"Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 35438 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.

      Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударылады.

      Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.

      Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған жағдайда жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуге тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейін құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз процент) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.

      Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.

      Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидия қаражатын алғаннан кейін не Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда немесе тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте купондық сыйақыны субсидиялауға қаражат болған кезде купондық сыйақының 100% (жүз процент) мөлшерінде субсидиялар көзделген жалпы сомаға қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша қарыз алушыларға жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит береді.

      Көрсетілген қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен:

      2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;

      көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 "Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям"

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 декабря 2024 года № 392. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 декабря 2024 года № 35438

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 "Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19753) следующее изменение:

      в Правилах субсидирования купонного вознаграждения по облигациям, утвержденных указанным приказом:

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Рабочий орган за 10 (десять) рабочих дней до даты начала купонных выплат по облигационному займу, перечисляет платежом на банковский счет эмитента, являющегося оператором по зерновому рынку, субсидируемую часть купонного вознаграждения, согласно заключенному соглашению.

      При этом, перечисление субсидий по купонному вознаграждению, начисляемому по облигациям оператора по зерновому рынку в отчетном году, осуществляется не позднее 30 января отчетного года авансовым платежом на банковский счет эмитента в пределах средств, предусмотренных в бюджете на соответствующий финансовый год.

      В случае оплаты эмитентом, в том числе являющегося оператором по зерновому рынку, купонного вознаграждения по облигациям за счет собственных средств, рабочий орган возмещает эмитенту ранее оплаченную часть купонного вознаграждения по облигациям путем перечисления суммы субсидируемой части купонного вознаграждения на банковский счет эмитента.

      Рабочий орган при наличии средств субсидий перечисляет авансовым платежом 100 % (сто процентов) купонного вознаграждения по облигациям, срок выпуска которых составляет до 18 (восемнадцать) месяцев включительно, на банковский счет эмитента, в том числе являющегося оператором по зерновому рынку, подлежащего уплате по облигациям, согласно заключенному соглашению.

      Допускается погашение эмитентом купонного вознаграждения по облигациям авансом.

      Эмитент, за исключением оператора по зерновому рынку, после получения средств субсидий, либо при наличии постановления Правительства Республики Казахстан о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан, либо при наличии в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год средств на субсидирование купонного вознаграждения, производит кредитование заемщиков по льготной ставке вознаграждения по финансированию за счет краткосрочных/среднесрочных облигаций путем заключения договоров займа на общую сумму, на которую предусмотрены субсидии в размере 100 % (сто процентов) купонного вознаграждения.

      За счет указанных краткосрочных/среднесрочных облигаций допускается:

      замещение ранее выданных кредитных средств на проведение весенне-полевых и уборочных работ по договорам займа, заключенным с 1 ноября 2023 года;

      рефинансирование обязательств заемщиков банков второго уровня, социально-предпринимательских корпораций, региональных инвестиционных центров и микрофинансовых организаций по договорам займа, заключенным с 1 ноября 2023 года на проведение весенне-полевых и уборочных работ.".

      2. Департаменту финансовых инструментов и микрокредитования Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Султанов

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан