"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21239 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Хатшылығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұрйықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы |
А. Сабиров |