"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолданудың 13, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 37, 38, 39, 40 және 45-тармақтарының, сондай-ақ 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларының қолданылуы 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін тоқтатылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар).
2. Тоқтата тұру кезеңіне:
Қағидалардың 13-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"13. Аумақтық органдар бөлінісінде бөлінген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер Министрліктің интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерде 10 қаңтарға дейін орналастырылады, сондай-ақ аумақтық органдарға берілген рұқсаттардың санын және отандық тасымалдаушылар аумақтық органдарға тапсырған шетелдік рұқсаттардың санын көрсете отырып, берілген шетелдік рұқсаттар туралы деректер Министрліктің интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.";
Қағидалардың 16 және 17-тармақтары мынадай редакцияда қолданылсын:
"16. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін алу үшін аумақтық органдарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не портал арқылы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға өтініш жібереді (бұдан әрі – шетелдік рұқсат беруге өтініш).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Мыналар арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжаттар ұсынылады.
Шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық фактісі анықталған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) порталға:
Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, оның мекенжайы және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.
Отандық тасымалдаушы өтініштегі және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің құжаттарын портал арқылы алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" негізгі талаптарының тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес тексереді".
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
17. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды мынадай:
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған;
2) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде – ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкасы болған;
3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде);
4) шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен шетелдік рұқсаттарды бөлген;
5) отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алым сомасын төлеген;
6) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралына шетелдік рұқсатты пайдалану бойынша фактісі болмаған;
7) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкісін басқа отандық тасымалдаушыға беруі бойынша бұзушылық болмаған жағдайда беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеген жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатпен, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
Қағидалардың 23 және 24-тармақтары мынадай редакцияда қолданылсын:
"23.Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, шетелдік рұқсатты беруге арналған өтінішті қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу (жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда), шетелдік рұқсаттарды пайдаланылған, қайтарылған шетелдік рұқсаттардың мерзімдері, тасымалдаушының автокөлік құралдарының төмендету, арттыру коэффициенттері, белсенділігі, тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалану пайызы бұзыла отырып қайтарылған, жоғалған, қайтарылмаған, тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректер түзетіліп (түзету белгілері (түзету, өшіру іздерінің болуы) қайтарылған, шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкалары алынған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттарды автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Бланкілерді автоматты бөлу жүйесі міндетті техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарына, тахографты мерзімді тексеруден өту мерзімі өткен автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкаларын есепке алмайды.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі – алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.
24. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) аумақтық органға алым сомасының төленгені туралы төлем құжаты келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.";
Қағидалардың 27-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"27. Алынған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушы осы отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкаларында көрсетілген автокөлік құралына, сондай-ақ жаңадан сатып алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап өткізілетін автокөлік құралына пайдаланады.
Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды, айдап өткізілетін автокөлік құралдарынан басқа, пайдалануына жол берілмейді.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру куәлігінің қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған кезде отандық тасымалдаушы алынған шетелдік рұқсаттарды қайта тыйым салынған немесе рұқсат тоқтатыла тұрған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қайтарады.
Шетелдік рұқсат бланкілерін 3 (үшінші) адамға беруге тыйым салынады.";
Қағидалардың 29-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"29. Отандық тасымалдаушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды оларды пайдаланудан тәуелсіз алған сәттен бастап күнтізбелік жүз күннен кешіктірмей, оларды пайдалануына қарамастан, оларды беру орны бойынша аумақтық органға физикалық түрде қайтаруға тиіс. Шетелдік рұқсатты қайтару уәкілетті орган әзірлейтін "Шетелдік рұқсаттарды электрондық қайтару жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес электрондық түрде мүмкін болады.
Отандық тасымалдаушылар пайдаланған шетелдік рұқсаттарды тасымалдаудың орындалғанын растайтын құжаттармен, халықаралық тауар-көлік жүкқұжатының көшірмелерімен және ілеспе хатпен қайтарылған күнін, осы рұқсаттарды қоса бере отырып, шетелдік рұқсаттардың нөмірлерін көрсете отырып, "Шетелдік рұқсаттарды электрондық қайтару жөніндегі нұсқаулықтарды" тапсыру сәтіндегі қолданыстағы талаптарға сәйкес физикалық түрде қайтарады.
Шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар жоғалғаны туралы аумақтық органдарға ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы хабарландырудың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
Аумақтық органға жоғалту туралы хабарламаны ұсыну мерзімі күнтізбелік елу күннен аспауға тиіс.
Елдер мен түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың мәлімделген саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған немесе мерзімі бұзыла отырып қайтарылған, түзетулермен (түзету белгілерімен) қайтарылған шетелдік шешімдердің санына мөлшерлес азаяды (тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректерді түзету белгілері (түзету, өшіру іздерінің болуы).
Оннан астам шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру куәлігінің қолданылуын 12 (он екі) ай мерзімге тоқтата тұрады, бұл туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тасымалдаушыны хабардар етеді.";
Қағидалардың 31-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"31. Аумақтық органдар елдер бөлінісінде берілген, қайтарылған және жоғалған шетелдік рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Қайтарылған шетелдік рұқсаттарды есепке алу АЖ-да жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;
2) отандық тасымалдаушының атауы;
3) рұқсат түрі;
4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;
5) рұқсатты қайтару күні;
6) қайтарылған шетелдік рұқсаттың нөмірі.
АЖ-да қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы деректерді енгізу үшін мәліметтер қарастырылуда.";
Қағидалардың 33 және 34-тармақтары мынадай редакцияда қолданылсын:
"33. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдердің келіп түсуiне қарай АЖ-ні пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.
34. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беру кезінде бланктің тиісті бағандарына рұқсат берген адамның мөрі (мөртаңбасы) және қолы қойылады.
Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.";
Қағидалардың 37, 38, 39 және 40-тармақтары мынадай редакцияда қолданылсын:
"37. Көрсетілетін қызметті алушылар "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға алуға өтінішті (бұдан әрі – күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы аумақтық органдарға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Мыналар арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.
Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық фактісі анықталған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) порталға:
порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
"Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың портал арқылы түскен сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
38. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды мынадай:
1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі болған;
2) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдау кезінде) автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен бөлген;
4) алым сомасының төленген және отандық тасымалдаушыға хабарламаны жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағанына енгізу үшін автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы мәліметті ұсынған кезде беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
39. Көрсетілетін қызметті алушы "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, күнтізбелік бір жыл қолдану мерзіміне жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат беруге өтінішті қарау, сондай-ақ күнтізбелік бір жылға қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу шетелдік рұқсаттардың мерзімдерін бұза отырып пайдаланылатын, жоғалған, қайтарылмаған, қайтарылған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттар бланкілерін автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Бланкілерді автоматты бөлу жүйесімен міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген автобустар, шағын автобустар ескерілмейді.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе осы Қағидалардың "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі – алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.
40. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) аумақтық органға алым сомасының төленгені туралы төлем құжаты келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының кабинетіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.";
Қағидалардың 45-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"45. Отандық тасымалдаушыға күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат берілген кезде бланктің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жүру маршруты жазылады және мөртаңба басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.
Шетелдік рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.";
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес қолданылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Нысаны _____________________________________ (көліктік бақылау органының атауы) Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш ________________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (әрі қарай - ТАӘ) немесе заңды тұлғаның атауы) Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) _______________________________ Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруді сұраймын: Мекенжайы
№ р/с | Ел | Рұқсат түрі | Рұқсат жылы | Рұқсат саны |
Мекенжайы __________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен орғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________________________________________________________________
ТАӘ (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда))
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру". Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Барлық кіші түрлері бойынша порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні; жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсатты немесе жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Барлық кіші түрлері мыналар арқылы: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қағаз түрінде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі – шетелдік рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша порталы арқылы. |
7 | Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы:______________________)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады____________________________________ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) ...
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
__________________________________________ _______________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) ТАӘ (қолы)
Орындаушы. ТАӘ__________________
Телефон___________________________
Алды: __________________________ _________________________
Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ қолы
_____жылғы "___" ______________
Бұйрыққа 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша |
Нысаны _________________________________________________ (көліктік бақылау органының атауы) Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтініш ______________________________________________ (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (әрі қарай - ТАӘ) немесе заңды тұлғаның атауы) Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)_________________________ Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруді сұраймын:
№ р/с | Маршрут | Көлік құралының түрі/(класс) | Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі |
Мекенжайы ____________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен орғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________________________________________________________________
ТАӘ (қолы)
Бұйрыққа 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша |
"Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру". | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Портал арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Көрсетілетін Қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |