БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамалары органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
396-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"396. Денсаулыққа зиян ауырлығының сараптамасы кезінде сарапшының қорытындысында:
медициналық тұрғыдан денсаулыққа зиянның объективтік белгілері (көгерген жер, қанталау, жара, сүйектің сынуы және басқалары), олардың оқшаулануы мен қасиеттері;
жарақаттайтын заттың (заттардың) із қалдыратын бөліктерінің сипаттамасы;
пайда болу тетігі;
зиян келтіру мерзімінің өтуі (мерзімі);
саралау белгісін көрсете отырып, денсаулыққа келтірілген зиян көрсетіледі.
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенцияда (бұдан әрі – Конвенция) көзделген жәбірленушілерге қатысты іс-әрекеттер қолданылуын куәландыратын белгілер болған кезде (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңында ратификацияланған) (дене жарақаттарын фототіркеу жүргізіледі";
452-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"452. Сот-психиатриялық сараптама жүргізу кезінде, егер қаулыда, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуда көрсетілген бір мәселе бойынша сот сарапшылары қорытынды береді, ал басқалары бойынша қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлама жасау үшін негіздер болса, олар бірыңғай құжат уақытша психикалық бұзылудан шыққанға дейін емдеу жүргізу және сараптамалық мәселелерді шешу үшін кейіннен сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы ұсыныныммен сарапшысының қорытындысын жасайды.
Сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін алдыңғы сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары, Конвенцияда көзделген іс-әрекеттерді жасау фактісі бойынша медициналық құжаттар ұсынылады".
5-тарау мынадай мазмұндағы 69-параграфпен толықтырылсын:
"69-параграф. Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу (31.1)
466. Дараландыру құралдарының сот-сараптамалық зерттеу нысанасы дараландыру құралдары болып табылатын, сондай-ақ тіркеуге мәлімделген не пайдаланылатын көрнекі белгілеулердің бірдейліктің және (немесе) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастықтың болуын (болмауын) айқындауға байланысты міндеттерді шешу кезінде арнайы ғылыми білімдер негізінде белгіленетін нақты деректер болып табылады.
467. Сот-сараптамалық зерттеу объектілері:
тауар белгілері, географиялық көрсеткіштер, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары болып табылатын, сондай-ақ тауар белгілері ретінде тіркеуге мәлімделген не тіркеусіз пайдаланылатын, материалдық жеткізгіштерде ұсынылған көрнекі белгілеулер (көрнекі белгілеулер деп бұл жағдайда көрнекі нысанда біржақты ұсынылуы мүмкін белгі көзделеді);
тіркелген тауар белгілері үшін – Қазақстан Республикасының тауар белгілеріне қорғау құжаттары (Қазақстан Республикасының Тауар белгілеріне арналған куәліктері); Халықаралық тіркеу рәсімі бойынша тауар таңбасы қорғалған жағдайда, Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттамаға сәйкес Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының тауар таңбасын тіркеу туралы сертификатының көшірмелері қажет (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңымен ратификацияланған) және Қазақстан Республикасының аумағында күзет берілгенін растайтын, қазақ және/немесе орыс тілдеріне аударылған MadridMonitor-а үзінді көшірмелері;
жоғарыда көрсетілген белгілердің сипаттамаларын қалыптастыратын факторлар туралы ақпаратты қамтитын іс материалдары;
сот сараптамасының нысанасына жататын істің өзге де материалдары бола алады.
468. Сот-сараптамалық зерттеудің міндеті дараландыру құралдары болып табылатын, сондай-ақ тіркеуге мәлімделген не тіркеусіз пайдаланылатын көрнекі белгілеулердің бірдейліктің және (немесе) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастықтың болуын (болмауын) анықтау жөніндегі сәйкестендіру болып табылады.
469. Сот-сараптамалық зерттеу шеңберінде шешілетін үлгілік мәселелер:
Белгінің (нақтылау) Қазақстан Республикасында тіркелген және халықаралық шарттардың күшімен қорғалатын тауар белгісімен (нақтылау) бірдейлігі (айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастығы) бар ма;
Белгінің (нақтылау) Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен жалпыға белгілі деп танылған тауарды, көрсетілетін қызметті белгісімен (нақтылау) бірдейлігі (айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастығы) бар ма;
Белгінің (нақтылау) тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгісімен (нақтылау) бірдейлігі (айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастығы) бар ма;
Белгінің (нақтылау) Қазақстан Республикасында қорғалатын тауарлар шығарылған жердің атауымен географиялық көрсеткішімен (нақтылау) бірдейлігі (айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастығы) бар ма;
Белгілеудің (нақтылау) тіркеусіз қолданылатын белгісімен (нақтылау) бірдейлігі (айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастығы) бар ма;
Белгінің құрамдас бөлігі (нақтылау) басым болып табыла ма.
Сот сарапшысының алдына жоғарыда көрсетілген белгілердің сәйкестігін (айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастықты) белгілерін анықтауға ғана қатысты сұрақтар қойылуы мүмкін.
Іс үшін маңызы бар және сарапшының құзыретіне жататын өзге де мәселелер.
Сот сараптамасының рұқсатына құқықтық немесе анықтамалық сипаттағы дараландыру құралдарын сақтау немесе қорғау саласына қатысты сұрақтар қойыла алмайды.
470. Зерттеу объектілері ретінде ұсынылатын белгілерге қойылатын негізгі талаптар төмендегілерге жинақталады:
жалпы талаптар:
зерттеуге жататын белгілер олар мәлімделген немесе қорғалатын түрде ғана ұсынылады;
көшірме техникасының құралдарымен репродукциялау үшін белгілердің суреттері анық, қарама-қайшы, жарамды болуы тиіс;
белгілердің материалдық тасымалдағыштары және белгілердің ерекше түрлері, егер олар 20х20 сантиметрден аспаса, толық көлемде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген мөлшерден асып кеткен жағдайда кескін кішірейтілген түрде ұсынылады.
белгі түрлерімен айқындалатын арнайы талаптар:
көлемдік белгілерді зерттеу үшін осы белгінің жалпы түрінің бейнесінен басқа (схемалық, фотографиялық немесе компьютерлік техника құралдарын пайдалана отырып графикалық редакторда орындалған), мәлімделген белгі туралы түсініктің толықтығын және (немесе) оның ауызша сипаттамасын қамтамасыз ететін бұрыштарда көлемдік белгінің әртүрлі түрлерінің бейнелері ұсынылады. Сонымен қатар, мәлімделген белгінің барлық қажетті проекцияларының бейнелері (осы белгінің жалпы көрінісімен бірдей) қосымша ұсынылады, олар белгіні көлемді деп сипаттайды және осы белгінің әртүрлі түрлері туралы толық түсінік береді;
голографиялық белгілерді зерттеу үшін әртүрлі бағыттардан, атап айтқанда перпендикуляр және перпендикуляр бағыттан жоғары және төмен бұрышта белгінің (суреттердің байқалатын шағылыстары, жарықтылық пен контрасттың өзгеруі) жалпы голографиялық әсерін анық көрсететін бірнеше кескіндер қоса беріледі. Егер голографиялық белгіде объектілердің бейнесі өзгерсе, онда әр объектінің бейнесі ұсынылады;
қозғалмалы белгілерді зерттеу үшін оларды ұсынудың негізгі шарты олардың элементтерінің қозғалыс кезеңдерін дәл көрсету болып табылады. Қозғалатын белгінің көрінісі қозғалыстың графикалық көрінісін қамтуы керек. Мұндай белгілер цифрлық ақпарат тасығышта бейнежазба форматында және (немесе) осы белгінің басып шығарылған кадрларға бөлініп ойнатылуы түрінде ұсынылады. Бұл ретте бейнежазба кескін өзгерістерінің саны, сипаты, қарқындылығы мен реттілігі туралы толық және нақты түсінік беруі керек. Кадрларға бөлінген суреттер өзгеретін кескіндердің нақты санын және оларды ойнату ретін көрсетуі керек. Сонымен қатар, белгінің мәтіндік сипаттамасы қоса беріледі. Бұл белгіні көрсетудің жалғыз әдісі болмауы керек, тек суреттер сериясына немесе жазбаларға қосымша болуы мүмкін. Мәтіндік сүйемелдеу суреттердің хронологиялық тәртібінің сипаттамасын, қозғалыс ұзақтығын, бағыты мен жиілігін, сондай-ақ өтініш беруші көрсетуі қажет деп санайтын кез келген басқа деректерді қамтуы мүмкін;
позициялық белгілерді зерттеу үшін оның тауардағы орнын көрсететін белгінің бір түрінен тұратын кескіндер ұсынылады. Сонымен қатар, өнімнің өзі нүктелі сызықтармен көрсетілген схемалық кескін түрінде ұсынылады;
түс белгілерін зерттеу үшін нақты түс болып табылатын белгілер, контурсыз екі түстің тіркесімі беріледі. Әрбір түстің сипаттамасы 2020 жылғы 3 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және шығарылған жерлерінің атаулары туралы шартқа Нұсқаулыққа сәйкес тиісті түс кодын көрсету арқылы түстерді жіктеудің халықаралық жүйесіне қатаң сәйкес келуі тиіс. Белгілеудің түсін (түс үйлесімділігін) көрсеткен кезде Cyan, Magenta, Yellow, Key color (түс қалыптастырудың субтрактивті схемасы, басып шығарылған кескін пайда болатын түс моделі – CMYK атауы қысқартылған) түс моделінде түс атауы немесе коды (түс үйлесімдігі) беріледі; немесе red, green, blue (бейімделген) түс моделінде үш түсті пайдаланып түсті кодтау әдісін сипаттайтын түс моделі, қысқартылған атауы – RGB). Белгілеудің атауы немесе түс коды (түс үйлесімдігі) белгілеуде қолданылатын түстерге сәйкес келуі тиіс;
жарық белгілерін зерттеу үшін белгілердің жалпы түрі және олардың ерекшеліктерін көрсете отырып, жарық әсерлерінің сипаттамасы беріледі".
2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |