"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағы 1-17) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысының 15-тармағы 496-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңы" (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 1-тармағы 1-17) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысының 15-тармағы 496-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік нышандардың бірыңғай жүйесін сақтау мақсатында өңірлік нышан жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Жобаны әзірлеу Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қалаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған әдістемелік- консультативтік-кеңесші орган.
2-тарау. Өңірлік нышан жобасын әзірлеу тәртібі
4. Жобаны әзірлеу мынадай:
қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту;
геральдикалық белгілерді сақтау;
өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.
5. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
6. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:
1) жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;
2) жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;
3) жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
4) жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді
7. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.
8. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.
9. Жобаны әзірлеуге арналған конкурс (бұдан әрі – конкурс) мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастыруы;
2) конкурсқа қатысу үшін өтініштерді ұсыну;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жобаларды осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкестігін қарауы;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тұрғындары арасында жобалар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу;
5) Сараптамалық кеңестің жобаларды қарауы;
6) Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес мәслихаттың жобаны бекітуі.
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында конкурс аяқталғанға дейін 3 (үш) айдан кешіктірілмей орналастырылады.
11. Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының өтініштерді қарау мерзімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Конкурсқа ұсынылған жобалар Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін, мәдени, туристік, тарихи, географиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып іріктеледі.
13. Жоба осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартады.
Өтінім берушіге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешімі бар хабарлама оған қол қойылғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы алдын ала шешімге өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қарсылық береді.
14. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мерзімі аяқталғаннан күннен бастап осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келетін жобалар бойынша 1 (бір) ай көлемінде қоғамдық талқылаулар өткізеді.
15. Қоғамдық талқылауларды өткізу күні, уақыты және орны туралы ақпарат облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырылады.
Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді.
16. Қоғамдық талқылау аяқталған күннен бастап ең көп дауыс жинаған жобалар 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде Сараптамалық кеңестің отырысында қаралады.
Сараптамалық кеңестің қорытындысы хаттамамен ресімделеді.
17. Оң қорытынды алған жобалар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының шешімімен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бекітіледі.
18. Өңірлік нышанды:
1) жергiлiктi деңгейдегi мәдени, бұқаралық, спорттық, ағарту, рухани iс-шараларда;
2) тауар таңбаларында, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің эмблемаларында (рәміздерінде), киім-кешектерде (арнайы және спорттық киімдерде);
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрметті азаматтарына берілетін, мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттарға, құттықтаулар мен кәдесый заттарға пайдалануға рұқсат етіледі.