Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 қарашада № 35392 болып тіркелді

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ғылыми әдептің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 529 Бұйрықпен
бекітілген

Ғылыми әдептің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ғылыми әдептің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар қоғамның ғылым мен технологияға деген сенімін қамтамасыз етеді және оның әлеуметтік прогресс пен тұрақты даму мүдделеріндегі рөлін арттырады.

      3. Қағидалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) биоэтика – өмір туралы ғылымның жаңа жетістіктерін қолданудың моральдық, әлеуметтік, құқықтық аспектілерін талдау мақсатында биомедициналық және гуманитарлық ғылымдарды біріктіретін пәнаралық ғылыми бағыт;

      2) ғылыми әдеп – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұстанатын әдеп қағидаттарының, қағидалары мен нормаларының жиынтығы;

      3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Ғылыми әдептің негізгі қағидаттары

      5. Ғылыми әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) шынайылық және адалдық;

      2) жауапты жоспарлау және зерттеу жүргізу;

      3) әділдік;

      4) объективтілік;

      5) кәсіпқойлық;

      6) құпиялылық;

      7) әлеуметтік дербестік;

      8) қоғаммен қарым-қатынас;

      9) заңнаманы сақтау;

      10) ғылыми әдеп саласындағы өзін-өзі жетілдіру.

3-тарау. Ғылыми әдептің негізгі нормалары

      6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері:

      1) ғылыми зерттеулерді жоспарлау, орындау және бағалау процесінде ғылыми қоғамдастық сенімсіз деп таныған әдістерді қолданбайды;

      2) зерттеу әдіснамасы жазылады және толық, шынайы және объективті түрде ұсынады;

      3) зерттеу процесінде қателерді азайтады, оның ішінде оларды қайталау және статистикалық әдістерді қолдану бойынша шаралар қабылдайды;

      4) ғылыми зерттеулерді жоспарлау, орындау және бағалау процесінде ғылыми қоғамдастық анық емес деп таныған әдістерді қолданбайды;

      5) қателерді және (немесе) белгісіздіктерді ескере отырып, зерттеу нәтижелерін дәл ұсынады, қате түсіндірілуі мүмкін мәлімдемелерді пайдаланбайды;

      6) зерттеу барысында, оның ішінде статистикалық әдістерді қайталау және пайдалану арқылы қателерді азайту жөнінде шаралар қабылдайды;

      7) мәлімдеме гипотеза, ішінара немесе толық дәлелденген ереже екенін көрсетеді;

      8) зерттеу нәтижелерін жариялау үшін сапалы рецензияланған ғылыми басылымдарды таңдайды, қолжазбаларды тиісті рецензиялаусыз қабылдайтын басылымдарға жүгінбейді;

      9) рецензиялау процесіне адал қатысады, жұмыстарға сындарлы, объективті және бейтарап баға береді;

      10) келтірілген гипотезалардың, идеялардың, мәтіндердің, суреттердің және ғылыми нәтижелердің авторы кім екені түсінікті болатындай түпнұсқа дереккөздерді келтіреді;

      11) бұрын орындалған зерттеулерді және жарияланған нәтижелерді жаңа зерттеулер ретінде ұсынбайды;

      12) дәйексөздер санын және ғылымиметриялық көрсеткіштерді ұлғайтудың этикалық емес практикасын пайдаланбайды;

      13) мәтінді, идеяларды, гипотезаларды, қорытындыларды, әдістерді, зерттеу нәтижелерін, графиктерді, кодтарды, суреттер мен авторлардың туындыларын авторға және қарыз алу көзіне сілтеме жасамай пайдалануға және беруге, сондай-ақ басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды, ойдан шығаруды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей сөздер мен өрнектерді синонимдік ауыстыра отырып, авторлардың мәтінін пайдалануға жол бермейді және бұрмалау;

      14) өз жарияланымдарында зерттеушілерге және (немесе) қоғамға зиян келтіруі мүмкін қателер анықталған кезде оларды түзету немесе кері қайтарып алу жөнінде шаралар қолданады;

      15) қатысушыларға қатысты зерттеулер жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидалары мен әдеп нормаларын сақтайды;

      16) биометика жөніндегі комиссияның оң қорытындысы болған кезде биомедициналық зерттеулер жүргізеді;

      17) зерттеуге қатысушылардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді, олардан ақпараттандырылған келісім алады;

      18) шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни нанымына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әрбір ұлттық мәдениеттің және азаматтардың ерекшеліктеріне, құндылықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарайды;

      19) авторлықты әділ бөлуді және зерттеуге қатысушылардың үлесін тануды қамтамасыз етеді;

      20) әріптестер мен зерттеушілерді кемсітуге және қудалауға жол бермейді;

      21) ғылыми зерттеулер жүргізу және деректерді түсіндіру кезінде объективтілік пен бейтараптыққа ұмтылады;

      22) жеке мүдделердің зерттеу нәтижелеріне біржақтылығы мен ықпалына жол бермейді;

      23) мүдделер қақтығысы болған кезде зерттеуге қатысушылар мен мүдделі тұлғаларды хабардар етеді, сондай-ақ оны реттеу үшін этикалық комиссияға жүгінеді;

      24) ғылыми кеңестер, комиссиялар мүшелерінің, сарапшылар мен рецензенттердің объективтілігіне ықпал етуге қабілетті іс-әрекеттерге жол бермейді;

      25) зерттеушілерді объективті және негізді түрде сынайды, мұны құрметпен, қорлаусыз және қадір-қасиетін қорлаусыз білдіреді;

      26) зерттеу барысында алынған құпия ақпаратты таратпайды;

      27) зерттеуге қатысушылардың дербес деректерін олардың келісімінсіз жинамайды және өңдемейді;

      28) зерттеу жүргізу кезінде дербес деректерді қорғауды және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;

      29) қоғамның игілігіне және оның орнықты дамуына ұмтылады;

      30) ғылым мен технологияларды, ғылыми әдісті, зерттеу әдістерін танымал етуге және ғылыми білімді таратуға қатысады;

      31) қоғамның игілігі үшін ғылым мен технологияларды дамытуға жәрдемдеседі;

      32) ғылыми жұмыстарды жоспарлау кезінде қоғамның сұраныстарын ескереді;

      33) ғылым және технология мәселелері бойынша жұртшылықпен диалогқа қатысады;

      34) Қазақстан Республикасының және зерттеулер жүргізілетін елдердің аумағында заңнамасын сақтайды;

      35) өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге және этикалық қағидаттарды дамытуға ұмтылады;

      36) күрделі этикалық жағдайларда сындарлы шешімдер табады.

      7. Жеке тұлғалар болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері:

      1) сынға, өз жұмыстарын сындарлы талқылауға және баламалы көзқарастарға ашық;

      2) өз зерттеулерінің қоғам мен қоршаған орта үшін әлеуетті салдарын ұғынады;

      3) жұмысты кәсіби құзыреттілікпен, тиімділікпен және нәтижелілікпен орындайды, кәсібиліктің жоғары деңгейіне ұмтылады;

      4) өздерінің кәсіби құзыретінің жоғары деңгейін қолдайды, өздерінің білімдері мен дағдыларын жетілдіреді;

      5) әріптестеріне сыпайылықпен қарайды, адамгершілік қағидаттарын, адалдықтың, әдептілік пен әділдіктің жоғары стандарттарын ұстанады.

      8. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет шеңберіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын кезде Қағидаларды ұстанады.

Об утверждении типовых правил научной этики

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 ноября 2024 года № 529. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2024 года № 35392

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике" и подпунктом 177-24) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые типовые правила научной этики.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 20 ноября 2024 года № 529

Типовые правила научной этики

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие типовые правила научной этики (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 25) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике" и подпунктом 177-24) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580.

      2. Правила обеспечивают доверие общества к науке и технологий и повышает ее роль в интересах социального прогресса и устойчивого развития.

      3. Правила распространяются на субъекты научной и (или) научно-технической деятельности.

      4. В Правилах используются следующие понятия:

      1) биоэтика – междисциплинарное научное направление, объединяющее биомедицинские и гуманитарные науки с целью анализа моральных, социальных, правовых аспектов применения новейших достижений наук о жизни;

      2) научная этика – совокупность принципов, правил и норм этики, которых придерживаются субъекты научной и (или) научно-технической деятельности;

      3) субъекты научной и (или) научно-технической деятельности – физические и юридические лица, осуществляющие научную и (или) научно-техническую деятельность.

Глава 2. Основные принципы научной этики

      5. Основными принципами научной этики являются:

      1) честность и добросовестность;

      2) ответственное планирование и проведение исследований;

      3) справедливость;

      4) объективность;

      5) профессионализм;

      6) конфиденциальность;

      7) социальная самостоятельность;

      8) взаимоотношения с общественностью;

      9) соблюдение законодательства;

      10) самосовершенствование в области научной этики.

Глава 3. Основные нормы научной этики

      6. Субъекты научной и (или) научно-технической деятельности:

      1) не применяют методы в процессе планирования, выполнения и оценки научных исследований, признанные научным сообществом недостоверными;

      2) записывают методологию исследований и представляют полно, честно и объективно;

      3) в процессе исследований предпринимают меры по минимизации ошибок, в том числе с использованием их повторения и статистических методов;

      4) в процессе планирования, выполнения и оценки научных исследований не применяют методы, признанные научным сообществом недостоверными;

      5) представляют результаты исследований точно, с учетом погрешностей и (или) неопределенностей, не используют утверждения, которые могут быть неверно истолкованы;

      6) предпринимают меры по минимизации ошибок в ходе исследований, в том числе через повторение и использование статистических методов;

      7) указывают, является ли утверждение гипотезой, частично или полностью доказанным положением;

      8) выбирают научные издания с качественным рецензированием для публикации результатов исследований, избегают изданий, которые принимают рукописи без надлежащего рецензирования;

      9) добросовестно участвуют в процессе рецензирования, предоставляют конструктивную, объективную и непредвзятую оценку работ;

      10) цитируют оригинальные источники так, чтобы было понятно, кто является автором приведенных гипотез, идей, текстов, изображений и научных результатов;

      11) не представляют ранее выполненные исследования и опубликованные результаты в качестве новых;

      12) не используют неэтичные практики увеличения количества цитирований и наукометрических показателей;

      13) не допускают использование и присваивание текста, идей, гипотез, выводов, методов, результатов исследований, графиков, кодов, картинок и работ авторов без ссылки на автора и источник заимствования, а также использование текста авторов с синонимической заменой слов и выражений без изменения смысла, включая использование текста переведенного с другого языка, фабрикацию и фальсификацию;

      14) при выявлении ошибок в своих публикациях, которые могут нанести ущерб исследователям и (или) обществу, принимают меры по их исправлению или отзыву;

      15) соблюдают правила безопасности и этические нормы при проведении исследований в отношении участников;

      16) проводят биомедицинские исследования при наличии положительного заключения комиссии по биоэтике;

      17) обеспечивают безопасность и достоинство участников исследования, получают от них информированное согласие;

      18) уважительно относятся к особенностям, ценностям и достоинству каждой национальной культуры и граждан независимо от их происхождения, социального положения, пола, расы, национальности, языка, религиозных убеждений или любых иных обстоятельств;

      19) обеспечивают справедливое распределение авторства и признание вклада участников исследования;

      20) не допускают дискриминацию и преследование коллег и исследователей;

      21) стремятся к объективности и беспристрастности при проведении научных исследований и интерпретации данных;

      22) не допускают предвзятость и влияние личных интересов на результаты исследований;

      23) при наличии конфликта интересов информируют участников исследования и заинтересованных лиц, а также обращаются в этическую комиссию для его урегулирования;

      24) не допускают действий, способных повлиять на объективность членов научных советов, комиссий, экспертов и рецензентов;

      25) критикуют исследователей объективно и обоснованно, выражают это в уважительной форме, без оскорблений и унижения достоинства;

      26) не распространяют конфиденциальную информацию, полученную в ходе исследования;

      27) не собирают и не обрабатывают персональные данные участников исследований без их согласия;

      28) обеспечивают защиту персональных данных и соблюдение Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" при проведении исследований;

      29) стремятся к благу общества и его устойчивому развитию;

      30) участвуют в популяризации науки и технологий, научного метода, методов исследования и в распространении научных знаний;

      31) содействуют развитию науки и технологий на благо общества;

      32) учитывают запросы общества при планировании научных работ;

      33) участвуют в диалоге с общественностью по вопросам науки и технологий;

      34) соблюдают законодательство Республики Казахстан и стран, на территории которых проводятся исследования;

      35) стремятся к непрерывному самосовершенствованию и развитию этических принципов;

      36) в сложных этических ситуациях находят конструктивные решения.

      7. Субъекты научной и (или) научно-технической деятельности, являющиеся физическими лицами:

      1) открыты для критики, конструктивного обсуждения своих работ и альтернативных точек зрения;

      2) осознают потенциальные последствия своих исследований для общества и окружающей среды;

      3) выполняют работу с профессиональной компетентностью, эффективностью и результативностью, стремятся к высшему уровню профессионализма;

      4) поддерживают высокий уровень собственной профессиональной компетенции, совершенствуют свои знания и навыки;

      5) относятся к коллегам с вежливостью, придерживаются принципов морали, высоких стандартов честности, порядочности и справедливости.

      8. Субъекты научной и (или) научно-технической деятельности придерживаются Правил при реализации научных, научно-технических проектов и программ в рамках научной и (или) научно-технической деятельности.