/QЕА жоқ хал.= (теңге/Гкал), мұндағы:
Qхал. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
QЕА жоқ хал. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
QЕАбар хал. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
3) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда, тұтынушылардың екінші тобы үшін (ТЕА жоқ өзге):
ТЕА жоқ өзге = 1,3 * Төзге (теңге/Гкал);
4) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда, тұтынушылардың екінші тобы үшін (ТЕА бар өзге):
ТЕАбар өзге = (Төзге *Qөзге – ТЕА жоқ өзге * QЕА жоқ өзге) / QЕА бар өзге (теңге/Гкал),
егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобына арналған тариф (ТЕАбар өзге) есептеме бойынша ≤0 деңгейінде айқындалатын болса, ТЕА бар өзге және ТЕА жоқ өзге мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ТЕА бар өзге= 0,7*Төзге (теңге/Гкал);
ТЕА жоқ өзге = (Төзге* – ТЕА бар өзге * QЕА бар өзге)/QЕА жоқ өзге (теңге/Гкал), мұндағы:
Qөзге – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
QЕА жоқ өзге – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
QЕА бар өзге – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
5) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобы үшін (ТЕА жоқ бюдж.):
ТЕА жоқ бюдж. = 1,5 * Тбюдж.(теңге/Гкал);
6) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобы үшін (ТЕА бар бюдж.):
ТЕА бар бюдж. = (Тбюдж. * Qбюдж. – ТЕА жоқ бюдж. * Q ЕА жоқ бюдж.)/Q ЕА бар бюдж. (теңге/Гкал).
Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобы үшін тариф (ТЕА бар бюдж.) есептеме бойынша ≤ 0 деңгейінде айқындалған болса, онда ТЕА бар бюдж. және ТЕА жоқ бюдж. мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ТЕА бар бюдж. = 0,5 * Тбюдж.. (теңге/Гкал);
ТЕА жоқ бюдж. = (Тбюдж.. * Qбюдж. – ТЕА бар бюдж. * Q ЕА бар бюдж.)/QЕА жоқ бюдж. (теңге/Гкал), мұндағы:
Qбюдж. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
QЕА жоқ бюдж. – жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;
QЕА бар бюдж.– жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.
274. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін жылу энергиясымен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Тхал. тозғ.= Тхал. (теңге/Гкал),
Т өзге тозғ. = Төзге (теңге/Гкал),
Т бюдж. тозғ. = Тбюдж. (теңге/Гкал).
275. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайлардың тізбесін уәкілетті орган ведомствосының сұрау салуы бойынша жергілікті атқарушы органдар (қалалардың, аудандардың) жылу энергиясымен өткізу қызметтерін көрсету орны бойынша ұсынады.
276. Есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясын өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге сараланған тарифтерді тұтынушылардың қолдануына байланысты субъектінің кірісті толық алмауы немесе негізсіз кіріс алуы жағдайында толық алынбаған кіріс сомасы немесе негізсіз алынған кіріс сомасы осы Қағидалардың 2-параграфының 3-бөліміне сәйкес Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктеріне сәйкес айқындалатын тариф өзгерген кезде, оның ішінде тарифтердің қолданылу кезеңінде ескеріледі.";
290-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"290. Жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақыны уәкілетті органның ведомствосы жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:";
291-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"291. Жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылытуға жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақы (Тж ЕА жоқ) мынадай формула бойынша айқындалады:";
292-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"292. Жылу энергиясына есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақы (бұдан әрі – ыстық сумен жабдықтауға төлемақы) былайша айқындалады:";
293-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"293. Жылу энергиясының есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылар үшін жылытуға арналған жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақыны уәкілетті органның ведомствосы бекітпейді. Төлемақы мөлшері ай сайын осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясының есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады.";
294-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"294. Жылу энергиясының есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға, оның ішінде ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақыны (бұдан әрі – ЕА-мен ыстық сумен жабдықтауға төлемақы) уәкілетті органның ведомствосы бекітпейді. Төлемақы мөлшері ай сайын осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясының есепке алу аспаптарының және ыстық судың жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады.";
303-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"303. Қуаттылығы аз табиғи монополия Субъект уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға тарифті өзгерту кезінде осы Қағидаларға сәйкес тарифті индекстеу қағидаларын басшылыққа алады.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъекті тарифті уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға өзгерткен кезде уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім береді.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектінің өтініміне мыналар:
1) тарифті бекіту қажеттігін ашатын және реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бөлінісінде жылдар бөлінісінде тарифтерді соңғы бекіту сәтінен бастап өткен кезең үшін субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің талдауын қамтитын түсіндірме жазба;
2) осы Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес 11-нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп;
3) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес 10-нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф пен тарифтік сметаның жобасы;
4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік;
5) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген персонал санының, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің және техникалық шығындардың есептеулері;
6) субъектінің негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, жөндеуге жіберілетін шығындардың жылдық сметаларының жобасы;
7) күрделі жөндеулер жүргізуге жіберілетін шығындардың жылдық сметалары;
8) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есептеулері;
9) субъекті желілерінің (жабдығының) жобалық қуаты және оны нақты пайдалану туралы деректер;
10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар);
11) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алу бағасын растайтын құжаттар;
12) негізгі құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде);
13) пайданың есептеулері;
14) өтінім ұсынудың алдындағы төрт тоқсан үшін және алдындағы күнтізбелік жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің шығындары туралы және көлемдері туралы нақты деректерді растайтын құжаттар.";
305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"305. Уәкілетті органның ведомствосы субъектінің өтінімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей субъект ұсынған, осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, қоса берілген есептеулердің және негіздеуші материалдардың толықтығын, осы Қағидалардың 302-тармағына сәйкестігін, қуаттылығы аз табиғи монополия субъектіге – осы Қағидалардың 303-тармағына сәйкестігін тексереді және өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе осы Қағидалардың 306-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып, оны қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде қағаз тасымалдағышта субъектіні хабардар етеді.";
306-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"306. Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіздер болып табылады:
1) субъектінің осы Қағидалардың 299-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында, осы Қағидалардың 302-тармағында көзделген құжаттарды немесе қуаттылығы аз табиғи монополия субъектінің осы Қағидалардың 303-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;";
342-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"342. Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъектінің басшысы не оны алмастыратын адам не субъект басшысының орынбасары қол қояды. Осы талап өтінішті электрондық нысанда беруге қолданылмайды.
Тарифті, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімге қоса берілетін, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерге қоса берілетін есептердің, құжаттардың, ақпараттың және басқа да материалдардың толықтығы, негізділігі мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектісі жауапты болады.";
343-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтік техникалық шығындарды жоспарлы төмендетудің есептеуі бойынша талаптар магистральдық теміржол желілері, теміржол көлігі объектілерімен теміржол жолдары, кірме жолдар, порттар, жылу энергиясын өндіру және онымен өткізу, су бұру салаларында қызметтер көрсететін субъекттерге қолданылмайды.";
345-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыру немесе бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту (мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қоспағанда) бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асырудың қалған мерзіміне тарифті арттыруды талап еткен жағдайда оның қарауға қабылданғаны немесе оның қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы (қағаз және электрондық) жазбаша хабардар етеді.";
376-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"376. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессиялық жобаның жобасын қарау кезінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің салынған инвестицияларын қайтаруды қамтамасыз етуді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес салынған инвестицияларға кірістілік деңгейін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті шығындардың құнынан төмен емес тарифі есептеледі, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе концессия шартында өзгеше көзделмесе.";
482-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) өткізу жөніндегі –33, 34, 35, 36, 37 және 38-қосымшаларға сәйкес;";
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу қағидалары";
514-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"514. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу тәртібін айқындайды.";
10-тараудың 2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу қағидалары";
520-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"520. Есептік кезеңдегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу кезінде бүкіл жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты орташа тәуліктік температурасы ескеріледі.";
521-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"521. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу осы Қағидалардың 2 параграфының 4 бөліміне сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктерін қолдануды ескере отырып жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтің отын құрамдас бөлігі бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша айқындалады:";
523-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"523. Есептік кезеңдегі сыртқы ауаның орташа өлшенген нақты температурасын (tсорт.нақты) және есептік кезеңдегі сыртқы ауаның нақты температурасы кезінде тұрғын және тұрғын емес үй ғимараттар ішіндегі ауаның орташа өлшенген температурасын (tіорт.нақты) есептеу үшін сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер нысаны толтырылады, онда:";
524-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"524. Осы Қағидаларға 124-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу үшін деректерге сәйкес кестеде есептелген деректерді негізге ала отырып:";
527-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"527. Қайта есептеу жылыту кезеңі үшін не күнтізбелік жыл үшін орындалады, қайта есептеу үшін осы Қағидаларға 126-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нысаны толтырылады.";
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару";
528-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"528. Заңның 26-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субъект сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайта есептеуді жүргізеді.";
530 және 531-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"530. Субъект тұтынушылардың назарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатындағы қаражатты тұтынушыларға аванс (сальдо) түрінде қайтару сомасы туралы ақпаратты оған ескертпемен қоса жеткізеді.
Авансқа (сальдоға) ескертпеде осы сома сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеудің нәтижесі болып табылатыны туралы ақпарат көрсетіледі.
531. Есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірілмейтін мерзімде Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық немесе жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу бойынша, оның қорытындысы бойынша уәкілетті органның ведомствосына немесе тиісті аумақтық органға тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы ақпарат берілетін қайта есептеу нәтижелері бойынша, тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы шешім қабылдайды.
Аумақтық орган субъектілер ұсынған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты тұтынушыларға қайтару туралы ақпаратты жібереді және уәкілетті орган ведомствосының ресми сайтында орналастырады.
Уәкілетті органның ведомствосы өзінің ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы жиынтық ақпаратты орналастырады.";
542-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу жөніндегі;";
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының өзгеруі;
10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъекттерін қоспағанда, субъекттер реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген мемлекеттік мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардың электр желілерін басқару, мүлікті өтеусіз пайдалануға алған кезде оны балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес;";
12) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидалардың осы тармағының 10) тармақшасында көзделген негізде, оның ішінде субъектілері басқа энергия беруші ұйымдардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алған жағдайда, оның қолданылу мерзімі өткенге дейін бекітілген тарифтік сметаға өзгерісті уәкілетті орган тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен аспайтын, деңгейде жүзеге асырады.";
602-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тариф оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу-сату бағасының айырмасына байланысты алынған алдыңғы аяқталған кезең (жыл) үшін нақты шығыстар немесе кірістер пайда болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органы электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы субъектiлерi үшін, тариф осы Қағидалардың 601-тармағының негізінде өзгерген кезде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы бойынша шығыстарды қоспағанда, тарифтің шығындық бөлігін негізсіз алынған немесе толық алынбаған кіріс сомасына өзгертеді.
Тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерген кезде осы Қағидалардың 601-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген тарифтік сметадан осы Қағидаларда айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.
Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 601-тармағының 5) тармақшасында көзделген себеп бойынша:
1) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есептің;
2) тұтынушының растайтын құжаттармен қоса, тұтынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің жоспарланатын ұлғаюы туралы ақпараттың негізінде оның қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифті өзгертуге бастамашылық жасайды.
Осы Қағидалардың 601-тармағының 5), 10) және 12) тармақшаларында көзделген себептер бойынша тариф оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 604-тармағына сәйкес ұсынылған есептер мен материалдарға талдау жүргізеді.
601-тармақтың 5) тармақшасының негізінде өтінішпен ұсынылған есептеулер мен материалдарды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы шартты-ауыспалы шығындар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін түзетеді немесе егер мұндай өзгеріс бекітілген тарифтің жоғарылауына әкеп соқтырса, субъектінің тарифті өзгертуге өтінішін қараусыз қалдырады.
Уәкілетті органның ведомствосы ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді және ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілері үшін Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін осы Қағидалардың 11-тарауына сәйкес есептелген шартты-ауыспалы шығындарды, көрсетілетін қызметтердің көлемін және пайданы (қарыз қаражатын қаржыландыруды және қарыз ресурстарын өтеуді жабуға (облигациялық қарыздың толық құнын өтеу күніне дейін қаражатты резервтеу) және/немесе өзгерістерді инвестициялық бағдарлама сомасының өсуі жағына қарай), рұқсат етілген деңгейінен аспайтын пайданы түзетеді.";
604-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган ведомствосының тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:
1) осы Қағидалардың 601-тармағының 1), 2), 3) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
2) осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 6) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
3) осы Қағидалардың 601-тармағының 12) тармақшасында көзделген жағдайда оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.";
2-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қуаты аз табиғи монополиялар субъектілері үшін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен төмен емес деңгейде айқындалады.;
2-тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған жалақысы жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін жалақының ең төмен мөлшерінің екі еселенген деңгейінен асып кеткен кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын, өндірістік персоналдың жалақысы есеп алынады.";
4-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Индекстеу әдісін қолдана отырып қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің тарифті бекіту қағидалары";
637-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"637. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде пайданың жол берілетін деңгейін осы Қағидалардың 11-тарауына сай субъект пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тартылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде айқындайды.
Тарифке қосылатын пайда деңгейі дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі субъекттердің тарифтеріне қосылатын пайданы қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты ескере отырып шектеледі.
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі субъекттердің тарифіне қосылатын пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті қаражат ескеріле отырып шектеледі.
Инвестицияларды субъектілер меншікті және (немесе) қарыз қаражат есебінен жүзеге асырады. Меншікті қаражат көзі пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Қарыз қаражатын қайтару пайда (таза кіріс) және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.";
14-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Индекстеу әдісін қолдана отырып қуаттылығы аз табиғи монополия субъектінің тарифті бекіту қағидалары";
638, 639, 640, 641 және 642-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"638. Индекстеу әдісін қолданылатын қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифті уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын деңгейден асырмайтын деңгейде индекстеу жолымен жыл сайын белгілейді.
Уақытша өтемдік тарифті бекіткен жағдайда, қуаттылығы аз табиғи монополия субъекті тарифті оның қолданылу кезеңі өткеннен кейін уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын индекстеу деңгейінен асырмай жоғарлатады.
Бұл ретте, қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі өзгерткен реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф, тарифтік смета, тиісінше, реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф және тарифтік смета болып табылады.
639. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі тариф өзгергенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде Заңның 15-бабының 13-тармағына сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.
Жария тыңдауларды өткізудің күні және орны туралы ақпаратты және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі оларды өткізгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ол болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына интернет-ресурсында немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін береді.
640. Тарифті индекстеу туралы шешім осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, тарифтік сметаны қоса бере отырып және тарифтердің өзгеру себептерін көрсете отырып, тарифті есептеу тетігіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға тарифтерді өзгерту туралы Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектінің ішкі бұйрығымен ресімделеді.
641. Қуаттылығыы аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосын тарифтің өзгеруі туралы оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тарифті, бекітілген тарифтік сметаны өзгертудің себептерін қамтитын ақпаратты ұсына отырып хабардар етеді.
642. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі өзгертілген тариф күшіне енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тарифті, бекітілген тарифтік сметаны өзгертудің себептерін қамтитын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы тұтынушыларды бұл туралы хабардар етеді, ол болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына оның интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін ұсынады.";
10-нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
15-нысан осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
34-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
37-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
38-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
124-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
126-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
143-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін он екінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, елу алтыншы, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс бесінші, жетпіс жетінші, сексен екінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық тоғызыншы абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 1-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъект ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтің, тарифтік сметалардың және тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептердің жобасы
10-нысан |
____________________________________________
(табиғи монополия субъектісінің атауы)
____________________________________________________________________
(реттеліп көрсетілетін қызметтер түрінің атауы) арналған тарифтік смета
Р/с № | Көрсеткіштердің атауы* | Өлшем бірлігі | Жылға есептегенде қолданыстағы тарифте қабылданды, барлығы | Табиғи монополия субъектісінің жобасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Тауарларды өндіруге және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы | мың теңге | ||
2 | Материалдық шығындар, барлығы, | |||
Оның ішінде: | ||||
2.1. | Шикізат пен материалдар | |||
2.2. | Энергия | |||
2.3. | ЖЖМ | |||
2.4. | Отын | |||
2.5. | Сатып алынатын энергия | |||
2.6. | Сатып алынатын су | |||
2.7. | Су шаруашылығы және кәріз жүйелері электр энергиясының технологиялық шығысы (нормативтік ысыраптар) | |||
3. | Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы | |||
Оның ішінде: | ||||
3.1. | Жалақы | |||
3.2. | Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар | |||
МӘМС | ||||
3.3. | Амортизация | |||
3.4. | Жөндеу, барлығы | |||
Оның ішінде: | ||||
3.6. | Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеу | |||
4. | Өзге шығындар, барлығы | |||
Оның ішінде: | ||||
4.1. | Байланыс қызметтері | |||
4.2. | Бөгде ұйымдардың жүктерді тасымалдауы | |||
4.3. | Күзет қызметтері | |||
4.4. | Іссапар шығыстары | |||
4.5. | Кадрлар даярлау | |||
4.6. | Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | |||
4.7. | Табиғи ресурстарды (суды және басқаларды) пайдаланғаны үшін төлем | |||
4.8. | Іске қосу-реттеу жұмыстары | |||
4.9. | Өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау, дератизациялау, қоқыс шығару және басқа да коммуналдық қызметтер | |||
5. | Сақтандырудың міндетті түрлері | |||
5.1. | Лицензиялар сатып алу | |||
5.2. | Қоршаған ортаны қорғау | |||
5.3. | Басқа шығындар (таратып жазу қажет) | |||
1 | Кезең шығыстары, барлығы | |||
6. | Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы | |||
6.1. | Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы | |||
6 | Оның ішінде: | |||
6.2. | Әкімшілік персоналдың жалақысы | |||
6.3. | Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар | |||
МӘМС | ||||
6.4. | Банк қызметтері | |||
6.5. | Амортизация | |||
6.6. | Техникалық басқару құралдарын, есептеу техникасын және т.б. ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстар | |||
6.7. | Коммуналдық қызметтер | |||
6.8. | Бөгде ұйымдардың қызметтері | |||
6.9. | Іссапар шығыстары | |||
7. | Өкілдік шығыстар, мерзімдік басылым, байланыс шығыстары | |||
7.1. | Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы | |||
7.2. | Жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалға алу | |||
7.3. | Салықтар | |||
7.4. | Басқа шығыстар (таратып жазу қажет) | |||
7.5. | Өткізу қызметін ұстауға арналған шығыстар, барлығы | |||
. | Оның ішінде: | |||
7.6. | Жалақы | |||
7.7. | Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар, МӘМС | |||
7.8. | Түбіртектерді ресімдеу шығыстары | |||
7.9. | Көрсетілетін қызметтерді (оның ішінде су өлшеуіштерді) өткізумен байланысты амортизация | |||
8. | Ағымдағы жөндеу | |||
8.1. | Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеу | |||
8.2. | Маркетингтік қызметтер | |||
8.3. | Басқа шығыстар (таратып жазу қажет) | |||
8.4. | Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар | |||
II | Барлық шығын | |||
V | Пайда | |||
Барлық кірістер | ||||
I | Көрсетілетін қызметтердің көлемі | |||
II | Нормативтік ысыраптар | заттай көрсеткіштермен | ||
III | Тарифі (қосымша құн салығынсыз) | теңге/ұсынылатын қызметтердің бірлігіне |
Ескертпе:
*шығындар қажет болған жағдайда кеңейтіледі немесе толықтырылады;
ЖЖМ – жанар-жағар май материалдары;
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы
__________________________________________________________________
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Күні 20 жылғы "___" ______________
Инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нысаналы көрсеткіштерінің тізбесі
Сала: жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу
Р/с № | Нысаналы көрсеткіштің салмағы,пайызбен | Ақпараттың атауы | Ақпарат | ||||
Өлшем бірлігі | 1-жыл | 1-жыл | А жыл | ||||
1. | Іс-шара "_______________" | мың теңге | |||||
Іс-шараның сипаттамасы және өлшем көрсеткіші "_______________" | табиғи бірлік | ||||||
1.1. | 1-мақсат "Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету (арттыру)" көрсеткіштері | Инвестициялық бағдарлама іс-шарасының нысаналы көрсеткіштері | |||||
1.2. | Қазандықтың жылу қуаты | Гкал/сағат (немесе МВт/сағат) | |||||
1.3. | Тұтынушының өтінімін (іске қосуға, техникалық шарттар беруге) өңдеудің ұзақтығы | Уақыт бірлігі (күндер, сағаттар) / өтінім | |||||
1.4. | Үйге ортақ есепке алу аспаптарын, оның ішінде істен шыққандарын орнатудың ұзақтығы | Уақыт бірлігі (күндер, сағаттар) / өтініш | |||||
1.5. | Уәкілетті органның ведомствосы қауқарлы деп таныған тұтынушылар шағымдарының саны | өтінім берілген жылдың алдындағы жылға қарай пайызда | |||||
1.6. | Орнатылған үйге ортақ есепке алу аспаптарының саны | өтінім берілген жылдың алдындағы жылға қарай пайызда | |||||
Өзге де көрсеткіштер | |||||||
2. | 2-мақсат "Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (арттыру)" көрсеткіштері | Инвестициялық бағдарлама іс-шарасының нысаналы көрсеткіштері | |||||
2.1. | Өндірістік негізгі құралдардың тозуы | пайыз | |||||
2.2. | Авариялық (өтінімді берген жылдың алдындағы жылға) | пайыз | |||||
2.3. | Аварияларды жоюдың ұзақтығы (өтінімді берген жылдың алдындағы жылға) | пайыз | |||||
2.4. | Сұраныс (жылу энергиясын қосымша пайдалы босату), (табиғи бірліктерде немесе өтінім берілген жылдың алдындағы жылға пайызбен) | миллион киловатт сағат (немесе Гкал, пайызда-да) | |||||
2.5. | Іске қосу нүктелерінің саны | дана | |||||
2.6. | Резервтік қуат | Миллион киловатт сағат (немесе Гкал, пайызда-да) | |||||
2.7. | Желінің (тораптың) құрылған (салынған және пайдалануға енгізілген) учаскелері | мың километр | |||||
Өзге көрсеткіштер | |||||||
3. | 3-мақсат "Қызметтерді ұсыну шығындарын қысқарту" көрсеткіштері | Инвестициялық бағдарлама іс-шарасының нысаналы көрсеткіштері | |||||
3.1. | Көрсетілетін қызметтің бірлігіне отын шығындары | теңге/Гкал | |||||
3.2. | Қызметті ұсыну бірлігіне (жеке мұқтаждықтарға) электр энергиясы шығындары | теңге/Гкал | |||||
3.3. | Қызметті ұсыну бірлігіне еңбекке ақы төлеу шығындары | теңге/Гкал | |||||
3.4. | Техникалық ысыраптар | пайыз | |||||
Өзге де көрсеткіштер | |||||||
4. | Өзге де мақсаттар | ||||||
5. | Іс-шара "_______________" | мың теңге | |||||
Іс-шараның сипаттамасы және өлшем көрсеткіші "_______________" | табиғи бірлік | ||||||
6. | Инвестициялық бағдарламаның нысаналы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған барлық іс-шаралар бойынша жиынтық сома | мың теңге |
Ескертпе:
"Инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері" бағанында әрбір мақсат үшін табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – субъект) инвестициялық бағдарламаны бекіту кезеңіне өлшеудің сандық бірліктерінде нысаналы көрсеткіштер мәндерінің серпінін көрсетеді.
Субъект қол жеткізуге инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру бағытталған көрсеткіштер үшін ғана нысаналы мәндерді көрсетеді. Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру бағытталмаған көрсеткіштер үшін нысаналы көрсеткіштер көрсетілмейді.
"Өзге де мақсаттар" жолында субъект өтініш беруші сандық бірліктерде көрсеткіштері жоқ сапалық мақсаттардың сипаттамасын көрсетеді.
"1-жыл" бағанында инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінім берілген жылдың алдындағы жылғы, "1-жыл" – "А жыл" – тиісінше инвестициялық бағдарлама жобасы бекітілетін кезеңнің бірінші және соңғы жылдарындағы деректер көрсетіледі.
"Тұтынушыларға көрсететін қызметтер сапасын қамтамасыз ету (арттыру)" және "Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (арттыру)" мақсаттарының көрсеткіштері, егер инвестициялық жобаларды іске асыру жылу энергиясын беру және бөлу қызметтерінің сапасын, сенімділігін және қауіпсіздігін осы қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған жағдайда толтырылады.
Субъект өтінімді алған кезден бастап аспапты тікелей қосқанға немесе орнатқанға дейінгі уақыт ұзақтығы деп түсінілетін, өтінімді өңдеу немесе есепке алу аспабын орнату ұзақтығы бір жылдағы орташа арифметикалық сияқты есептеледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 3-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Табиғи монополиялар салаларының аялары бөлінісінде субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтерінде ескерілетін салалық Х-факторлар
Салалық Х-фактордың қолданылу кезеңі – _____-_____жылдар
№ | Саланың атауы | Қолданылу кезеңінің әрбір жылына салалық Х-фактор, проценттерде | ||
___жыл | … | ___жыл | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Энергетика, оған табиғи монополиялардың мынадай салалары жатады: | |||
топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су алаптарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу | ||||
электр энергиясын беру; | ||||
электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру; | ||||
электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру. | ||||
2 | Құбыржол көлігі, оған табиғи монополиялардың мынадай салалары жатады: | |||
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырлармен тасымалдау; | ||||
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау. | ||||
3 | Теміржол көлігі, оған табиғи монополиялардың мынадай салалары жатады: | |||
жүктерді контейнерлермен тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдау кезіндегі магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері; | ||||
бәсекелес теміржол жолдары болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржол жолдары; | ||||
бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар. | ||||
4 | Сумен жабдықтау, оған табиғи монополиялардың мынадай салалары жатады: | |||
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру. | ||||
5 | Теңіз көлігі, оған табиғи монополияның мынадай саласы жатады: | |||
порттар. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 4-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Жеке X-факторларды бағалау үшін пайдаланылатын құрылымдық параметрлердің ең аз тізбесі
1. Мынадай реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша:
электр энергиясын беру
электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру
электр энергиясын желіге босатудың және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру
№ р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны | Мың тұтынушы |
2. | Желілердің жалпы ұзындығы (электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | Мың километр |
3. | Күштік трансформаторлардың саны (электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | Дана |
4. | Күштік трансформаторлардың жалпы қуаты (электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | Мегаватт/сағат |
5. | Жыл ішінде тіркелген желілердегі ең көп жүктеме (электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ғана) | Киловольт |
6. | Бір жылда ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі | Киловатт/сағат |
7. | Қызмет көрсету аумағы | Шаршы километр |
Ескертпе: егер құрылымдық параметр реттеліп көрсетілетін қызмет үшін қолайлы болмаса, мұндай құрылымдық параметр мұндай реттеліп көрсетілетін қызмет үшін ескерілмейді.
2. Мынадай реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша:
шикі немесе тауарлық газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау;
Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау;
сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау;
тауарлық газды сақтау
№ р/с | Құрылымдық параметрлер | Өлшем бірлігі |
1. | Қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны | Мың тұтынушы |
2. | Газ құбырларының жалпы ұзындығы | Мың километр |
3. | Газ құбырларының/газ таратушы жүйенің жалпы қуаты | Мың текше метр |
4. | Газ құбырларындағы/газ таратушы жүйелердегі ең үлкен қысым | МПа |
5. | Бір жылда ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызмет көлемі | Мың текше метр |
3. Мынадай реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша:
жылу энергиясын өндіру;
жылу энергиясын беру және тарату;
жылу энергиясымен өткізу;
жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 5-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 34-қосымша |
|
нысан |
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: РУ-жылу-2
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) онымен өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Кәсіпорынның атауы_________________________________
р/с № | Негізгі құралдардың атауы | Жыл басына тартылған активтердің қалдық құны, барлығы, мың теңге | Тартылған активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу | |||||
№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет | № 2 реттеліп көрсетілетін қызмет | Өзге де қызметтер | ||||||
1-қосымшадан бөлу коэффициенті | Активтің құны, мың теңге, 3-бағ.*4-бағ. | 1-қосымшадан бөлу коэффициенті | Активтің құны, мың теңге, 3-бағ*6-бағ. | 1-қосымшадан бөлу коэффициенті | Активтің құны, мың теңге, 3-бағ*8-бағ. | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | Ғимараттар мен құрылыстар: | |||||||
1.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
1.2. | Жалпы | |||||||
2. | Машиналар, жабдықтар және беру құрылғылары: | |||||||
2.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
2.2. | Жалпы | |||||||
3. | Көлік құралдары: | |||||||
3.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
3.2. | Жалпы | |||||||
4. | Шаруашылық мүкамал: | |||||||
4.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
4.2. | Жалпы | |||||||
5. | Өзге де негізгі құралдар: | |||||||
5.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
5.2. | Жалпы | |||||||
Барлығы | ||||||||
6. | Материалдық емес активтер |
Ескертпе:
* тікелей тартылған активтер, яғни бір (нақты) ғана көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты активтер бөлу коэффициенттері бойынша бөлінбейді және нақты көрсетілетін қызметке тікелей жатқызылады. Бұл ретте есепті толтыру кезінде тікелей тартылған активтердің құны осы кестенің тиісті 5, 7 не 9-бағандарына жазылады.
Басшы __________________________________ _________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ ____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
________ жылғы "___" ____________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу туралы есеп (индекс - РУ-жылу-2) кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу және (немесе) өткізу жөніндегі қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есепті дайындауға арналған.
Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.
2. Барлық көрсеткіштер құндық мәнде ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде сол жақ жоғарғы бұрышта субъект кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғарғы бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетеді. Субъект мәліметтерді өткен күнтізбелік жылға толтырады.
5. Осы нысан активтердің құны алдыңғы қаржы жылының соңғы есепті күніндегі жағдай бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құны негізінде айқындалатын қызметтерге тартылған активтердің құнын бөлу үшін толтырылады.
6. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті жалпы негізгі құралдарды не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің тиісті есебінің жиынтық жолынан көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу туралы есепке ауыстырылады. Әрбір көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдар тобы активтерінің құны бөлу коэффициентіне тартылған активтер құнының туындысы ретінде анықталады.
7. 1-бағанда негізгі құралдардың атаулары бойынша реттік нөмірлері көрсетіледі.
8. 2-бағанда субъект ұсынатын көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.
9. 3-бағанда жыл басындағы тартылған активтердің қалдық құны туралы ақпарат көрсетіледі.
10. 4-бағанда осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген 1-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша негізгі құралдар тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
11. 5-бағанда 1-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі (3-баған * 4-баған).
12. 6-бағанда осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген 2-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша негізгі құралдар тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
13. 7-бағанда 2-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі (3-баған * 6-баған).
