"Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 502-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қазанда № 35316 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін".";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 101 бұйрыққа
қосымша";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Теле, радиоарналарды таратумен байланысты қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында масс-медиа саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші теле-, радиоарнаны тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағымды қарауды лауазымды адам, масс-медиа саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаға беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мониторингі жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 502-НҚ бұйрығына
қосымша
  "Теле-, радиоарналарды тарату
жөніндегі қызметпен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www.egov.kz, www.elicense.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін мөлшерлемелері:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10-ын құрайды. Ақы төлеу екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеуді "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мекенжайлар Министрліктің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.".

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу); осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
телерадио хабарларын тарату желісін (эфирлік, кәбілдік, спутниктік желілер үшін) ұйымдастыру схемасының электрондық көшірмесі (еркін нысанда жасалған);
спутниктік оператор ұсынған спутниктік қабылдау-тарату станцияларының желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспардың электрондық көшірмесі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтары тізбесінің электрондық көшірмесі;
өлшем құралдарын және сынақ жабдықтарын (телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып қызметтер көрсеткен жағдайда сынақ жабдықтарын өлшеу құралдары талап етілмейді) тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын сертификаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін (жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің қызмет түрінің және (немесе) қызметінің кіші түрінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, оның атауы мен мекенжайы, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанындағы заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда құжаттарды ауыстырған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (сұрау салу).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) аталған субъектілер санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
4) масс-медиа саласында қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленбеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты масс-медиа жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген) масс-медиа саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777


О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 2 апреля 2020 года № 101 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в области информации"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 30 октября 2024 года № 502-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 октября 2024 года № 35316

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 2 апреля 2020 года № 101 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в области информации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20296) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила оказания государственной услуги "Выдача лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов".";

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов", утвержденных указанным приказом:

      правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Утверждены приказом
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 2 апреля 2020 года № 101";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Государственная услуга "Выдача лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов" (далее – государственная услуга) оказывается Комитетом информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее – услугодатель).";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Для получения государственной услуги физические и (или) юридические лица осуществляющие деятельность предоставления услуг в области масс-медиа на территории Республики Казахстан (далее – услугополучатель) направляют услугодателю через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – Портал), заявление по форме согласно приложениям 1 и 2, а также документы указанные в Перечне основных требований к оказанию государственной услуги согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

      Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием, регистрацию и передает на исполнение ответственному структурному подразделению. При обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      Сотрудник ответственного структурного подразделения услугодателя в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов, проверяет содержание заявления и полноту представленных документов, а также предоставленную квитанцию на правильность заполнения реквизитов.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность услугополучателя, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, документ подтверждающий оплату услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия сотрудник ответственного структурного подразделения в указанные сроки готовит мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления в форме электронного документа подписанный электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) руководителя или его заместителей уполномоченного органа и направляет заявителю в личный кабинет Портала.

      При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также о времени и месте (способе) проведения заслушивания для предоставления услугополучателю возможности выразить позицию по предварительному решению.

      Услугодатель уведомляет услугополучателя о заслушивании не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления в соответствии с пунктом 1 статьи 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      По результатам заслушивания услугодатель выдает лицензию для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги".";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по основаниям, изложенным в пункте 9 Перечня.

      9. Рассмотрение жалобы на решение, действия (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственной услуги, производится должностным лицом, вышестоящим уполномоченным органом в области масс-медиа, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу) в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуется, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.";

      приложение 4 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      Согласован
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      Согласован
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 30 октября 2024 года
№ 502-НҚ
  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача лицензии
для занятия деятельностью
по распространению
теле-, радиоканалов"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги (наименование государственной услуги) "Выдача лицензии для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов"

1

Наименование услугодателя

Комитет информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявлений и выдача результатов осуществляется посредством веб-портала "электронного правительства": www.egov.kz, www.elicense.kz.

3

Срок оказания государственной услуги

Срок оказания – 13 (тринадцать) рабочих дней.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

Результат оказания государственной услуги – лицензия для занятия деятельностью по распространению теле-, радиоканалов (далее – лицензия), либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги, в случаях и по основаниям, предусмотренными настоящими правилами. На портале результат оказания государственной услуги либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги направляется в "личный кабинет" в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается на платной основе физическим и юридическим лицам. Ставки за оказание государственной услуги в соответствии с пунктом 4 статьи 554 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) составляют:
1) за право занятия видом деятельности по распространению теле-, радиоканалов составляет 6 (шесть) месячных расчетных показателя;
2) за переоформление лицензии – 10 % от ставки при выдаче лицензии. Оплата производится в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, а также через портал оплата может осуществляться через платежный шлюз "электронного правительства".

7

График работы услугодателя и объектов информации

1) портала – круглосуточно за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем);
2) услугодатель - с понедельника по пятницу включительно с 9:00 часов до 18:30 часов, с перерывом на обед с 13:00 часов до 14:30 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан". Адреса оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства: www.mam.gov.kz, в разделе "Государственные услуги".

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) для получения лицензии: заявление (запрос) в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя; форму сведений, указанную в приложении 3 к настоящим Правилам; электронную копию схемы организации оповещения населения в случае чрезвычайных ситуаций (составленная в произвольной форме); электронную копию схемы организации сети телерадиовещания (для эфирной/кабельной/спутниковой сетей) (составленная в произвольной форме); электронную копию трансмиссионного плана, используемого в сети приемо-передающих спутниковых станций, представленных спутниковым оператором (в случае использования каналов спутниковой связи); электронную копию перечня применяемых средств измерений и испытательного оборудования с указанием метрологических характеристик; электронную копию сертификатов, подтверждающих поверку или метрологическую аттестацию средств измерений и испытательного оборудования (в случае предоставления услуг с использованием сети телекоммуникаций наличие средств измерений испытательного оборудования не требуется);
2) для переоформления лицензии (в течение 30 (тридцати) календарных дней с момента замены документов в случаях изменения: наименования вида и (или) подвида деятельности; фамилии, имени, отчества (при его наличии) физического лица; индивидуального предпринимателя, изменении его наименования и адреса; юридического лица в форме слияния, присоединения, выделения или преобразования; наименования и (или) юридического адреса юридического лица): заявление (запрос) о переоформлении лицензии в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя.
Сведения о документах, удостоверяющих личность услугополучателя, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, документ подтверждающий оплату услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) занятие видом деятельности, запрещенной законами Республики Казахстан для данной категории субъектов;
3) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги;
4) не уплачен лицензионный сбор на право занятия деятельностью в области масс-медиа;
5) в отношении услугополучателя имеется вступивший в законную силу решение (приговор) суда, запрещающий ему заниматься деятельностью по распространению теле-, радиоканалов;
6) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
7) не соответствует квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании деятельности в области телерадиовещания и перечня документов, подтверждающих соответствие им, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 29 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10357).

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП. Услугополучатель получает информацию о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на Интернет-ресурсе www.mam.gov.kz, в разделе "Государственные услуги", единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.