БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30920 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына:
4-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
__________Н. Байбазаров |
Министрдің міндетін атқарушы | __________Д. Ахмед-заки |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде, білім беру жүйесінің субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
№ | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi | |
1-шарты / мәні | 2-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | |||||
1. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын білім алушылардың болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 50 | 1 және одан көп білім алушы | 1-ден кем білім алушы |
0% | 100% | ||||
2. | ЖЖОКБҰ-да оқу және (немесе) ғылыми қызметке кемінде бір академиялық кезеңге тартылған шетелдік ғалымдардың болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 50 | 1 және одан көп ғалым | 1-ден кем ғалым |
0% | 100% | ||||
3. | ЖЖОКБҰ-ға шартты түрде қабылданған бірінші курс студенттерінің үлесі ағымдағы оқу жылына жалпы қабылдау контингентінен 10%-дан көп болуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 50 | 10%-дан кем | 10%- және одан көп |
0% | 100% | ||||
4. | Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу нәтижелері бойынша теріс шешімі | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 0 факт | 1 факт |
0% | 100% | ||||
5. | Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған соңғы 30 жыл ішінде берілген жоғары білім туралы құжаттардың жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасының (мұрағатының) болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 50 | бар болуы | жоқ болуы |
0% | 100% | ||||
6. | ЖЖОКБҰ білім беру қызметінің ғылым және жоғары білім саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкессіздіктері анықталған мониторинг нәтижесі | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | сәйкессіздіктер жоқ | сәйкессіздіктер бар |
0% | 100% | ||||
Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін | |||||
1. | ЖЖОКБҰ-да мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік–конструкторлық жұмыстардың, ғылыми-техникалық бағдарламалардың/іргелі /қолданбалы зерттеулер бойынша жобалардың болмауы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 және одан көп | 1-ден кем |
0% | 100% | ||||
2. | Республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ-да бюджеттен тыс қаржыландыру есебінен кемінде 1450 айлық есептік көрсеткіш қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, ғылыми-техникалық бағдарламалардың/іргелі /қолданбалы зерттеулер бойынша жобалардың болмауы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 1 және одан көп | 1-ден кем |
0% | 100% | ||||
3. | Оқытуды басқарудың ақпараттық жүйесінің, оның ішінде веб-сайтты, білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, цифрлық білім беру ресурстарының жиынтығын, электронды кітапхананы, сондай-ақ тестілеу жүйесіне және ашық электронды ресурстарға қолжетімділікті қамтитын оқытуды басқару платформасының болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | бар болуы | жоқ болуы |
0% | 100% | ||||
4. | ЖЖОКБҰ докторанттарының қорғау үлесі оқу орнын бітіргеннен кейін екі жыл ішінде түлектердің жалпы санынан 40%-дан аз болуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 25 | 40% және одан көп | 40%-дан кем |
0% | 100% | ||||
5. | "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу мерзімдерін бұзу | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 0 факт | 1 факт |
0% | 100% | ||||
6. | Кадрларды даярлаудың бір бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша беруден уәжді бас тарту және (немесе) алдын ала бас тартудың 3-тен көп болуы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 100 | 3-тен кем бас тарту | 3 және одан көп бас тарту |
0% | 100% | ||||
7. | Кадрларды даярлаудың бір бағыты шеңберінде білім беру бағдарламаларын сараптаудың теріс нәтижелерінің 3-тен көп болуы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 50 | 3-тен кем | 3 және одан көп |
0% | 100% | ||||
8. | Білім беру бағдарламаларының тізілімінен ерікті түрде бас тартуды қоспағанда, дайындықтың бір бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын шығарудың 3-тен көп болуы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 50 | 3-тен кем | 3 және одан көп |
0% | 100% | ||||
9. | ЖЖОКБҰ-ның барлық өтінімдері бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс қорытындысы бойынша комиссияның теріс қорытындысы | Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 25 | теріс қорытындының болмауы | теріс қорытындының бар болуы |
0% | 100% | ||||
10. | ЖЖОКБҰ-да оқуды аяқтайтын білім алушылары бар білім беру бағдарламаларын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшасы бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім алушыларды қабылдаудың болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | 1 және одан көп білім алушы | 1-ден кем білім алушы |
0% | 100% | ||||
11. | ЖЖОКБҰ-да 4 жылдан кем жаңадан ашылған білім беру бағдарламаларын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшасы бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша бітірудің болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | 1 және одан көп | 1-ден кем |
0% | 100% | ||||
12. | ЖЖОКБҰ-да кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша профессор-оқытушылар құрамының дәрежелілігі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | 0 факт | 1 факт |
0% | 100% | ||||
13. | Санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес келетін мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | тұру үшін жағдайлардың бар болуы | тұру үшін жағдайлардың жоқ болуы |
0% | 100% | ||||
14. | ЖЖОКБҰ-ны компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базамен, кадрларды даярлау бағытына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықпен қамтамасыз етпеу | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | қамтамасыз етілген | қамтамасыз етілмеген |
0% | 100% | ||||
15. | Бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | бар болуы | жоқ болуы |
0% | 100% | ||||
0% | 100% | ||||
0% | 100% | ||||
16. | Республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ-ның бюджетінен (ғылыми жобаларды негізгі, бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру және коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландырудан басқа) профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бөлінетін қаражаттың үлесі жыл сайын 0,2%-дан кем болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | 0,2% және одан көп | 0,2%-дан кем |
0% | 100% | ||||
17. | ЖЖОКБҰ бюджетінен оқу, зертханалық базаларды жаңартуға жыл сайын бөлінетін қаражаттың үлесі 3%-дан кем болуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | 3% және одан көп | 3%-дан кем |
0% | 100% | ||||
18. | Басшылыққа арналған бағалауды бөлу кестесіне сәйкес академиялық кезеңдегі бағалардың жалпы санына қатысты "А" және "А–" бағаларының пайызы жазғы семестрді қоспағанда 20%-дан көп болуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 25 | 20%-дан кем | 20% және одан көп |
0% | 100% | ||||
19. | Аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан ЖЖОКБҰ-да толық оқу циклі бар шет елдік білім алушылардың жалпы білім алушылардың контингентінен 2%-дан кем болмауы, басқа өңірлердегі ЖЖОКБҰ-да 1%-дан кем болмауы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 25 | бар болуы | жоқ болуы |
0% | 100% | ||||
20. | ЖЖОКБҰ-да бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша оқудың әр жылындағы шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстырылған және қалпына келтірілген білім алушылардың үлесі білім алушылардың әрбір оқу жылының орташа жылдық контингентінен 30%-дан көп болуы. | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы | 100 | 30%-дан кем | 30%- және одан көп |
0% | 100% |