14. 8-бағанда осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген өзге де көрсетілетін қызметтер бойынша негізгі құралдар тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
15. 9-бағанда өзге қызметтер бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі (3-баған * 8-баған).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 6-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 37-қосымша |
|
нысан |
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған: Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: РУ-жылу-5
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) онымен өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Кәсіпорынның атауы ____________________________________
р/с № | Атауы | Бух. есеп бойынша есепті кезеңдегі сома, мың теңге | Соманы көрсетілетін қызметтерге Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесі, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидалары бойынша бөлу | |||||||
Барлығы | Оның ішінде | № 1 реттеліп көрсетілетін қызмет | № 2 реттеліп көрсетілетін қызмет | Өзге де қызметтер | ||||||
Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифте ескерілмеген шығындар сомасы | Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидалары бойынша сома | Бөлу коэффициенті | Осы көрсетілетін қызметтің шығындары сомасы, 6-баған* 5-баған | Бөлу коэффициенті | Осы көрсетілетін қызметтің шығындар сомасы, 8-баған * 5-баған | Бөлу коэффициенті | Осы көрсетілетін қызметтің шығындары сомасы, 10-баған* 5-баған | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. | Негізгі құралдардың тозуы: | |||||||||
1.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
1.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
2. | Материалдық емес активтердің амортизациясы: | |||||||||
2.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
2.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
3. | Еңбекке ақы төлеу шығыстары: | |||||||||
3.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
3.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
4. | Пайдалану шығыстары: | |||||||||
4.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
4.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
5. | Кезең шығыстары: | |||||||||
5.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
5.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
6. | Өзге де шығыстар: | |||||||||
6.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
6.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
Жиыны: |
Ескертпе:
* тікелей тартылған шығындар, яғни бір (нақты) ғана көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты шығындар бөлу коэффициенттері бойынша бөлінбейді және нақты көрсетілетін қызметке тікелей жатқызылады. Бұл ретте есепті толтыру кезінде тікелей тартылған шығындар сомасы осы кестенің тиісті 7, 9 не 11-бағандарына жазылады.
Басшы ______________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
________ жылғы "___" ____________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есеп (индекс - РУ-жылу-5, кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме жылу энергиясын өндіру және (немесе) тарату және (немесе) бөлу және (немесе) өткізу жөніндегі қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есепті дайындауға арналған.
Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүзеге асырады.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғарғы бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғарғы бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті.
Субъект алдыңғы күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.
5. Шығындарды қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады. Бухгалтерлік есепте тікелей шығындар әрбір реттеліп көрсетілетін қызметке және тұтастай өзге де қызметке сәйкес келетін жекелеген шоттарда (қосалқы шоттарда) қалыптастырылады. Жалпы шығындар үшін бухгалтерлік есепте шығындардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) көзделеді.
6. Бөлек есепке алуға реттеліп көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызметті ұсынуға арналған субъектінің барлық шығындары жатады, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидасына (бұдан әрі –Тізбе және қағида) сәйкес ескерілмейтін және ескерілетін шығындар жатады.
1-бағанда негізгі құралдардың атаулары бойынша реттік сандары көрсетіледі.
2-бағанда субъект ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шығындардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.
3-бағанда бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі жалпы сома көрсетіледі, мың теңгемен (4-баған + 5-баған).
7. Шығындардың жиынтық сомасы кезең шығыстарын субъект тиісті кезеңге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны" жолында көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
8. Кезең шығыстарының жиынтық сомасы субъект тиісті кезеңге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" жолында көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
9. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес келеді.
4-бағанда Тізбеге сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.
5-бағанда Тізбе бойынша шығындардың сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.
6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарда реттеліп көрсетілетін (жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) өткізу және өзге де қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген өзге қызмет) бөлінісінде Тізбе бойынша шығындар сомасының деректері көрсетіледі, оның ішінде:
6-бағанда субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;
7-бағанда реттеліп көрсетілетін қызмет шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (6-баған* 5-баған);
8-бағанда субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;
9-бағанда реттеліп көрсетілетін қызмет шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (8-баған * 5-баған);
10-бағанда субъектінің өзге қызметтерін (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген өзге қызмет) бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
11-бағанда субъектінің тиісті реттеліп көрсетілмейтін қызметі шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (10-баған *5-баған).
Әрбір баптың ішінде шығындарды барынша егжей-тегжейлеуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 7-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 38-қосымша |
|
нысан |
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған: Табыстарды көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Индексі: РУ-жылу-6
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) онымен өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: – ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Кәсіпорынның атауы ____________________________________
Есепті кезең | Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кіріс, мың теңге | ||||||
Жалпы сома (барлығы) | Оның ішінде кіріс | ||||||
№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет | № 2 реттеліп көрсетілетін қызмет | ||||||
Ұсынылған көрсетілген қызметтердің нақты көлемі (Гигакалориялармен (бұдан әрі – Гкал)) | Бекітілген тариф (көрсетілген құн салығынсыз) (1 Гкал үшін теңге) | Осы көрсетілетін қызметтен түскен кіріс, 3-баған*4-баған | Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі (Гкал) | Бекітілген тариф (қосылған құн салығынсыз) (1Гкал үшін теңге) | Осы көрсетілетін қызметтен түскен кіріс, 6-баған*7-баған | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кіріс, мың теңге | |||||||
Оның ішінде кіріс | |||||||
Өзге де қызметтерден | |||||||
Барлығы 12-баған + 15-баған | оның ішінде | ||||||
өзге де көрсетілетін қызметтер № 1 | Өзге де көрсетілетін қызметтер.. | ||||||
Көлемі | Бағасы | Кіріс 10-баған * 11-баған | Көлемі | Бағасы | Кірісі 13-баған * 14 -баған | ||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
Басшы ______________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
________ жылғы "___" ____________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Табыстарды қызмет түрлері бойынша бөлу туралы есеп (индекс-РУ-жылу-6, кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) өткізу және (немесе) кірістерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) тартылған активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу есебін дайындауға арналған.
Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.
2. Барлық көрсеткіштер құндық мәнінде ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады..
Есепке субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғарғы бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғарғы бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті. Субъект мәліметтерді өткен күнтізбелік жылға толтырады.
1-бағанда есепті кезең көрсетіледі.
Бағандарда 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15 бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кірістер, мың теңге (жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) өткізу) және өзге де қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен байланысты технологиялық қызметтер және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген өзге де қызмет), оның ішінде:
2-бағанда бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі.
4. Кірістердің жиынтық сомасы субъект тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан кіріс" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
3-бағанда заттай мәндегі тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі (қр Гигакалорий (бұдан әрі – Гкал));
4-бағанда уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф туралы деректер көрсетіледі (1Гкал үшін теңге);
5-бағанда есепті кезеңде тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (3-баған* 4-баған);
6-бағанда заттай мәндегі тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі (Гкал);
7-бағанда уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф туралы деректер көрсетіледі (1Гкал үшін теңге);
8-бағанда есепті кезеңде тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (6-баған * 7-баған);
9-бағанда есепті кезеңде өзге қызметтен түскен кірістің деректері көрсетіледі (12-баған + 15-баған);
10-бағанда заттай мәндегі тиісті өзге қызметтердің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі(Гкал);
11-бағанда тиісті қызметтер ұсынылған өзге қызметтің бағасы туралы деректер көрсетіледі;
12-бағанда есепті кезеңде тиісті өзге қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (10-баған * 11-баған);
13-бағанда заттай мәндегі тиісті өзге қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі;
14-бағанда тиісті қызметтер ұсынылған өзге қызметтің бағасы туралы деректер көрсетіледі;
15-бағанда есепті кезеңде тиісті өзге қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (13-баған * 14-баған).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 8-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 124-қосымша |
|
нысан |
________________________________________ үшін (кезең) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен өткізу бойынша көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу үшін деректердің нысаны
Тұтынушы __________________________________________________
Өнім беруші _______________________________________________
Температуралық кесте (t1p/t2p), ашық / жабық орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі
Есепті кезең (ай, жыл) | |||||
tннақты | q | q0.8 | t1 | tвнақты. | |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | х | х | х | х | х |
2 | х | х | х | х | х |
3 | х | х | х | х | х |
… | … | … | … | … | … |
31 | х | х | х | х | х |
Жиыны | х | х | |||
tсорт.нақты және tіорт.нақты. есебі | х | х |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына 9-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 126-қосымша |
|
нысан |
________________________________________ үшін (кезең) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу нысаны
Тұтынушы________________________________________________
Өнім беруші ____________________________________________
Сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен
өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу
Атауы | Qоунорма, Гкал/ м2 | Qоунақты, Гкал/ м2 | Ауытқу (+ / -), Гкал/м2 | Тарифтің отындық құрамдасы не жылу энергиясына тариф, теңге/ Гкал | Қайта есептеу (+ / -), теңге/м2 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
жыл | х | х | х | х | х |
қаңтар | х | х | х | х | х |
ақпан | х | х | х | х | х |
наурыз | х | х | х | х | х |
сәуір | х | х | х | х | х |
мамыр | х | х | х | х | х |
қыркүйек | х | х | х | х | х |
қазан | х | х | х | х | х |
қараша | х | х | х | х | х |
қараша | х | х | х | х | х |
желтоқсан | х | х | х | х | х |
Жиыны | х | х | х | х | х |
бұйрығына 10-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 126-қосымша |
|
нысан |
Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен өткізу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісімен тариф бекітуге өтінім _____________________________________________________________________________ (табиғи монополия субъектісінің атауы) ________________________________________________________ реттеліп көрсетілетін қызметтер түрінің атауы
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | 1 жыл | 2 жыл | 3 жыл | 4 жыл | 5 жыл |
Бақыланатын шығыстар | теңге | ||||||
2. | Бақыланбайтын шығыстар | теңге | |||||
3. | Амортизация, оның ішінде: | теңге | |||||
3.1 | инвестициялық бағдарламада ескерілген | теңге | |||||
3.2 | Активтердің реттелетін базасы (АРБ) | теңге | |||||
4 | Жол берілетін пайда (тиімділігі үшін сыйақы төлеуге дейін), оның ішінде: | теңге | |||||
4.1 | инвестициялық бағдарламаға жатқызылған | теңге | |||||
4.2 | тиімділігі үшін сыйақыны ескере отырып | теңге | |||||
5 | Кірістердің барлығы | теңге | |||||
6 | Ұсынылған қызметтердің көлемі | кВтсағ (жылытуға Гкал) | |||||
7 | Тариф (ҚҚС-сыз) | теңге/кВтсағ (жылытуға теңге/Гкал) |
Басшы __________________________________ _________
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ ____________
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
___________жылғы "____"___________