БҰЙЫРАМЫН:
1. "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 151 және 152-жолдармен толықтырылсын:
"
151. | 2510100000 | табиғи кальций фосфаттары, табиғи алюминий-кальций фосфаттары және фосфат боры: ұнтақталмаған |
152. | 2510200000 | табиғи кальций фосфаттары, табиғи алюминий-кальций фосфаттары және фосфат боры: ұнтақталған |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі