БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік реестрінде № 21229 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшасымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22146 болып тіркелген) Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын сақтау.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Дәрілік заттар көтерме саудасы "Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22167 болып тіркелген) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын сақтала отырып жүзеге асырылады.";
16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес айырбастауға және қайтаруға жатпайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Дәріхананың сауда залында, дәріхана пунктінің халыққа қызмет көрсету аймағында сөрелерге дәрігердің рецептінсіз сатылатын дәрілік заттар қойылады.
Сөреге рецепт бойынша босатылуға жататын дәрілік заттарды орналастыруға жол берілмейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Жарамсыз рецептілер "Рецепт жарамсыз" деген мөртабанмен мөрленеді, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және басшының қолымен және дәріхананың, дәріхана пунктінің, жылжымалы дәріханалық пунктінің мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген Дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Дұрыс жазып берілмеген рецепттер туралы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне және тиісті медициналық ұйымның басшысына мәлімет үшін беріледі.";
33-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |