БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру мерзімі жылына күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз жүретін маршруттарды, сондай-ақ жүзеге асыру мерзімін тендерді ұйымдастырушы бес жылдан жиырма жылға дейін айқындайтын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және қалааралық қатынастар бойынша тасымалдауды қоспағанда, жиырма жылға айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |